19 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Абайдың ата қонысы Жидебайдың бүгінгі келбеті 2020 жылғы

10 август 2020, 11:06
Абайдың ата қонысы Жидебайдың бүгінгі келбеті 2020 жылғы
Жер кіндігі Жидебай дана Абайды кең даласының төсінде аунатып өсірген киелі мекен. Ұлы ақынның ұлы туындылары ұланғайыр атырапқа дәл осы жерден тарағаны рас. Хәкімнің тұрған үйі, қолданған заттары сақталған Жидебайдың бүгінгі келбеті қандай? Бұны ҚазАқпарат Жидебайдағы Абай музей үйінің меңгерушісі Нұржан Байтөс таныстырды.

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында орналасқан Жидебай Қарауыл өзенінің жайылмасында жатқан шұрайлы жер. Кезінде тобықты руының Жігітек атасы мекен еткен деседі. 19 ғасырдың орта тұсында Жидебайды аға сұлтан Құнанбай Өскенбайұлы өз иелігіне алып, қыстау салдырған. Қазақтың бас ақыны Абай 1880 жылы мұнда медресе салдырыпты. Құнанбай дүниеден өткен соң Жидебайды хәкімнің інісі Оспан иемденген.

Абайдың ата қонысы Жидебайдың бүгінгі келбеті 2020 жылғы

«Ал 1891 жылдан кейін қыстау Абайдың еншісінде болды. Қазір Еуразияның кіндігінде тұрған осы жерде ақынның музей үйі бар. Жылда Жидебайға еліміздің түкпір-түкпірінен бөлек шетелден де меймандар келуде», - дейді Нұржан Байтөс. Бұл ақын өмірінің соңғы жылдары өткен қыстауы. Мұнда өз жобасымен арнайы қала мәдениеті үлгісінде салынған үйі орналасқан. Абай әмеңгері Еркежанмен осы Жидебайдағы қыстауында тұрған.

«Көз алдарыңызда сол кездегі ет қақтайтын, сақтайтын орын. Бұл бөлмеде тұрмыста пайдаланатын келі, келсап, қол диірмен, күбі, ат әбзелдері, шаруашылық құралдары, аңшылық тақырыбындағы экспозиция қойылған», - дейді Нұржан Байтөс.

Бұл бөлімде хакімнің Еркежанға сыйға тартқан күміс ертоқымы, Генерал-губернатор сыйға тартқан үш ауызды берен мылтығы, Құнанбай қажының тақиясы мен кісе белбеуі, Ұлжан ананың өз балаларын нәресте кезінде қырқынан шығарғанда пайдаланған жез легені мен қазмойын құманы бар. Қабырғадан ақын Абайдың 51 жаста ұлдары Ақылбай мен Тұрағұлдың ортасында отырып түскен фотосуретін көруге болады.

«Бұл бөлмеде Абай пайдаланған тоғызқұмалақ, дойбы тақталары, шақшасы, есепшоты тұр. Бәйбішесі Ділдәнің жасауымен келген төсегі де осында», - деп түсіндірді музей-үйінің жетекшісі.

Осында бутартпа пеші, самауырлар қойылған. Үлкен самауыр ақынның 125 жылдық мерейтойына музейге сыйға беріліпті.

«Абай, Шәкәрім кесенелері 1995 жылы ақынның 150 жылдық мерейтойына орай салынған. Сарыарқа төсімен жүзіп келе жатқан алып кеме тәрізді. Идеяның авторы, бас архитекторы Бек Ибраев, салушы құрылысшы Сайын Назарбек. Бұл жерде Абай кенже інісі Оспанмен, Шәкәрім қажы ұлы Ахатпен және Оспанның бәйбішесі Еркежан жерленген мазарлар кешені орналасқан», - дейді Нұржан Байтөс.

Кешен ортасында грек архитектурасы үлгісінде амфитеатр салынған. Мұнда жыл сайын республикалық Абай-Шәкәрім оқулары өтеді.

Просмотров материала: 1 241

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 196 084 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 195 683 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 195 194 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 195 242 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 195 599 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 415 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 508 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 801 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 289 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 385 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 688 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 495 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 598 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 400 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 244 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 739 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 485 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 178 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 577 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 356 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 278 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 112 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 960 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 264 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 176 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 677 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 514 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 014 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 265 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 640 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 016 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 959 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 052 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 015 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 212 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 370 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930