25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Әшімбаев: Бұл – қазақ үшін тарихи оқиға

Әшімбаев: Бұл – қазақ үшін тарихи оқиға
Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады. Ол өзінің құттықтау сөзін Facebook желісіндегі ресми парақшасында жариялады.


Құрметті достар! Баршаңызды елімізде алғаш рет ресми түрде аталып өтіп жатқан Абай күнімен құттықтаймын!⁣⁣⠀

Бұл – қазақ үшін тарихи оқиға, зор қуаныш және ұлттық құндылықтарды ұлықтаудың жаңа белесі, елдік пен егемендіктің жарқын көрінісі.⁣⁣⠀

Ұлы ойшылдың 175 жылдығында осындай дербес күннің белгіленуі өте орынды бастама. Өйткені санамызды жаңғыртып, сапамызды арттыруда Абай еңбектерінің алар орны ерекше. Сондықтан бұл шешімді бас ақынға ғана емес, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, білімі мен ғылымына, тұтас ұлт руханиятына көрсетілген зор құрмет деп қабылдаймыз.⁣⁣⠀

Абай мұрасы отаншыл, адал, парасатты, білімді, білікті ұрпақ тәрбиелеудің негізі деп айтсақ та артық болмайды. Сол себепті, ұлы ақынның шығармаларын қазіргі заманның талаптары мен тетіктерін ескере отырып, кеңінен насихаттаған жөн. Осыған орай Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында көптеген өзекті мәселелерді көтеріп, ұтымды ойларын ортаға салғанын жақсы білеміз.⁣⁣⠀

Мемлекет басшысы бүгін «Егемен Қазақстан» газетіне жарияланған «Абай – рухани реформатор» атты мақаласында да ұлы ойшылдың ілімі қазіргі бірқатар бағыттарға орайлас келетініне назар аударып, елді білім игеруде, тәрбие мәселесінде, жаңа кәсіп үйренуде және ынтымақ-бірлікте Абайға жүгінуге шақырады. Шын мәнінде, ұлт ұстазының ұлағаты – ешқашан маңызын да, құндылығын да жоғалтпайтын өнеге, өшпес өсиет.⁣⁣⠀

Ең бастысы, ақынның еңбектерін дәріптегенде науқаншылыққа жол бермеген абзал. Президентіміз айтқандай, ғұламаның мерейтойы той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани дамуымыз үшін қажет. Осы тұрғыдан келгенде бүгінгі мерекенің мән-маңызы айрықша, көтерген жүгі ауыр екенін ұғамыз.⁣⁣⠀⠀

Ендеше ұлтымыздың өркениет өріне жасаған кезекті қадамы ұзағынан болғай! Ұлы ойшылдың шығармалары халқына рухани қызметін жалғастыра берсін! Абай күні құтты да қайырлы болсын! Қазақ елі мәңгі жасасын!

Дереккөз: Abai.kz
Автор: Мәулен Әшімбаев -
Әшімбаев: Бұл – қазақ үшін тарихи оқиға
Просмотров материала: 726

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 192 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 013 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 984 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 925 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 906 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 488 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 243 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 269 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 731 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 857 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 030 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 314 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 485 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 163 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 310 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 554 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 135 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 169 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 141 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 087 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 940 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 149 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 114 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 702 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 831 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 192 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 428 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 960 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 011 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 912 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 147 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 277 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930