29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Карантин кезінде алыпсатарлар халыққа қызмет көрсету орталығының кезегін сатқан

29 июль 2020, 14:25
Карантин кезінде алыпсатарлар халыққа қызмет көрсету орталығының кезегін сатқан
«Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» акционерлік емес ұйымының басқарма төрағасы Әсемгүл Балташева Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектеновпен бірге бүгін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығын аралады, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

Нұр-Сұлтандағы Мамандандырылған ХҚКО - көлік сату, сатып алу операцияларын жасайтын, жүргізуші куәлігін беретін, көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін шығаратын орталық.

Олжас Бектенов алыпсатарларды тексеру Агенттік құзыретіне кірмейтінін, дегенмен қоғам тарапынан арыз-шағым болған соң келгенін айтты.

«Нақты бір алыпсатарларға қатысты факт немесе арыз болған жоқ. Бірақ, әлеуметтік желіде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына онлайн-бронь жасау саудаға түсіп кеткені туралы көп жазба оқыдық. Сондықтан, «Адалдық алаңымен» (агенттік ішіндегі қоғамдық мониторинг жүргізетін алаң – авт.) бірге бүгін мәселені анықтауға келдік. Жалпы, делдалдық, яғни, кезекті алып-сату негізіген көлеңкелі экономикаға, яғни, экономикалық қылмыстар жөніндегі органға немесе ішкі істер министрлігіне қарайды», - дейді Бектенов.

Агенттік басшысының орынбасарына жағдайды баяндаған «Азаматтарға арналған үкімет» пен халыққа қызметк көрсету орталығының мамандары онлайн-бронь жасау әу бастан дұрыс жүргізілмегенін айтты.

«Бұрын бір адам қатарынан он күнге немесе бірден он орынға бронь жасай алатын. Осылайша, олар кезекті алып-сатқан. Қазір біз жүйені өзгертіп, бір адам бір бронь жасайтындай және брондаған қызметін алмайынша,екінші бронь жасай алмайтындай етіп өзгерттік. Бір адам қатарынан он бронь алған соң, нағыз керек адамдарға орын жетпей, халық көп келе бастады. Анықтағанымыздай, көбіне броньды (қатарынан – авт.) халыққа қызмет көрсету орталығының айналасында сақтандырумен айналысатын адамдар жасайды екен. Біз олармен сөйлесіп, неге он бронь жасағанын сұрадық. Олар тұтынушы дәл нешеде келетінін білмеген соң, солай жасайтынын түсіндірді. Ал, енді бір ЖСН нөмірге бір бронь жасайтын етіп өзгеріс енгізгенде, олар келіп жатқан адамды көліктеріне отырғызып, сол жерде сенімхат арқылы бронь жасап беруге көшкен», - дейді мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының бөлім басшысы Дәулет Дүйсембеков.

Агенттік басшысының орынбасары Олжас Бектенов бұл жерде мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері ешқандай заң бұзбағанын, ал, Агенттік тек мемлекеттік қызметкерлерге қатысты тексеу жасай алатынын айтып, мәселені басқаша шешуге тырысу керегін айтты.

«Жаңағы бір ЖСН нөмірге бір ғана бронь және бронь жасаған кезде көліктің нөмірін міндетті тіркеу туралы тетікті тездетіп жүзеге асыру керек. Шамамен бір апта уақыт кетеді деп есептесек, 3 тамызда сол жүйе басталса, алыпсатарлар ешкімнің көлігін тіркей алмайды, өйткені, көліктің нөмірі жоқ. Сондықтан, бұған осылайша кедергі жасауға болады. Сонымен қатар, көлеңкелі экономика ретінде және алаяқтық (мүмкін – авт.) фактілері болса, ішкі істер министрлігіне жүгінуге болады», - деді Бектенов.
Просмотров материала: 497

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 538 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 377 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 365 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 303 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 258 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 499 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 621 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 218 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 221 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 278 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 430 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 970 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031