26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мәулен Әшімбаев: «Парламенттік каникул» дегеніміз дәстүрлі демалыс емес

28 июль 2020, 13:03
Мәулен Әшімбаев: «Парламенттік каникул» дегеніміз дәстүрлі демалыс емес
«Парламенттік каникул» дегеніміз дәстүрлі демалыс емес. Бұл жөнінде Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев facebook-тегі парақшасына жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәулен Әшімбаев өз жазбасында Парламенттің өткен сессиядағы жұмысына тоқталып, қабылданған кейбір нормаларға назар аударған.

«Өткен сессияда Парламент Мемлекет басшысының экономиканы қалпына келтіру және пандемиямен күрес жұмыстарына қатысты барлық бастамасын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз еткенін ерекше атап өткен жөн», – деді Сенат Төрағасы.

Сондай-ақ, ол парламенттік каникулға шыққан сенаторлардың өз өңірлерінде және елордада індетпен күрес жұмыстарына белсене атсалысып жүргенін айтқан.

«Бүгінде депутаттар өз өңірлерінде жұмыс істеуде. «Парламенттік каникул» дегеніміз дәстүрлі демалыс емес. Бұл – ең алдымен, жұмысты Парламент қабырғасынан тыс жерде жалғастыру деген сөз. Қазірдің өзінде сенаторлар алдағы сессияда қаралатын заң жобаларымен жеке жұмыс істеп жатыр», – делінген жазбада.

Індетке байланысты қабылданған шектеу шаралары депутаттардың аймақтардағы сапарына да айтарлықтай әсер еткенін айтқан Сенат Төрағасы халықпен кездесулердің алдағы уақытта өткізілетініне назар аударған.

«Карантин кезінде азаматтармен жаппай кездесуден бас тартуға тура келді. Бірақ карантин аяқталып, эпидемиологиялық жағдай жақсарған соң халықпен кездесулер міндетті түрде өткізіледі. Бүгінде аймақтарға барған сенаторлар Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысын қадағалап, бақылау жүргізуде. Дәрі-дәрмек пен медициналық құралдар жетіспей жатса, сол түйткілді дереу көтеріп, орталық және жергілікті мемлекеттік органдарды жұмылдыру арқылы мәселенің оң шешілуіне септіктерін тигізіп жатыр», – дейді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар ол індет кезіндегі қайырымдылық істерге де тоқталып өткен.

«Депутаттарымыз халықпен бірге өз қаражаттары есебінен азаматтардың және медициналық мекемелердің қажеттілігі үшін қолдау көрсетуде. Көпшілігі бұл әрекеттерін жария түрде жасап жатқан жоқ. Жасаған қайырымды істерін жариялау не жарияламау – әркімнің жеке қалауы. Дегенмен, қазіргідей жағдайда қайырымдылық пиардың құралына айналып кетпеуі керек деп есептеймін», – деген Сенат Төрағасы

Құрбан айт қарсаңында қолға алынған жаңа бастаманы да тілге тиек еткен. «Құрбан айт қарсаңында сенаторлар медициналық қызметкерлерді қолдауға бағытталған акцияға белсенді қатысып жатыр. Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет қоры» депутаттармен және еріктілермен бірлесіп дәрігерлер мен медициналық қызметкерлердің отбастарына азық-түлік қоржындарын таратуды ұйымдастырып отыр. Мен бұл ізгі бастама қазақстандықтар тарапынан үлкен қолдау табады деп ойлаймын», – дейді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ, Сенат Төрағасы пандемиямен күрес жұмыстарына әр азаматтың үлес қосу керектігін атап өткен.

«Коронавирус адамдарды әлеуметтік мәртебесіне, тұрмыс жағдайына, жынысына, этникалық сипатына қарай бөлмейді. Сондықтан пандемиямен күрес – жалпыұлттық күрес деген сөз. Осы жағдайда сенаторлар азаматтардың денсаулығын қорғауға және дағдарыстан кейінгі кезеңде экономиканы қалпына келтіруге бағытталған жұмысын жалғастыра береді. Барлық мүдделі азаматтармен және ұйымдармен ынтымақтаса жұмыс істеп, бірлесіп әрекет етуге дайынбыз», – делінген Мәулен Әшімбаевтың жазбасында.
Просмотров материала: 643

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 301 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 121 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 093 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 035 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 019 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 494 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 250 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 274 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 736 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 872 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 070 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 486 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 318 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 590 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 139 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 465 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 143 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 942 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 151 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 737 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 836 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 431 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 924 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 148 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930