19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



2021 жылы әлеуметтік салаға 7 трлн теңге жұмсалады

25 август 2020, 10:12
2021 жылы әлеуметтік салаға 7 трлн теңге жұмсалады
2021 жылы әлеуметтік салаға 7 трлн теңге жұмсалады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырыста «2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы ұсынған министр аталған құжат жобасының экономикалық өсудің баяулауы және әлемдік тауар нарықтарында қолайсыз конъюнктура жағдайларында ел экономикасының 2025 жылға дейінгі даму болжамы негізінде әзірленгенін айтты.

«Бюджет жобасын қалыптастыру кезінде басым міндеттер ескерілді. Олар - мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін қамтамасыз ету және мемлекеттік инвестициялардың қолайлы деңгейін сақтау. 2021 жылға арналған түсімдер 11,4 трлн теңге деңгейінде болжанып отыр. Республикалық бюджеттің кірістері 2021 жылы 6,9 трлн теңгені, 2022 жылы – 8,6 трлн теңгені, 2023 жылы – 9,2 трлн теңгені құрайды. Ұлғаю негізінен корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы және шикі мұнайға экспорттық кедендік баж бойынша күтілуде. Бюджет тапшылығы 2021 жылы жалпы ішкі өнімнің 3,4 пайыздан 2023 жылы кезең-кезеңмен жалпы ішкі өнімнің 2,1 пайызына дейін төмендеуімен жоспарланған», - деді ол.

Оның айтуынша, шығыстар 2021 жылы 14 трлн. теңгені құрайды.

Бюджеттің ағымдағы шығыстары келесі жылға 13,1 трлн теңге деңгейінде анықталды. Даму бюджетінің көлемі 2021 жылы 900 млрд теңге сомасында жоспарланып отыр «Бюджеттің әлеуметтік бағыты толығымен сақталып отыр. Шығыстар құрылымындағы әлеуметтік саланың үлесі 50,4 пайызды құрайды. Осылайша, әлеуметтік салаға 2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда 454 млрд теңгеге өсіммен 7 трлн теңге жоспарланды. Жыл сайынғы индекстеу және зейнетақы мен жәрдемақы алушылар контингентін ұлғайтуға келесі жылға қосымша 265 млрд теңге көзделді. Сондай-ақ, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақыларын көтеру жолымен олардың мәртебесін арттыру жөніндегі Президенттің тапсырмаларын іске асыру бойынша барлық іс-шаралар жоспарланған», - деді министр.

Ерлан Жамубаевтың айтуынша,экономика нақты секторының дамуын қолдауға 2021 жылға 1,7 трлн теңге көзделді. Осы қаражат аясында «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, индустриялық-инновациялық даму мен «Бизнестің жол картасы – 2025» және тағы басқа бағдарламаларды іске асыру жалғасатын болады.

«2021 жылы өңірлерге республикалық бюджет қаражаты есебінен 3,8 трлн теңге бөлінеді. Бұл жалпы бюджет шығыстарының шамамен 27 пайызын құрайды. Оның ішінде ағымдағы нысаналы трансферттері - 1,4 трлн теңге, даму трансферттері түрінде 405 млрд теңге көзделген. Заң жобасы ашық ақпарат көздерінде жарияланған. Премьер-Министр Кеңсесімен бірлесе отырып, заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына енгізуге дайындалатын болады», - деді министр.
Просмотров материала: 665

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 644 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 466 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 435 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 370 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 351 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 441 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 204 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 228 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 662 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 797 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 717 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 294 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 462 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 375 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 274 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 442 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 132 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 107 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 425 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 822 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 421 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 003 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930