25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Серік Жанболат: Арақ пен вирустың айырмасын қойдан сұраңыз

Серік Жанболат: Арақ пен вирустың айырмасын қойдан сұраңыз
Өткен ғасырдың 90-шы жылдары пластик бөтелкеге құйылған қытай арағының заманы туған. Сол сасық арақ айырбас валютасының ролін атқарып кете жаздады. Араққа сусаған көпшілік қолда барды сол шөлмектің санымен өлшеді. Тіпті бір қойды бір шөлмек араққа айырбастады-ау! Құны кеткен қайран Шопан ата! Төрт түлік пірінің бірінен айырылып қалуға аз қалдық. Бірнеше рет сүзгіден өтпеген спирттің пластикпен реакцияға түсіп, улы сусынға айналатынына да қарамады ғой, шіркіндер!

Пандемияға еш қатысы жоқ болса да қанша азамат сол пластик шөлмектегі у арақтың құрбаны болды. Ол құрбандарды санын да ешкім білмейді. Бірақ, аз емес. Енді, міне, пандемиямен жарысып пластик құтыға, "бакалажкаға" құйылған арақ тағы пайда болыпты. Анау-сынау емес, 5 литрден. Бұл алдыңғысынан да арзан ба дерсің?! 3000 мен 7000 теңге аралығында сатылады дейді. Есептейік: қазір ауылда бір қойдың бағасы 40-50 мың теңгенің маңайында. Орташа есеппен бір қойға 7 пластик арақ алуға болады. 5 литрлік 1 пластигіңіз 10 бөтелке арақ. 7 пластигіңіз 70 шөлмек. 70 бөтелке! Арзан. Дүкендегі 3 бөтелкенің орына 10 шөлмек арақ аласыз. Мәселе оның бағасында да емес, Мәселе: 70 бөтелке арақ бір ауылдағы қанша адамды улайтындығында. 5 литр пластик құтыдағы арағыңыз 5 литр вирусқа айналып кетуі оп-оңай нәрсе екен. Сөйтіп, Ковидке көк ит қосылып, пандемия - тандемияға айналып кетпесе деңіз?!

Олай деуге себеп те жоқ емес, қазір енді пандемия құрбандарының қатарына пластик ыдыстағы арақтан уланып өлгендердің саны қосылды. Тіпті, бірден көбейіп барады. Бұның бәріне себеп: арақ ковид вирусын өлтіреді екен деген жалған ақпарат. Онсыз да Азияда арақ ішуден алдына жан салмай тұрған қазаққа бұл кәдімгідей жақсы сылтау, желпілдеген желеу. Оның үстіне күндіз-түні қолтығыңа қыстырып жүруге тиіс антисептигіңіз де сол - спирт.

Сондықтан да қазір қай жақтан қанша спирт әкелемін десеңіз жол ашық тәрізді. Мынадай уақытта антисептик әкелгенге жанынан безген біреу болмаса кім қарсы тұрады?! Тәж-тажалдың диагнозын дәл табудың жолын таппай жүргенде, антисептик пен улы арақты шатастырсақ, сұмдықтың көкесі сол болатын шығар? Онда 5 литрлік пластиктегі арағыңыз шын мәнінде 5 литр вирусқа айналатыны анық! Оның айырмасын қазір кімнен сұраймыз? Қойдан басқа.

Серік Жанболаттың желідегі жазбасы

Дереккөз: Abai.kz
Автор: Серік Жанболат -
Серік Жанболат: Арақ пен вирустың айырмасын қойдан сұраңыз
Просмотров материала: 798

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 242 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 063 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 035 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 977 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 960 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 491 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 245 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 271 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 733 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 863 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 045 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 318 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 485 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 163 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 315 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 567 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 136 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 169 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 141 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 087 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 940 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 149 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 114 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 715 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 832 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 192 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 428 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 960 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 011 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 912 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 147 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 277 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930