25 октября 2021 г.

Мы в соц сетях:



Қай сөзіңе сенейін, Қытай көрші!?

Құрметті менің оқырмандарым! Әр ұлттың арманының биік шыңы - өз мемлекетін құру. Жер бетінде 2000- нан аса (кейбір деректерде 3000-ға жуық) ұлттар мен ұлыстар бар екен. Ал мемлекет саны 200-ге жуық қана. Бұл дегеніміз өз мемлекетін құрып, егемен ер болып тұру бақыты Жер бетіндегі ұлтар мен ұлыстардың 10%-іне ғана бұйырған екен. Біз сондай бақыт бұйырған ұлттардың қатарындамыз.

«Үй сатып алма, көрші сатып ал» - деген бар. «Көрші ақысы, тәңір ақысы» деген, сыйластыққа, татулыққа шақырған нақыл сөзді де ұмытпаған жөн. Біз жас мемлекетпіз, сондықтан болашақтан күтер жақсылықтардан үмітіміз зор. Дегенмен, «Өткен шақсыз, келешек болмайтыны (Без прошлого, нет будущего)» да естен шығармаған абзал.

Біздің маңдайымызға екі алып елмен көрші болу жазылыпты. Ресейдің сыры бізге мәлім, бірнеше ғасыр бодан болдық. Ресей отарлауының ең басты зардабы - қазақылығымызды, тілімізді, ділімізді өз тұғырына қондыра алмай келеміз.

Ал енді Қытай туралы не білеміз? Шындап келгенде, ештеңе де білмейміз-ау деп ойлаймын. Қытай туралы біздің бүгінгі білгеніміз эйфорияға толы. Ол эйфорияның орындысы бар, орынсызы бар - оның байыбына барып жатқанымыз да шамалы.

Ал енді өткенге көз жүгіртсек, осы екі көршіміз Ұлы Тұранды (Үлкен Түркістанды) екіге бөліп, Қазақтың біртұтастығын бұзғанын білуіміз қажет. 1864 жылы 7 қазанда Шәуешек қаласында Ресей мен Қытай «Қытай-Ресей солтүстік-батыс шекараны белгілеу келісіміне» қол қояды. Екі жақтық келісім бойынша Ертіс өзенінен көлденеңдеп, Памирге дейін тартылған бұл шекара сызығы қазақ жерін де, елін де екіге бөлді.

Шәуешек декларациясында Ресей мен Қытай қазақдеген атау пайдаланбайды: «Осыдан кейін екі мемлекет осы белгіленген шекара маңындағы өңірлерде отырған малшыларға таласпау үшін осы келісім құжаттар бір-біріне тапсырған (күшіне енген) күннен бастап, олар бұрыннан бері қай жерде мал бағып отырған болса,сол жерде малдарын бағып отыра берулері керек. Олар сол ежелгі қоныстарда орнығып отырып, шаруашылықтарымен шұғылдана берулері үшін, жер қай мемлекетке бөлінсе, онда отырған адамдар жерімен қоса, сол мемлекеттің басқаруында болады» (ҚЭ, Т.—478б).

Осыдан 160 жыл бұрын бұл маңды ҚАЗАҚТАР мекендеген. Бірақ декларацияда ҚАЗАҚ деген сөзді малшылар деген ұғыммен қасақана алмастырған боп тұр.

Қытай көршіміздің бізге деген көзқарасы осы Шәуешек декларациясынан бері көп өзгере қоймаған сияқты. Қазақстан жеріне келген Қытай компанияларының кейбір өрескел қылықтары, біздің заңдарымызды аяқ асты етуі осының көрінісі болса керек.

Қытаймен «достық» біздің еліміздегі сыбайлас-жемқорлықтың кең етек алуына да тікелей әсер етіп отырған сияқты. Біздің елдегі әлі «буыны қата қоймаған» шенеуніктер қытайлықтардың «ыстық ықыластары» мен «шексіз жомарттығына, мейірбандықтарына» төтеп бере алмауда десем, қателеспейтін сияқтымын.

Менің ақын ағам қауіп қылғандай:
«Жемқорлар өзіміздің адамдар ғой,
Қытай келіп қалмасын басып елді» (Әбдібек Аралбайұлы 2019ж)

Ал енді, бүгінгі Қытайдың өзіндегі қазақтар мен басқа да мұсылман бауырларымызды тәрбиелеу лагерьлері деп аталатын түрмеге қамап, зорлықпен қытайландыру жұмыстары, тілінен, ділінен, дінінен күштеп ажырату саясатының негізіде сол Шәуешек декларациясы екені анық.

Біздің егемендік алып, терезесі тең көрші болғанымызға 30 жылдай уақыт болса да, шығыстағы көршіміздің бізге деген көзқарасы әлі сол қалпында, өзгермеген сияқты. Әйтпесе қытайдың зиялылары мен басшылары қазақтың біртұтас екенін, «тоғайдағы еліктің тұяғы қақсаса, қырдағы арқардың мүйізі сырқырайтынын» білмей отыр дейсіз бе? Ал мемлекетаралық келісім-шарттарда Қытай көршіміз стратегиялық әріптесіміз, досымыз.

Ресми құжаттарда әріптес, дос дегеніміз болмаса, осы көрші тарапынан шынайы дос көңілі көрінбейді. Құдайы көршіміз еді, болашаққа тату-тәтті, сыйластықпен барайық деген пиғыл жоқ бұл Қытайыңызда. Мектептегі оқулықтарында Қазақстан жерінің жартысына жуығы қытайдікі деп балаларын оқытып жатыр.

Біздің жерімізге көзін алартып, сол алакөз пиғылын өзінің жас ұрпағына сіңіріп, ресми құжаттарда бекітілген әріптестік және достық идеясына қарсы, қарама-қайшы тірлік жасауда. Сонымен, бұл көршіміздің бізге қатысты сөзі бір жақта, ісі бір жақта болып тұр. Сөзі мен ісі қабыспай тұрған көршімен риясыз дос болуға ешкімнің де құлқы бола қоймас.

Өзбек ағайындармен жақын тұратын оңтүстіктің қазақтарында – «Өзіңе өзің берік бол, қоңсыңды (көршіңді) ұры тұтпа», - деген нақыл сөз бар. Сөз басында айтып кеткен Қытай туралы біздің білетініміздегі эйфорияның бір көрінісі көршіміздің «ұлылығын» мойындап, төменшіктейтініміз.

«Ұлық болсаң, кішік бол», -дейді атам Қазақ. Өзін социалистік елміз деп жариялап, коммунистік идеологияны ту ғып ұстанса да, Қытайда шынайы тең құқықтық интернациолизм жоқ болып тұр. Аз халықтар, ұлттар мен ұлыстарға қамқорлықтан гөрі, көрсетіп жатқан қысым көп. Сондықтан бұл көршіміздің «ұлылығын» сонша ұлықтауға негіз бар ма екен? Бұл «ұлылықтың» гуманитарлық-адамилық жағы ақсап тұрғаны көзге ұрып тұрған ақиқат.

Көршіміз «ұлы» екен деп, қазақтың біртұтастық идеясы мен жалпы қазақтың мүддесін тарихтың күресініне ысыра саламыз ба сонда? Дана бабаларымыздың қалдырған өсиетіне арқа сүйеуіміз керек-ау. Ол өсиет бойынша «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады».

Бізді алып көршілермен теңестіретін тек қана адамилық капитал мен білім ғана. Жарықтық Ғабең (Ғабит Мүсірепов) туралы мынадай бір әңгіме есіме түсіп отыр. Бірде Ғабең жас әріптестерімен әңгімелесіп отырып былай депті:

«Осы біз арғы бабамыз батыр болған, бергі бабамыз би болған, бәрі мықтылар болған деп мақтанғанда алдымызға жан салмаймыз. Егер біздің арғы-бергі бабаларымыз соншалықты мықты болса, неге Ресейге, Қытайға, тіпті өз ағайындарымыз Өзбекке жер беріп қойдық?»

Ғабеңнің бұл сұрағына жауап ретінде әріптестері:

«Біздің бабаларымыз шынында да мықты болған, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен осыншама жерді алып қалған», – деп жалтары жауап беріпті.

Жауапқа көңілі толмаған Ғабең сонда «Себебі біз олардың мәдениетіне өз мәдениетімізді қарсы қоя алмадық» деген екен.

Осыған шамалас ойды Шер-ағаң (Шерхан Мұртаза) да айтып кеткен: «Ашынған қарның тойынар, жыртылған киімің бүтінделер, одан кейін не істейсің?»- деп.

Қытай көршіміздің қай сөзіне сенеміз? Сондықтан ата-бабаларымыздың өсиетіне арқа сүйейік. Ал шығыстағы көршімен қарым-қатынасты «жеті өлшеп, бір кес» деген қағидамен жүргізген абзал шығар.


Нұғман Аралбай, биология ғылымдарының докторы, профессор




Просмотров материала: 11 848

Поделиться материалом


18:00 Незаконная вырубка деревьев: предъявлены иски на 90 млн... 109 Просмотров

17:38 Лжесотрудница Антикора "разводила" иностранцев на деньги,... 111 Просмотров

17:30 «Кезексіз пәтер алып беремін»: Шымкент тұрғынын алдаған... 118 Просмотров

17:23 22-летняя жительница Туркестанской области родила тройню... 120 Просмотров

17:10 Парень до смерти забил лопатой и изрезал ножницами... 124 Просмотров

17:08 Тоқаев Шавкат Мирзиёевті Қазақстанға шақырды... 139 Просмотров

17:05 Рязань облысында жарылған цехтың басшылары ұсталды... 107 Просмотров

16:55 Түркістанда 22 жастағы келіншек дүниеге үшем әкелді... 192 Просмотров

16:53 Актобе окутал дым: жителей попросили не выходить на улицу... 116 Просмотров

16:43 Хан казахского джаза... 135 Просмотров

16:42 Ауғанстанның жарты халқына ашаршылық қаупі төніп тұр - БҰҰ... 117 Просмотров

16:28 Мошенница обманула жительницу Жамбылской области на 2 млн... 126 Просмотров

16:21 Қазақстан мен Венгрия медицина туризмін дамытады... 116 Просмотров

16:15 Жаңа еGov платформасы: Сбермен қатар Қытай да өз... 101 Просмотров

16:11 Мусин вакцина паспорттарына қатысты сынға жауап берді... 129 Просмотров

16:09 Нацбанк Казахстана повысил базовую ставку до 9,75%... 90 Просмотров

16:07 Қарағандыда әкімдік терезесінен құлап кеткен жұмысшы ісіне... 86 Просмотров

16:00 Кейбір сөзді мен де ұға бермеймін – министр eGov-тың... 92 Просмотров

15:56 Завхоза осудили после гибели рабочего, который выпал из... 144 Просмотров

15:50 Нағыз қазақ көк көзді еуропоид болған деген түсінік қате... 286 Просмотров

15:43 Ұлттық банк базалық мөлшерлемені тағы көтерді... 117 Просмотров

15:43 Отец с маленьким сыном утонули в ЗКО... 86 Просмотров

15:40 Өзбекстан ОСК Мирзиеевтің жеңісі туралы ақпаратты түсіндірді... 89 Просмотров

15:26 Тәліптер волейболшы қызды өлтірген біз емес дейді... 132 Просмотров

15:22 Метель и гололед ожидаются в Казахстане... 70 Просмотров

15:19 Қазақстанда жауын, көктайғақ пен бұрқасын күтілуде... 119 Просмотров

15:00 Мемлекеттік қызмет көрсету жағынан артта қалған... 103 Просмотров

14:45 Нұр-Сұлтан көпіріндегі жол апаты. Күдікті қамауға алынды... 137 Просмотров

14:32 Дәрігер кімге пияз жеуге болмайтынын айтты... 83 Просмотров

13:58 Смертельное ДТП на мосту в Нур-Султане: задержан... 93 Просмотров

13:50 Пластиковые тюльпаны за 15 млн тенге начали разваливаться в... 103 Просмотров

13:39 Круглосуточно следить будут за работой казахстанских... 110 Просмотров

13:27 Казахстанские спортсмены завоевали 6 золотых медалей на... 125 Просмотров

13:13 Ученые: употребление алкоголя в молодости приводит к... 142 Просмотров

13:00 Димаш үйленген соң қайда баратынын айтты... 308 Просмотров

12:41 Ақтауда 15 миллион теңгенің қызғалдақтары бүліне бастады... 344 Просмотров

12:36 Қазақстанда қанша оқушы семіздікпен ауырады... 134 Просмотров

12:34 Қазақстанда онлайн алуға болатын мемлекеттік қызметтер... 193 Просмотров

12:31 Қазақстандық спортшылар келер жылы Пекинде өтетін қысқы... 159 Просмотров

12:11 Украинада Абайдың ерекше ескерткіші ашылды... 119 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031