19 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Экология пәні мектеп бағдарламасына биыл енгізілмейді – Аймағамбетов

17 август 2020, 18:02
Экология пәні мектеп бағдарламасына биыл енгізілмейді – Аймағамбетов
Қазақстан мектептеріне экологиялық мәдениет бойынша білім беру бағдарламасы биыл толық енгізілмейді. Бұл туралы бүгін KUN.KZ жобасы өткізген онлайн-конференцияда Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Талқылауға Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева және экологтар, қоғам белсенділері мен ғалымдар қатысты, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

«Экология сабағын 1 қыркүйекке дейін асығыс енгізу мәселесі алдымызда тұрған жоқ. Біз ең алдымен берілетін білімнің жас ерекшелігіне қалай сәйкес келетінін, әдістемелік мәселелерді қарап, ұйымдастырып жатырмыз. Әрине, сабақтан тыс уақытта да экологиялық білім беру маңызды. Бәрін бір пәнге кіріктіріп қойсаң, тиімділігі жоғары болмайтыны белгілі... Көп мәселе ойын, тәжірибе арқылы, қолмен жасап шығару, олимпиадалар, мейкатон арқылы жүру керек. Бала тек құлағымен естіп қана қоймай, іс-әрекетпен қатысқанда ғана білімі дұрыс болады», - дейді А.Аймағамбетов.

Дегенмен білім министрі биыл 1 қыркүйектен бастап мектептерде қосымша экологиялық сағаттар жүре бастайтынын жеткізді. Яғни, экологиялық білім бағдарламасына біртіндеп енгізіледі.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева да осы пікірмен келіседі.

«Біріншіден, экология пәнін толыққанды сабақ ретінде мектеп бағдарламасына бірден енгізуге асықпаған жөн. Себебі, бала санасы қоршаған орта туралы күрделі ғылымға дайын болуы тиіс. Сондықтан алдымен факультативтік үйірме санын көбейтіп, осы арқылы негізін қалаған дұрыс. Екіншіден, экологиялық білім беру жүйесін үздіксіз ету керек. Яғни, орта, арнайы, жоғарғы білім деңгейлерінде бірыңғай әрі сабақтас білім негіздерін қалыптастыру қажет. Үшіншіден ЖОО-лардағы экология пәні бойынша бағдарламаларды ретке келтіру керек. Себебі, қазір әр ЖОО-ның өз еркі өзінде, жалпыға ортақ кешенді бағдарлама жоқ», - деді А.Балаева.

Сонымен бірге Балаева экологиялық мәдениет халық арасында жеткілікті насихатталмай жатқанын алға тартты. Оның пікірінше, осы бағытта жұмыс істейтін еліміздегі 170 үкіметтік емес ұйым аздық етеді.

«Экологиялық мәдениеттің бастауы білім мен тәрбиеде жатыр. Қалада өсіп жатқан балалардың ішінде қой мен ешкіні білмейтіндер, шөп пен тікенді ажырата алмайтындар көп. Бұл, әрине, ежелден табиғатпен бірге өсіп, аң-құстың киесін құрметтеген, оны жеті қазынасына қосқан халықтың ұрпағы үшін үлкен сын. Сондықтан экобілімді де, экомәдениетті де ең алдымен мектептен бастау керек», - деп айтты министр.

Мағзұм Мырзағалиев экологиялық тәрбиені кешенді жұмыс ретінде қарастырып, барлық шараға бастамашы болуға дайын екенін жеткізді.

«Экологиялық білім мектептегі бір ғана пәнмен шектеліп қалуға тиіс емес деп ойлаймын. Ол қоғамның барлық өкілдерінің, сарапшылардың, мемлекеттік органдардың ортақ кешенді жұмысы болуы тиіс. Барлығы ата-аналардың берген экологиялық тәрбиесінен басталады», - деді ол.

Еске салсақ, 10 шілде күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектептерде балаларға экологиялық білім беретін жаңа пән енгізуді тапсырған.
Просмотров материала: 1 220

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 218 504 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 218 183 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 217 691 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 217 729 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 218 103 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 620 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 653 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 978 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 647 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 695 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 891 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 821 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 929 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 583 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 458 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 409 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 694 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 443 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 850 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 647 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 464 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 305 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 158 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 508 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 397 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 885 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 239 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 212 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 453 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 845 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 196 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 143 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 279 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 216 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 451 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 593 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930