15 августа 2020 г.

Дежурный по стране

Павел Казанцев: Көп жайт тәртіпке бағынуымызға байланысты
Көп жайт тәртіпке бағынуымызға байланысты...
Павел Казанцев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Мы в соц сетях:



«44 бала ғана қалды»: Алматыдағы жалғыз балалар үйі жабылды

30 июль 2020, 17:32
«44 бала ғана қалды»: Алматыдағы жалғыз балалар үйі жабылды
Алматы қаласы әкімінің 28 шілде 2020 жылғы № 3/261 Қаулысының негізінде қаладағы №1 балалар үйі жұмысын тоқатты. Енді шаһардағы соңғы балалар үйі де жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы журналистерге Алматы қаласы №1 балалар үйі директорының орынбасары Лариса Плотникова айтты. Оның айтуынша ұжымға Қаулы келіп, онымен қызметкерлер де, балалар да таныстырылған.

«28 шілдеде Алматы қаласы әкімінің қаулысы шықты. Қаулыда Алматы қаласы Білім басқармасына қарайтын балалар үйі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын тоқтату туралы айтылған. Біз бұл туралы бір жарым жыл бұрын хабарлама алғанбыз. Психологиялық тұрғыдан дайын болдық», - дейді Л. Плотникова.

Балалар үйінің жабылуына себеп – ондағы тәлімгерлер санының күрт азайып кетуі. Мекеме мамандары қазір мұнда небәрі 44 баланың қалғанын айтады. Ал тамыз айында олардың саны тағы екі есеге қысқарады. Себебі, 16 бала колледжге жолдама алған, олар қыркүйек айынан бастап жасөспірімдер үйіне ауыстырылады. Ал 5 бала осы аптада «SOS балалар қалашығы» мемлекеттік емес білім беру мекемесіне ауыстырылады. Қалған балалар да біртіндеп аталған қалашыққа жіберіледі немесе патронаттық отбасыларға беріледі.

«Мұндағы жағдайға қарағанда, тәлімгерлерге балалар қалашығында жақсы жағдай күтіп тұр. Олар коттеджде, 5 адам бір отбасында, ата-анамен бірге өмір сүреді. Мемлекеттің саясаты бойынша бала отбасы жағдайында, жылулықты сезініп өсуі тиіс. Бұдан олар жаман болмайды. Бүгін біз екі баланы жібереміз, қалған үшеуі дүйсенбі күні кетеді. Оларды бейімдеу үшін кәсіпқой психолог-мамандар жұмыс істейді. Олар қазір бөлініп бара жатқандарын уайымдап жүр. Әрине, бір-біріне көп жылдан бері бауыр басып қалды»,- дейді мекеме басшылары

Алайда қала билігі мен балалар үйі басшылығының бұл шешіміне тәрбиеленушілер қарсы. Олар бүгін мекеменің алдына жиналып, әкімдіктің қаулысына қарсылық танытты. Әкімдікке тәлімгерлер бірнеше рет хат жазып, балалар үйін жаппауды сұраған. Олар мемлекеттің қамқорлығында болуды қалайды.

«Алматыда жалғыз балалар үйі жабылды. Енді ол жоқ. Біз қазір мұнда 44 бала тәрбие алып жатырмыз, бізге осы жердегі жағдай ұнайды. Жақын күндері 5 баланы «SOS қалашығына» жіберуге шешім қабылданған, олардың екеуі күшпен ауыстырылып жатыр. Біз қазір қорғансызбыз. Бір отбасындай тыныш өмір сүріп жатырмыз. Біздің пікірімізді балалар үйінің басшылары да, қызметкерлері де тыңдағысы келмейді»,- дейді Александр Қайдаров.

«44 бала ғана қалды»: Алматыдағы жалғыз балалар үйі жабылды

Он бес жастағы Александрдың айтуынша, соңғы жылдары балалар үйіне әдейі көңіл бөлуді тоқтатқан. Он үш жылдан бері осында өмір сүріп келген жасөспірім тамақтың да нашарлағанын, ал бұрынғыдай қажетті заттарды беруді тоқтатқанына шағымданды. Соңғы жылдар тек жекелеген демеушілер әкелетін киімдерді ғана киетіндерін айтады.

Қалыптасқан жағдайға «Не молчи, дети.кз» қоры араласып, жоғарғы билік органдарының назар аударуын қалап отыр. Қор директоры Алмат Мұхаметжановтың айтуынша, балалар үйінің тәрибеленушілерін мемлекет қарамағынан аластату – мүлдем қате шешім. Жекеменшік мекемелер мен патронатты отбасыларға тиісті бақылау жасау қиын.

«Біздің сенім телефонымызға балалар хабарласты. Қиын жағдайда қалған жасөспірімдерге арналған 111 телефон номері болатын еді. Ол номерді барлық осындай балалар үйіне, мектептер мен түрлі мекемелердің қабырғаларына іліп қоятын. Ол колл-орталықта 40-тан астам психолог кезекшілік етіп, түрлі сұрақтарға жауап беріп отыратын. Қазір ол да жабылды. Бізге азды-көпті шағымдар келеді. Біз бұған бей-жай қарай алмаймыз. Тиісті органдарға хат жолдап, балалар үйін қайтаруды талап етеміз», - дейді А. Мұхаметжанов.

Қор өкілінің сөзінше, баланы жеке қоғамдық қорлардың қарамағына берудің жағымсыз жақтары да бар. Жетім балалар қашанда мемлекеттің қамқорлығында болған. Мемлекеттік мекемелерді жауып, жетім баланы жеке кәсіпкерлердің қолына бергеннен ұтарымыз жоқ деп есептейді. Себебі, ондай жеке мекемелерге сенім жоқ. Кез келген уақытта жабылып қалуы мүмкін.

«Сондықтан біз осы қалыптасып отырған жағдайға арнайы тәуелсіз комиссияның тексеру жүргізгенін қалаймыз. Депутаттар, Үкімет мүшелері мен қоғамдық ұйымдар бірігіп, балалар үйінің жабылуына құқықтық баға берсін. Сондай-ақ патронаттық отбасыларда тұрып жатқан балалардың жағдайына ешкім алаңдап жатқан жоқ. Ішкілікке салыну, балаларды ұру жағдайлары аз емес. Оларды мемлекеттік тиісті органдар да жоспарлы түрде тексеріп отыруы керек», - дейді Алмат Мұхаметжанов.

Айта кетейік, бұдан бұрын қалада №2 балалар үйі де жабылған болатын. Қала билігі 2017 жылы қазанда мекеменің жұмысын тоқтатты. Оның орнына «Жанұя», «SOS балалар қалашығы» сияқты жеке мекемелер құрылып, баланы отбасындағыдай тәрбиелеу әдісі енгізілді.
Просмотров материала: 603

Поделиться материалом


13:19 Қасым-Жомарт Тоқаев: Шәмші шығармашылығы – ұлттың баға... 130 Просмотров

13:02 Это был поджог - Акан Сатаев о пожаре в "Казахфильме"... 130 Просмотров

12:50 Қостанайда зейнеткер бірге тұрып жатқан әйелдің 4 жасар... 777 Просмотров

12:47 Как будут смягчать карантин в Алматы... 141 Просмотров

12:33 Алматыда 17 тамыздан бастап қандай нысандардың жұмысы... 146 Просмотров

12:30 Разрешат ли жителям Алматы массовые походы в горы после... 129 Просмотров

12:16 Елордада із-түзсіз жоғалған тоғыз азамат табылып,... 144 Просмотров

12:13 Беременная женщина и мужчина погибли в ДТП на трассе... 161 Просмотров

12:09 Түркия мен Қазақстан арасындағы рейстер 1 қыркүйектен... 151 Просмотров

12:00 Пьяный водитель, опрокинувший КамАЗ, лишён прав на 8 лет в... 128 Просмотров

11:53 Бүгін мемлекеттік грантқа ие болғандардың тізімі жарияланады... 178 Просмотров

11:53 Как дистанционно получить медуслуги в Казахстане... 121 Просмотров

11:42 Экологическая катастрофа грозит озеру Камбаш в... 135 Просмотров

11:40 Текелідегі "өзенге секіріп, ағып кете жаздаған" шенеунікке... 148 Просмотров

11:30 Кальянная работала, несмотря на карантин и установленный... 118 Просмотров

11:24 Мас күйінде жүк көлігімен аударылған атыраулық 8 жылға... 88 Просмотров

11:18 Мужчина избил и задушил пенсионерку в Актобе... 64 Просмотров

11:06 COVID-19: Шалғай аудандар көлікпен қамтамасыз етілді... 89 Просмотров

11:00 Авиарейсы между Казахстаном и Турцией возобновятся с 1... 90 Просмотров

10:55 Медициналық қызметтерді қашықтан қалай алуға болады... 80 Просмотров

10:50 Дело о смертельном наезде катера в Уральске... 88 Просмотров

10:39 Ақтөбеде жалғызбасты зейнеткердің үйін тонап, өлтіріп кетті... 73 Просмотров

10:38 Пенсионер утопил 4-летнего внука своей сожительницы в... 89 Просмотров

10:25 13 человек скончались от коронавирусной пневмонии в... 79 Просмотров

10:21 "СҚ-Фармацияның" бұрынғы басшысы екі айға қамалды... 83 Просмотров

10:18 Өткен тәулікте індеттен 13 адам қайтыс болды... 88 Просмотров

10:11 В Казахстане выявлено 439 зараженных КВИ за сутки... 90 Просмотров

10:05 Қазақстанда бір тәулікте 439 адам коронавирус жұқтырған... 74 Просмотров

10:02 Прогноз погоды на 15 августа... 68 Просмотров

20:50 Пять новых школ и детский сад откроют в Акмолинской области... 233 Просмотров

19:52 Партии в соцсетях: у партии Nur Otan практически нет... 369 Просмотров

18:02 СК-Фармацияның дәрілері өте қымбат – дәрігер... 258 Просмотров

18:01 Девушка пыталась покончить с собой, спрыгнув с моста в... 231 Просмотров

17:50 Мас күйіндегі ауыл тұрғыны «КамАЗ»-бен көпір үстінде... 266 Просмотров

17:48 Кайрат Бегимов назначен акимом Темиртау... 202 Просмотров

17:32 Атырау облысында 200-ге жуық адамнан туберкулез анықталды... 266 Просмотров

17:30 46 аптек продавали наркотические вещества в Казахстане... 230 Просмотров

17:22 В Казахстане предлагают включить волонтерство в трудовой... 264 Просмотров

17:15 Ер адам 1,5 айдан бері табылмай жатыр – Алматы облысы... 246 Просмотров

17:09 Дело Bek Air вернули прокурору... 248 Просмотров





Опрос


«    Август 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31