25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Чжан Сяо, кет! Қазақстан қалаларында бейбіт митинг өтті

14 сентябрь 2020, 9:52
Чжан Сяо, кет! Қазақстан қалаларында бейбіт митинг өтті
Несиеге рақымшылық, саяси тұтқындарды босату және шетелге жер сатылмасын деген талаппен Алматыда өткен митингке 200-ге жуық адам жиналды. Рұқсат етілген митингке шыққан адамдар антиқытайлық ұрандар жазып, Қазақстандағы қытай елшісін елден шығару керек деген талап қойды, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org.

Митинг 13 қыркүйекте елдің барлық аймағында өтті.

Алматыдағы митингті ұйымдастырушы, тіркелмеген Демократиялық партияның жетекшісі Жанболат Мамай жергілікті билікке мың адамдық митинг өткізуге өтініш жазған. Бірақ Азаттық тілшісінің есебі бойынша, 200 адам келген.

Митингке қатысушылар мен журналистер маска тағып келді. Шоқан Уалиханов ескерткіші жанында өткен шара маңында медицина қызметкерлері COVID-19 вирусына қарсы жиналғандардың дене қызуын тексеріп тұрды.

Жиынға қатысушылардың көбінің қолында шетелдіктерге жерді жалға бермеу, түрмеде отырған азаматтық белсенді Макс Боқаев, диссидент ақын Арон Атабекке бостандық беру және банктен алған қарызын қайтаруға жағдайы жетпейтін азаматтарға несие амнистиясын жариялау талабы жазылған плакат бар.

Митингіге келгендердің бірі азаматтық белсенді Юрий Маленьких пандемияның кесірінен елде экономикалық және әлеуметтік мәселелер ушыққанын атап өтті.

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында билік тармақтарының бірі - сот жүйесінің "жабық корпорацияға" айналғанын айтты. Менің ойымша, Қазақстандағы билік өзіне ғана жұмыс істейтін "корпорацияға" айналған. Халықтан алыстап кетті. Конституциямызда халық - биліктің қайнар көзі деп жазылған. Сол себепті билік кетуі тиіс, Қазақстанның билік тармақтарында халыққа жұмыс істейтін адамдар отыру үшін заңды сайлау өткізу керек, - деді Юрий Маленьких.
[media=https://www.centralasian.org/a/30836328.html]

​Митингіде Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоның дипломатиялық қызметіне қатысты плакаттар да кездесті: көзілдірік пен қара түсті қорғаныш маскасын таққан жас жігіт "Чжан Сяо, елшісің бе, әлде жаушысысың ба?" деген жазуы бар плакатты басынан асыра көтерді. Ұзын бойлы ер адам плакат ұстаған жігіттің алдында бірнеше секунд бөгеліп, оны видеоға түсіріп алып, ары қарай кетті.
[media=https://www.centralasian.org/a/30836326.html]


Жексенбі күні митинг Қарағанды, Семей және Ақтөбе қалаларында да өтті. Нұр-Сұлтанда ондаған адам цирк алдындағы алаңға шықпақ болды. Бірақ билік өкілдері рұқсат етілмеген митингке шыққаны үшін жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Шымкентте оннан астам адам Наурыз алаңына жиналып, саяси тұтқындарды босатуды, белсенділерді қудаламауды және жерді шетелдіктерге сатпауды талап етті.

Саясаткер, белсенді Жанболат Мамай бастаған "Демократиялық партия" құрғысы келетін топ бұған дейін партияны тіркеуге күш салғанмен ресми түрде тіркете алмағанын айтқан еді. Ақпан айында бастама тобы партияның құрылтай съезін өткізуге тырысқанмен биліктің қысымына байланысты өткізуден бас тартатынын хабарлаған.

Қазақстан заңы бойынша партияны тіркеу үшін ұйым кемінде мың адам қатысқан құрылтай съезін өткізіп, кемінде 20 мың қол жинау керек. Қазақстандық құқық қорғаушылар партиялар, митинг және сайлау туралы заңнамада шектеулер көп деп санайды.
Просмотров материала: 709

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 136 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 958 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 928 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 868 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 849 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 484 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 239 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 265 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 724 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 852 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 009 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 313 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 484 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 394 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 162 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 308 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 536 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 134 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 463 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 168 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 140 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 086 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 939 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 148 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 113 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 685 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 830 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 983 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 191 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 427 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 922 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 958 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 010 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 146 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 275 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930