19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Абай шығармалары әлемнің 10 тіліне аударылды

11 август 2020, 10:55
Абай шығармалары әлемнің 10 тіліне аударылды
Ұлы Абайдың шығармалары ағылшын, араб, қытай, испан, итальян, неміс, орыс, түрік, француз және жапон тілдеріне аударылды. Аударма жинаққа ақынның 145 өлеңі, 3 поэмасы мен 45 қара сөзі кірген деп хабарлайды «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының баспасөз қызметі.

Абай шығармалары өзге тілдерге бұған дейін де аударылғаны белгілі. Ал, бұл бастама мемлекеттің осындай ірі ауқымда іске асырған алғашқы аударма жұмысы.

«Жоба аясында аударма сапасын қамтамасыз етуге ерекше мән берілді. Аударма жұмысы мен жинақ басылымын ұйымдастыруға әр тілде сөйлейтін аса тәжірибелі мамандар, тиісті елдің мәдениеті мен әдебиетін таныстыратын, көркем аудармаға маманданған ең беделді баспа ұйымдары таңдалып тартылды», - делінген аталған хабарламада.

Мәселен, Абайды ағылшын тіліне аудару, басып шығару және тарату жұмысы Кембридж университеті баспасының қатысуымен іске асуда. Абай шығармаларының жолма-жол аудармасын дайындау және өлеңдеріне лингвистикалық, этнографиялық, тарихи түсіндірме жазуға аудармашы әрі өнертанушы Әсия Бағдәулетқызы, тарихшы, әдебиеттанушы Зифа Әуезова, аудармашы, журналист Роза Құдабаева, абайтанушы-ғалым Гүлзия Қамбарбаева, аудармашылар Миргүл Қали мен Гаухар Халық қатысқан. Ақын өлеңдерінің көркем аудармасын жасау танымал британ ақыны, профессор Шон О'Брайенға, ал қара сөздерін аудару шотландық ақын әрі жазушы, профессор Джон Бернсайдқа тапсырылған.

Абай шығармаларын испан тілінде сөйлетуге Сервантес институты қолдау көрсетіп, жинақты дайындауға әдеби аудармаға маманданған «Visor» баспасы жауапты болды. Абай туындыларын аударумен Испанияның беделді аудармашысы Мария Санчес Пиуг, Гранада университетінің профессоры Энрике Торкемада, аудармашылар Михаил Чиликов пен Александра Шевелевалар атсалысты.

Жинақты француз тіліне аудару, басып шығару және таратуды Галимар (Editions Gallimard) атты Францияның ең ірі баспа үйі орындайды. Итальян тіліндегі аударма жинақты Италия ірі баспаларының бірі Gruppo Mondadori дайындап таныстырады.

Абайды араб әлеміне Араб мемлекеттері лигасының Білім, ғылым және мәдениет ұйымының (ALECSO) баспа үйі дайындап, ұсынады. Ақын туындыларының жолма-жол аудармасын әзірлеуге Каир университетінің оқытушысы Рабиға Төлебай, шығыстанушы Құрманғазы Садыбаев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің деканы Палторе Иктияр атсалысты. Абай өлеңдерінің әдеби редакциясын Мысыр әдебиетшілер одағының көрнекті өкілі, ақын Саурат Селлам, лингвистика және философия профессоры Халед Елсайед жүзеге асырды.

Абай туындыларын қытай тілінде қытай қазақтарының арасынан шыққан танымал жазушы, әдебиетші, қоғам қайраткері, ҚХР мемлекеттік сыйлығының иегері Ақпар Мәжит сөйлетті.

Жинақты неміс тіліне аудару және басып таратуға Alles Druckbar баспасы қатысуда. Қазақ тілінен неміс тіліне тікелей аударма жасаған аудармашы Әлмағамбет Төреханов пен Таңсұлу Рахымбаевалар. Жинақтың әдеби редакциясын танымал неміс жазушысы, драматург Анна Цукерман үйлестірді.

Бұл жоба аясында Абай жапон тіліне алғаш рет аударылып отыр. Ол үшін қазақ және жапон мамандарынан тұратын арнайы топ құрылды. Ақын шығармаларының көркем аудармасына Токио университетінің шет тілдер профессоры Сакай Хироки, қазақ әдебиетін зерттеуші Микия Нишимура, жапон-қазақ сөздігін құрастырушы, аудармашы Шигенобу Масуджималап қатысты. Жинақ Токиодағы Ханаденша (株式会社花伝社) баспасынан шығады.

Абай мұрасын түрік тіліне аудару жұмысы Түрік әдебиеті қорының баспасына (Türk Edebiyati Vakfi) тапсырылды. Баспа үйі аударма жобасына Екрем Аян, Зафер Кибар секілді тәжірибелі аудармашылар мен Имдат Авшар, Бахтияр Аслан, Абдулвахаб Кара сынды беделді ғалымдарын тартты.

Абайдың орыс тіліне аударылған алғашқы өлеңдері XX ғасырдың басында-ақ жарияланған еді. Кейін орыс тіліндегі Абай жинақтары бірнеше мәрте аударылып басылды. Ақынның 175 жылдық мерейтойы аясында оның өлеңдері мен қара сөздерін қайта аударуға талпыныс жасалып, аудармашы-ақындардан тұратын арнайы топ та құрылды. Алайда, қазақстандық және ресейлік мамандар кеңесе отырып, жаңа жинаққа Абай өлеңдерінің осы уақытқа дейін аударылған ең сәтті нұсқаларын кіргізу туралы ортақ ұйғарымға келді. Орыс тіліндегі жинақтың құрастырушысы – Бақытжан Қанапиянов. Десек те, ақынның бірқатар өлеңдері мен поэмалары, 45 қара сөзі орыс тіліне жаңадан аударылып қосылды. 3 поэма мен бірқатар өлеңді мәскеулік ақын әрі аудармашы Михаил Синельников аударды. Ал Қара сөздердің орыс тіліндегі жаңа көркем аудармасын жасауға ресейлік жазушы әрі аудармашы Анатолий Ким қатысты. Ол бұған дейін Мұхтар Әуезовтің «Абай жолын», сондай-ақ Әбдіжәміл Нұрпейісов пен Әбіш Кекілбаев шығармаларын орыс тілінде сөйлеткен, қазақ әдебиетімен және мәдениетімен жақсы таныс маман. Жолма-жол аудармаға ақын, драматург Мадина Омарова, абайтанушы Гүлзия Қамбарбаева, редактор Әлия Нагорнюк қатысты. Абайдың орыс тіліндегі жаңа жинағын әзірлеу жұмысын үйлестіруге М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің баспа үйі жауапты.

Жинақтың барлық тілдегі форматы мен мұқабасы бірдей болмақ. Мұқаба суретінің авторы – танымал суретші, Әбілхан Қастеевтің немересі Дәурен Қастеев.

Әр тілдегі жинақтың таралымы – 3 мың данадан. Таралым осы тілдерде сөйлейтін жүзден аса елдің ірі кітапханалары мен әдеби және ғылыми орталықтарына жеткізіледі.

Бұл жоба аясында алғаш рет Абай шығармалары ағылшын, араб, түрік, қытай, неміс және жапон тілдеріне қазақ тілінен тікелей аударылды. Тек испан, итальян, француз тілдеріне әлі де орыс тілі арқылы жол салуға тура келді. Абайдың шет тілдегі аудармаларының дені кеңес дәуірінде жасалған, яғни ол аудармалар еркін жасалды деуге болмайды. Бертіндегі аударма жобалары аясында жекелеген өлеңдер немесе Қара сөздер бөлек аударылды. Сондықтан бұл аударма аясында Абай аудармасындағы барлық мәселелер жан-жақты қамтылды.

Жоба ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының үйлестіруімен жүзеге асуда.
Просмотров материала: 1 721

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 547 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 369 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 339 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 274 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 254 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 437 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 200 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 224 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 657 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 790 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 681 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 292 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 460 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 371 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 245 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 440 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 131 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 106 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 396 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 821 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 184 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 418 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 002 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930