26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қате ем жасалған 2 жасар сәби 8 ай бойы комада жатыр. Қылмыстық іс тоқтап тұр

05 август 2020, 12:24
Қате ем жасалған 2 жасар сәби 8 ай бойы комада жатыр. Қылмыстық іс тоқтап тұр
Сегіз айдан бері ес-түзсіз жатқан елордалық 2 жасар сәбидің дертіне енді пневмония қосылды. Тісін емдетуге барған Алисаға қате ем жасалып, өткен жылдың желтоқсан айында комаға түскен еді. Сәбидің жағдайы сол қалпы. Тыныс алуы қиындаған соң, жасанды желдету аппаратына қосылыпты. Салдарынан өкпесі қабынған. Дәрігерлер баланы жағдайы ауыр дейді. Ал осы оқиғаға қатысты қозғалған қылмыстық іс бір орында тұралап қалыпты. Бүлдіршіннің анасы арада 8 ай уақыт өтсе де ешкімнің жазаланбағанына налып отыр, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Арада 8 ай өтсе де 2 жасар Алисаның беті бері қарар емес. Әлі де жансақтау бөліміндегі кереуетке таңылған күйі өзгеріссіз жатыр. Қозғалады, сезеді, бірақ өздігінен дем ала алмайды. Бүлдіршін қазір өкпені жасанды желдету аппаратының көмегімен тыныс алып жатқан көрінеді. Қоғамда қызу резонанс тудырған қылмыстық істің тергеу айналасы да тым-тырыс.

Қайрат Артықов, қалалық полиция департаменті тергеу басқармасы басшысының орынбасары:

"Қазіргі таңда керекті сот-медициналық сараптама тағайындалған. 5 маман қорытындыларын дайындап болғаннан кейін соттың сараптамасы шығады. Сот-медициналық сараптама тағайындалмай тұрып, алдын ала тергеу аяқталмайды. Мынау сот-медициналық сараптаманың күрделілігімен сипатталады".
Яғни, күрмеуі көп істің жай жапсары әлі де толық ашылған жоқ. Тіпті, сотқа да жетпеді. Тиісінше, кінәлілер 8 айдан бері бостандықта жүр. Клиниканың атын өзгертіп қойып, қамнен қаперсіз қызметтерін жалғастырып жатқан көрінеді. Қайғыдан қан жұтып отырған бұлдіршіннің анасы Анастасия Зеленая қылмыстық істің бірнеше айдан бері тұралап тұрғанына налиды.

Алисаның анасы Анастасия Зеленаяның әлеуметтік желідегі парақшасынан:

"Біреуі елордада, екіншісі Атырауда. Сол адамдардың иелігіндегі тіс емханасы. Менің қызым солардың кесірінен комада жатыр! 8 ай өтсе де қылмыстық, не материалдық жауапкершілікке тартылған жоқ. Бұл адамдар балаға көмектесуге уәде берген, кейін сөздерінен тайқып кетті. Күте тұруымды сұрауда. Барлығы шешілді, қорқатын ештеңе жоқ дегеннен басқа, дым демейді".
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылайтын департамент тергеу кезінде аталған істің айналасынан бір емес, бірнеше ағаттық тауыпты. Мамандардың сертификаты ескіріп кеткенімен қоймай, емдеу шарттарын бұзып келген. Дәрі-дәрмектер де талапқа сай сақталмапты. Ең сорақасы, ересектерге арналған дәріні бүлдіршінге беріп, ақыр соңында сәби комадан бір-ақ шықты.

Дархан Тұрлыбеков, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары:

"Анестезиология, реанимотология балалар профилі бойынша қызмет тоқтатылды. Тексеру қорытындысы бойынша, анестезиолог дәрігеріне және клиниканың басшылығына әкімшілік кодексі бойынша, хаттамалар толтырылды".
Алиса қазір білікті мамандардың бақылауында. Елордадағы №2 көпбейінді балалар ауруханасында ем алып жатыр. Өкінішстісі, оң нәтиже байқалмайды.

Әлімжан Кәлімқұлов, №2 көпбейінді балалар ауруханасының медициналық бөлім бойынша директор орынбасары:

"Бүгінгі күнде баланың жалпы жағдайы өте ауыр. Оттегі жетіспеушілігінен бас миы зақымдалуына және өкпенің жасанды желдетуінен пайда болған пневмонияға байланысты. Қарқынды ем жүргізілгеніне қарамастан балада оң нәтиже байқалмайды".

Істің не себепті 8 ай бойы созылғанына әділет департаменті ауызша жауап қатты. Сөздерінше, сот-медициналық сараптамасы тек маусым айында тағайындалған. Демек, Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті бақандай 6 ай бойы қарап отырғанға ұқсайды. Айтпақшы, Алисаға кері ем жүргізген клиника Атыраудан тағы бір бөлімшесін ашыпты. Аты басқа болғанмен, заты өзгеріссіз қалған емхананың жұмысына құзырлы органдар тыйым сала алмай отыр. Себебі, "Кәсіпкерлік кодекстің" талаптарына қайшы.
Просмотров материала: 1 154

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 390 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 209 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 181 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 124 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 108 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 499 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 255 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 279 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 743 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 877 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 100 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 320 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 396 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 320 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 616 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 466 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 172 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 145 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 764 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 837 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930