27 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Әкім креслосы мұрагерлікпен берілмейді - Бердібек Сапарбаев ауыл әкіміне ескерту жасады

Әкім креслосы мұрагерлікпен берілмейді - Бердібек Сапарбаев ауыл әкіміне ескерту жасады
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Мойынқұм ауданына жұмыс сапары барысында Мыңарал ауылдық округінде болып, ақсақалдар және жергілікті тұрғындармен кездесті, олардың мәселелерін тыңдады,- деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу барысында ауыл тұрғыны Гүлзағира Ешмағамбетова ауыл әкімі Зүбаржат Қамиеваның жұмысын сынға алып, шенеуніктің сөзі мен ісі арасында алшақтық көп екенін ашына жеткізді.

Оның айтуынша, тұрғындар әкімнің өз орнын босатуын талап етіп отыр. Өйткені ол бар мәселені шешпек түгілі, ауылдастарының сөзіне құлақ асқысы да келмейді.

Елді мекеннің тағы бір тұрғыны Гүлдария Ақбасованың сөзіне сенсек, ауыл әкімі азаматтар арасындағы алауыздыққа ықпал етуде.

«Соңғы кездері әкіміміз арамыздағы қарым-қатынасқа кері әсер етіп жүр. Оның жалғыз мақсаты - ауыл әкімінің орнынан айырылмау. Ауылдық Мәдениет үйі ұзақ уақыттан бері жұмыс істемейді. Алайда әкімнің туыстары сол жерден жалақы алуда. Бұл аз десеңіз, ол ауыл тұрғындарының жартысын қорқынышпен ұстап отыр. Бірақ шыдамның да шегі бар, біз енді барлық жаққа баруға дайынбыз», - дейді әйел.

Мыңарал ауылдық округі жанындағы Мыңарал стансасының тұрғыны Нағима Ақжолова соңғы 35 жылда ауылда ешқандай өзгеріс болмағанын алға тартады. Әйелдің айтуынша, әкім өзекті мәселелерді шешуде ешқандай бастама көтермейді.

«Ол көше дәретханасының мектеп ішінде орналасуы бойынша ешқандай жұмыс жүргізбеді. Зүбаржат Қамиеваның әкесі 20 жыл бойы ауылдық округті басқарды. Өзі жеті жылдан бері әкім болып жүр», - дейді ашулы тұрғын.

Ал, Ерлан Байжомартов шенеуніктің және Мыңарал ауылындағы қоғамдық кеңес төрағасының заңсыз әрекеттеріне наразы. - Ауыл тұрғындары бірнеше рет әкімнің есеп беру кездесулеріне қанағаттанарлықсыз деген баға берді. Зүбаржат Талғатқызы қаншалықты заң аясында жұмыс істеп отырғандығын тексерулеріңізді сұраймыз.

Ауылда наразылық басталса болды, әкім кезекті демалысына немесе декретке шығып кетеді, - дейді Ерлан Байжомартов.

Жергілікті шенеуніктердің іс-әрекетін мұқият қадағап отыратын ақсақалдар кеңесінің төрағасы Базарбай Бөкенов ауыл әкімінің басқару қабілетінің төмендігін және өз жауапкершілігін сезіне алмайтынын жасырмады. Ауыл тұрғындары ауыл әкімін қызметтен босатуды талап етуде. Бұл - қарапайым халықтың басты талабы.

Тұрғындарды толғандырған барлық мәселені мұқият тыңдай келе, облыс басшысы жақын арада ауыл әкіміне қатысты мәселе өз шешімін табатынына сендірді.

- Әкімнің креслосы мұрагерлік бойынша берілмейді. Жеті жыл - ауылды абаттандыру, тұрғындарға тиісті жағдай жасау үшін жеткілікті мерзім. 2013 жылдан бастап әкім тек төрт ескі электр бағанасын ауыстырды. Сонда ауылдағы 96 бағанды ауыстыру үшін қанша уақыт қажет? Зубаржат Талғатқызы, сіз Президентке шағым жаздыңыз. Алайда, сіздің әрекетіңіз заңға қайшы. Мұнда барлық шағымдарды тексеретін арнайы комиссия жібереміз. Егер заңсыз әрекеттер расталса, шенеунік заң аясында жауапкершілікке тартылады. Біз шағын ауыл тұрғындарының бір-бірімен араздасуына жол бермейміз, - деді аймақ басшысы.

Кездесуді қорытындылай келе облыс әкімі ауыл тұрғындары көтерген мәселелердің барлығы мемлекеттік бағдарламалар аясында шешілетінін тілге тиек етті.
Просмотров материала: 809

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 181 056 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 180 565 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 180 150 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 180 201 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 180 512 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 532 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 662 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 902 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 086 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 242 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 839 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 092 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 453 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 278 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 106 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 319 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 365 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 047 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 441 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 164 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 167 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 996 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 831 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 102 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 042 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 549 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 076 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 868 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 135 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 503 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 887 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 834 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 894 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 847 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 081 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 218 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031