27 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қапшағайда 19 жастағы сарбаздың өліміне қатысты сот шешімі дау туғызды

15 сентябрь 2020, 17:15
Қапшағайда 19 жастағы сарбаздың өліміне қатысты сот шешімі дау туғызды
Алматы облысында суицидке барған 19 жастағы сарбаздың өліміне кінәлі деп танылған командир 6 жылға сотталып кетті. Алайда сотталушының анасы да, қайтыс болған сарбаздың әкесі де сот үкімімен келіспейді. Тараптар тергеу әділ жүргізілмеді, №65476 әскери бөлімнің басшылары істі жасырып отыр деп санайды, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.

Қайғылы оқиға 1 наурызда болған. Әскери бөлімде бөшкедегі жуынатын суды қатардағы сарбаз Дмитрий Ганчилевский күндіз "байқамай" төгіп тастаған. Сол түні әскери бөлімге жауапты командир Әлібек Ағыбаев ұйқыдағы Дмитрийді оятып, түсініктеме алған көрінеді. Ақмола облысынан Қапшағай қаласына әскерге шақырылған сарбаз сол түні суицид жасайды.

"2020 жылдың 1 наурызында Дмитрий Ганчилевский мұнарадан секіріп қайтыс болды. Бұған тек менің баламды кінәлі деп отыр, дәлелсіз. Қасындағы екі сарбаз куәгер ретінде әу баста "командир қайтыс болған баланы ұрмады" деген. Алайда, ол екі сарбаз 5 ай бойы тергеліп, алғашқы сөздерінен айнып, Ағыбаев қатардағы сарбаз Ганчилевскийді бетінен ұрды деді. Тек осының негізінде менің баламды кінәлап соттады. Ұлым №65476 әскери бөлімінде болған былықтың құрбаны болып отыр. Себебі, қайтыс болған баланың төс қалтасынан табылған блокнотта өзіне қысым көрсеткен жігіттердің аты-жөні жазылған. Марқұм еркіндікке шыққанда осыларды ұстап кек алсам деп балағат сөздер жазған. Арыстанбек, Мұсайбек, Өнербаев сынды барлығы үш жігіттің өзіне қысым жасайтындарын жазып отырған. Ол дәптерде менің ұлымның аты жоқ", - деді сотталған командирдің анасы Айгүл Бекежанова.


Жалғызбасты ананың сөзінше, тергеу басынан қате жүргізілген. Өйткені сарбаздың әлде мұнарадан секіргені, әлде соққыдан қайтыс болғаны белгісіз. Миы шашылып, иығы шығып кеткен Дмитрий Ганчилевскийдің денесін таңға жуық мұнара мен дуалдың ортасынан тапқан. Марқұм анасына жолдаған хаттарында әскерден шаршағанын, қиналып жүргенін бірнеше рет жазған көрінеді. Алайда сарбаздың суицидке баруын тергеушілер әріден іздемей, тек қайғылы оқиға болған түні кезекшілік жасаған командирді кіналаумен шектелген деп отыр.

"Анасына арналған тағы бір қолжазбасында, "Мама, я устал служить. Пора твоему сыну отдыхать. Как меня этот наряд достал! Я не хочу заступать в наряд и вообще не хочу служить в армии. Как мне все это надоело! Лучше я уйду с миром" деп жазылған. Әскери гарнизондағы сарбаздардың арасында болып жатқан проблемамен ешкім айналыспаған. Бұл баланың (Д.Ганчилевский - авт.) қандай қысымға ұшырағанына бастықтар мән бермеген. Енді міне, менің ұлымды кінәлі етіп шығарды, екі немерем әкесіз қалды. Істің ақ-қарасын анықтап, нақты кінәлілердің табылуын талап етемін. Тергеу әу баста дұрыс болмады. Алғашында тергеушілер менің ұлымды қорлап, балағаттап, "Кінәлі болсаң да, болмасаң да, мойындамасаң да, мойындасаң да, бәрібір сен сотталасың" деп айтқан. Куәгер болған екі сарбазға да қысым көрсетіп, Ағыбаевқа қарсы шығыңдар деген. Олар 5 ай тергелген соң, амалсыз көнген. Ұлым жазықсыз сотталды, бар үмітім Президентте", - дейді жалғызбасты ана А. Бекежанова.
Қапшағайда 19 жастағы сарбаздың өліміне қатысты сот шешімі дау туғызды


5 айға созылған тергеуден соң, Алматы қаласындағы әскери сот Ағыбаевты ҚР ҚК 451 бабының 2 бөлімі (Билікті асыра пайдалану) бойынша кінәлі деп тауып, сот залынан қамауға алды. Жәбірленушілер де бұл үкіммен келіспейді. Марқұм болған сарбаздың әкесі әскери бөлім басшыларының "ауызбастырық" бергенін де мойындады.

"Құрметті Президент мырза! Мен Дмитирий Анатолиұлы, ұлымды әскерге сау жіберіп, өлі денесін алдым. Ұлымның мүрдесін алуға барғанда әскери бөлімнің өкілдері қолыма 300 мың теңге беріп, шу шығармауымды өтініп, кейінірек өтамақы төлеуге уәде берді. Бірақ ол сөз жүзінде қалды. Әскери бөлімнен 2 наурыз күні хабарласып, ұлымның суицид жасағанын, Дмитрийдің өліміне тек бір адамның ғана кінәлі екенін айтты. Мен бұған №65476 әскери бөлім басшыларының бәрі кінәлі деп санаймын. Маған уәде берген, енді құжаттарды қабылдамайды, мән бермейді, бір-біріне сілтейді. Құрметті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, мәселені анықтап, басшыларды жауапкершілікке тартуларыңызды сұраймын. Мен ұлым өзін-өзі өлтірді дегенге сенбеймін. Ол әскерге дейін пәтер аламын деп ақша жинап жүрген. Қарапайым, сабырлы жігіт болып өсті. Енді міне, ұлым жоқ. Бұған басшылар кінәлі, олар жауап беруі керек", - деді Дмитрий Тархов.


Алданып қалдық деген жәбірленуші тараптың өкілдері енді Қапшағай қаласында орналасқан әскери гарнизонды сотқа бермек.

"Қайтыс болған сарбаздың әкесі Ағыбаевтың кінәлі екеніне сенбейді. Тарховтың арқасынан қағып, уәдені үйіп-төгіп, 300 мың теңгені қолына ұстатып, шығарып салған. Ол ақшаны әскери бөлімнің басшылары қайдан алған? Келген адамға ұстата салатын не қылған дайын тұрған ақша? Біз 65476 әскери бөлімді сотқа беруге құжат дайындап жатырмыз. Ата-аналар балаларды сеніп тапсырды. Ал олар баланың тағдырына жауап бере алмады. Егер сол жердегі әскери командир кінәлі болса, демек, онда әскери гарнизон да таза емес деген сөз. Әскери гарнизонны басшылары өздерінің қылмыстарын жасыру үшін, осындай құйтырқы әрекетттерге жол берді. Олардың жауапкершіліктен жалтару мақсатында істеген әрекеттері бәрібір ашылды. Жігіттің 26 метр мұнараға шыққаны туралы аяқтың іздері жоқ. Оның сатыға көтерілген іздері неге анықталмаған, видеодәлел бар дейді. Бар болса, оны неге көрсетпейді? Құлап қайтыс болды ма, әлде біреулер өлтіріп кетті ме деген сынды тергеу сұрақтарына әлі жауап жоқ. Істі кері қайтару арқылы мәселенің ақ-қарасын анықтағымыз келеді. Апелляциялық шағымда әскери сот бізді тыңдаған жоқ. Мен сөйлеп жатқанда, судья маған мынау жынды деген сөз айтыпты. Судьяның маған "жынды" деп айтқан сөзін айыпталушы тараптың ата-аналары бізге видеожазба түрінде көрсетті", - деді жәбірленуші тараптың адвокаты Камиша Есмұхамедқызы.
Ал сот әділ өтпеді, судья сөйлетпеді деген қос тараптың айыптауына ҚР Әскери соты тек ресми сауалхат негізінде ғана жауап беретінін хабарлады.
Просмотров материала: 600

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 454 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 273 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 246 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 190 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 172 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 503 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 257 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 282 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 747 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 884 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 124 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 322 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 397 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 321 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 638 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 467 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 173 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 146 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 786 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 838 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 196 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 963 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 150 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 279 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930