29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында тағы 30 кітаптың тұсауы кесілді

13 август 2020, 16:03
«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында тағы 30 кітаптың тұсауы кесілді
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір бағыты – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылып басылған жаңа 30 оқулықтың таныстырылымы Орталық коммуникациялар қызметі негізінде өтті, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

Аталған жоба 2017 жылдан бастап іске асып келеді. 2017-2019 жылдарды қамтыған бірінші және екінші кезеңде философия, әлеуметтану, психология, лингвистика, әдебиеттану, өнертану, мәдениеттану, дінтану, менеджмент, маркетинг, кәсіпкерлік, инновация және медиа салалары бойынша 47 оқулық аударылып, еліміздегі 132 ЖОО-ға жеткізілді. Аталған оқу құралдары Қазақстандық гуманитарлық білім мазмұнын түбегейлі түрде жаңартуға жол ашты.

Биыл іске асқан жобаның үшінші кезеңінде қазақ тіліне 30 жаңа оқулық аударылды. Оқулықтардың жаңа топтамасы кинотану, театртану, өнер, этика, эстетика, медиа, тарих, микро және макро экономика мен бизнес, жеке қаражат, саясаттану, сондай-ақ, азаматтық іс-жүргізу құқығы мен интеллектуалдық меншік құқығы, педагогика және статистика секілді салаларды қамтиды.

Еліміздің мәдени шығармашылық бағыттағы оқу орындарының ұсынысы бойынша бұл жолғы аударма аясында кинотану, сценарий жазу, театртану, музыка тарихы мен өнертану бағытындағы оқулықтарға басымдық берілді. Өнер академияларынан келген ұсыныстарға сәйкес аталған өнер мен білім салаларында әлемге танымал авторлардың құнды еңбектері таңдап алынды.

Атап айтсақ, француз философы Жил Делөздің «Кино 1. Қозғалыс-бейне» және «Кино 2. Уақыт-бейне» атты екі томдық, киноны философиялық шығарма тұрғысынан таныстыратын классикалық туындысы тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көрді. Сондай-ақ, жаңадан аударылған оқулықтардың ішінде кино мен телевизия мамандары үшін аса құнды «Киносценарий. Сценарий жазу негіздері» деп аталатын оқу құралы бар. Классикалық негіздегі бұл оқу құралы концептіден дайын сценарий шығаруға дейінгі сатылы нұсқаулық ұсынады. Оқулық 30 рет қайта басылып, әлемнің 20-дан аса тіліне аударылған. Ал кино өнерінің белгілі теоретигі Семен Фрейлихтің «Кино теориясы: Эйзенштейннен Тарковскийге дейін» еңбегінің зерттеу аясы аса ауқымды. Ол классикалық кинодан бастап, заманауи кино теориясына дейінгі негізгі ұғымдарды толық қамтып, сала туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады. Тағы бір ерекше атап өту керек оқулықтардың бірі – Д.Бордуэлл бастаған авторлардың қырық жылдық ізденісінен туған «Кино өнеріне кіріспе» туындысы. Сондай-ақ, Томас Эльзессер мен Мальте Хагенердің «Кино теориясы. Сезім тұрғысынан кіріспе» деп аталатын еңбегі кино табиғатын көрермен мен экран арасындағы байланыстың түрлі ерекшеліктері арқылы зерттейді.

«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында тағы 30 кітаптың тұсауы кесілді


Музыкатану бағытында Кембридж университетінің баспасы дайындаған «Музыка тарихы» деп аталатын екі томдық жинақ қайта өрлеу кезеңінен постмодернге дейінгі музыка тарихын жан-жақты қарастырып, түрлі халықтардың музыка тарихынан хабар береді. Ал кейінгі жылдары жеке гуманитарлық пәнге айналған Кристофер Балмның «Театртану» оқулығы театр өнерін түрлі мәдени және тарихи астар арқылы түсіндіруге арналады. Театрдың аса күрделі табиғаты мен оны түрлі көзқараста зерттеу мүмкіндігін көрсетуге ден қойылған.

Белгілі ғалым, жазушы, ұзақ жылдар Ресей ғылым академиясы Әлем әдебиеті институтының теория бөлімін меңгерген Юрий Боревтің «Эстетика» еңбегі заманауи эстетиканың негізгі мәселелерін жан-жақты талдайды.

Медиаға арналған мәтін жазу қағидаларымен таныстыратын «Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу» оқулығы да алғаш рет қазақ тіліне аударылды. Бұл еңбек оқырманға телевизия, радиомен қоса, онлайн медиаға мәтін жазудың өзіндік тәртібі мен ережелерін қарапайым әрі жүйелі түрде түсіндіреді.



Тарихи білім саласы бойынша үздік еңбектер қамтылды. Тарихи білімнің кәсібилену процесін кешенді түрде зерттеген «Тарих білімінің тарихы», тарихи-антропологиялық бағыттағы ізденістерді топтастырған «Тарихи антропология», әлемнің этностық бет-бейнесімен таныстыратын «Тарихи этнология» оқулықтары жарық көрді.

Заң және құқықтану салаларын қамтитын бірқатар маңызды оқу құралдары да бар. Танымал ағылшын заңгері, құқықтанушы Нил Эндрюстің 2 томнан тұратын «Азаматтық іс-жүргізу: Сот өндірісі», «Азаматтық іс-жүргізу: Медиация және арбитраж» оқу құралдары, ағылшын келісімшарт құқығы тақырыбына арналған «Келісімшарт ережелері» атты оқулығы азаматтық іс жүргізу, медиация, арбитраж, ағылшын келісімшарт құқығы туралы жан-жақты ақпарат береді. Оксфорд университеті баспасынан шыққан 3 томдық «Интеллектуалдық меншік құқығы» оқу құралы авторлық құқық, патент, тауар белгісі тақырыптарына шолу жасайды. Бұл – зияткерлік меншікті қорғау тәртібі мен қазіргі халықаралық тәжірибеге арналған қазақ тіліндегі тұңғыш кешенді оқу құралы.



Этика саласы бойынша курс оқып жүрген студенттерге, сондай-ақ, жаһандық мәселелердің этикалық негізін танып-білуге қызыққан оқырманға арналған «Этика теориясы мен қазіргі мәселелері» оқулығының 9-басылымы, танымал философ ғалым Джонатан Уолфтың «Саясат философиясына кіріспе», Оксфорд баспасынан шыққан «Әлемдік саясаттың жаһандануы: халықаралық қатынастарға кіріспе» туындыларын студенттер жаңа оқу жылынан бастап қазақ тіліне оқиды.

Аударылған еңбектердің ішінде өте жылдам өзгеріп жатқан білім саласының соңғы жаңалықтарымен таныстыратын «Білім берудегі зерттеулер», бұған дейін қазақ тіліне аударыла қоймаған «Статистика негіздері», «Зерттеу жобасын жүргізу» оқулықтары да бар.

Экономика және жеке қаражат бағытында білім беруге қажетті оқулықтар қатарына Майкл Паркиннің «Макроэкономика», «Микроэкономика» еңбектері қосылды. Сондай-ақ, Е.Томас Гарман мен Рэймонд Е.Форгтың әрбір адамға жеке бюджетін жоспарлап, оны тиімді басқаруды үйрететін «Жеке қаражат» оқулығының 13-басылымын ерекше атап өту керек. Бұл еңбек Қазақстан жағдайына арнайы бейімделіп, біздің заңдар, қазақстандық қаржы және несие жүйесі, зейнетақы, сақтандыру, инвестициялар тәжірибесіне сәйкес қайта құрастырылды.
Просмотров материала: 741

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 622 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 461 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 447 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 384 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 340 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 320 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 109 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 640 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 221 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 397 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 313 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 227 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 296 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 380 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 450 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 175 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031