25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



БҰҰ даму бағдарламасымен бірлесіп экобілім бойынша жаңа жоба бастаймыз – Білім министрі

18 август 2020, 14:19
БҰҰ даму бағдарламасымен бірлесіп экобілім бойынша жаңа жоба бастаймыз – Білім министрі
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Көбейтұз көлінің ластануына және Каспий теңізіндегі итбалықтарды қорлауға байланысты қоғамдық резонанс туғызған оқиғалар экологиялық мәдениет пен экологиялық тәрбиенің маңыздылығын көрсетті деп есептейді. Бұл туралы министр Facebook-парақшасында жазды, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

«Бұл бағытта түрлі институттар жұмыс атқаруы тиіс, дегенмен, білім беру мекемелерінің рөлі мен орны ерекше. Балаларға ерте жастан бастап табиғатты аялауды, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды, ресурстарды ұтымды пайдалануды үйрету аса маңызды. Экологиялық тәрбие жауапкершілік, адамгершілік және ізгілік деген ұғымдарды да қамтиды», - деп жазды министр.

Министрдің айтуынша, қолданыстағы оқу бағдарламаларына талдау жасалып, бірнеше шешім дайындалған. Олардың басым бөлігі биыл іске асырылады.

Жалпы, білім беру ұйымдарында құндылыққа бағытталған оқыту мен тәрбиелеу маңызды екеніне тоқталған министр, әзірше экобілімге қатысты қысқаша тоқталып өтті.

1. Экобілім түп негізден басталуы керек. Сондықтан жаңа оқу жылында барлық мектепте экология тақырыбы бойынша арнайы сынып сағаттары өткізіледі. Қазір педагогтеріміз бен сарапшылар барлық сыныптарға арналған бағдарламаларды даярлау жұмыстарын пысықтап жатыр. Бұдан бөлек, экологияға қатысты тақырыптарды мектепте оқытылатын пәндердің мазмұнына енгізу мәселесі қарастырылуда. Арнайы пән мәселесі бойынша да әдістемелік жұмыс жүргізілуде.

2. Балалар ғана емес, олардың ата-аналары да экологиялық сауатты болуы керек. Олар өз балаларына табиғатты қорғауда, оны ластамауда ісімен, іс-әрекетімен үлгі бола білуі қажет. Бұл жұмысты жүргізудің маңызы зор.

3. Балалар үшін байқауға қатысуға дайындық кезінде жаңа ақпаратты зерделеу, оны тұрмыста пайдаланып, нәтижесін көру өте қызықты. Сондықтан «Дарын» орталығы базасында экологиялық бағыт бойынша ғылыми жобалар конкурсы өткізіледі. Эко-квестер, шеберлік сағаттары, театр қойылымдарын дайындау, қайта өңделетін шикізатты пайдалана отырып, экоматериалдан бұйымдар дайындау және т.б. жұмыстар ұйымдастырылатын болады. Олар балалардың жас ерекшеліктері ескеріліп, шағын зерттеу жұмыстарынан басталып, ғылыми жобаларға ұласатын болады.

4. Қосымша білім беру бағытының рөлі де ерекше. Үйірмелер, клубтар, Оқушылар сарайларының жұмысы арқылы да осы жұмысты жандандыратын боламыз.

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, Білім және ғылым министрлігі 2020-21 оқу жылында БҰҰ даму бағдарламасымен бірлесіп, оқушылардың экологиялық мәдениетін, экологиялық білімі және тәрбие деңгейін арттыру бойынша жаңа жобаны іске асыруды бастайды.

Жоба аясында:

- Жер, Ауа, Су, Энергия сияқты маңызды экологиялық аспектілерді қамтитын ақпараттық-білім беру бағытында бейнесюжеттер, көпсериялы анимациялық бейнероликтер түсіріледі. Сондай-ақ осы бағыттар бойынша интерактивті онлайн-сабақтар дайындалады.

- Біз эко-акциялар, тақырыптық көрмелер, мектепті үздік көгалдандыру байқаулары сынды іс-шаралар сериясын жүйелі түрде жүргізуді жоспарлап отырмыз.

- Білім беру ұйымдары жанынан экологиялық алаңдар (жылыжай кешені, тиімді жарықтандыру, күн панельдері, тамшылатып суару, сенсорлық крандар және т. б.) құрғымыз келеді.

- Педагогтеріміз де біліктіліктерін арттырып, экологиялық білім беру саласындағы түрлі ұйымдармен және сарапшылармен өзара жұмыс істейтін болады.

«Экологиялық мәдениет жалпы мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналуы керек. Балаларымыз қоршаған ортаның қалай өзара қарым-қатынас жасайтынын біліп, бұл дағдыларды ересек өмірде де қолданғанын қалаймыз. Олар адамдардың күн сайын қандай экологиялық із қалдыратынын біліп, түсінуі қажет. Мысалы, бір ғана қарапайым көйлекті өндірудің өзіне қанша су жұмсалатынын түсіну (2700-3000 литр), ұялы телефондарды, тұрмыстық техникаларды, көлік, ұшақтарды пайдалану барысында қандай элементтер қажет етілетінін, олардың табиғатқа тигізетін зияны мен орнын толтырудағы жұмыстардың қалай жүзеге асырылатынын ұғынуы керек», - деп жазды ол.

Министр экологиялық білімнің тұжырымдамасын әзірлеу кешенді түрде жүріп, білім беру ұйымдарының жұмысында маңызды орын алатынын мәлімдеді.

Просмотров материала: 592

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 173 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 994 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 965 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 905 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 886 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 487 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 242 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 268 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 727 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 855 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 023 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 314 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 485 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 163 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 309 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 548 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 135 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 169 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 141 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 087 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 940 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 149 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 114 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 696 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 831 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 192 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 428 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 959 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 011 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 912 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 147 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 276 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930