24 мая 2022 г.

Мы в соц сетях:



Қазақстанға 100 жылжымалы медициналық кешен жеткізілмек

Қазақстанға 100 жылжымалы медициналық кешен жеткізілмек
Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай" тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жалпы, төсек орын қоры 30,4 мың орыннан 49,7 мыңға жеткізіліп, 19,3 мыңға көбейтілді. Провизорлық төсек-орын 20 пайызға, жансақтау бөліміндегі төсек-орынды пайдалану 6 пайызға төмендеді. Үйдегі науқастарға қызмет көрсету үшін 2962 мобильді бригада ұйымдастырылды. Республиканың инфекциялық және провизорлық стационарларында 1958 өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараты бар. Қосымша тағы 4183 аппарат сатып алынбақ. Оның 3105-і отандық өндірушілерден сатып алынады. Шамамен, алдағы екі ай ішінде бұл аппараттар елімізде өндіріліп, медициналық ұйымдарға орналастырылатын болады. Сондай-ақ 21 855 мың төсек-орын оттегіге, оның 17 762 мыңы оттегі концентратына қосылады. Бұл аппараттар мемлекеттен ғана емес, елдегі қарапайым азаматтары мен меценаттардың көмегімен алынды. Тағы бір маңызды мәселе – 100 жылжымалы медициналық кешенді жеткізу жоспары бар. Мұндай кешендер аймақтың деңгейде медициналық көмек беруге, оның ішінде шалғай жатқан елді мекендерді қамтуға мүмкіндік береді. Кешен рентген құрылғысы, УДЗ, ЭКГ, генекологиялық және бақылау кабинеттерімен, анализ алу пунктімен жасақталған, - деді ол.

Министр жедел шараларды қабылдау нәтижесінде тәуліктік вирус жұқтыру көрсеткіші 4 пайыздан 2,1 пайызға төмендегені байқалғанын жеткізді.

Жедел жәрдемді шақыру көрсеткіші 23 пайызға, жеке қалаларда екі есе азайды. Коронавирустан сауыққандар саны 60 пайызға жетті. Бұл мәліметтер елдегі сырқаттану динамикасының тұрақталып келе жатқанын көрсетеді. Өзге өңірлердегі дәрігер әріптестерімізбен тілдескен кезде де, дәрігерлердің үйреншікті жұмыс режиміне біртіндеп кірісе бастағанын білдік. Енгізілген шаралар жүйелі түрде жұмыс істей бастағаны байқалады. Әрине, денсаулық сақтау жүйесі бірден толыққанды жұмыс істеп кетпесі анық. Дегенмен, бізде нақты алға жылжу белгілері бар. Жұмыс жүйеленіп, қолжетімділік артып, мобильді бригадалар көбейіп келеді. Екі апта бұрын мобильді бригада деген атымен жоқ еді, қазіргі көрсеткіш басқа, - деді ол.

Алексей Цой дәрілік заттарды жоспарлау және сатып алу мәселесіне баса назар аударылып отырғанын айтты.

Мемлекет басшысының сапалы ұйымдастыру және дәрі-дәрмек сатып алу тапсырмасы бойынша дәріні бір реттік кіргізу бойынша сертификаттау мен тіркеу тәртібі жеңілдетілді, Өңірлерде осы бағытта арнайы тұрақтандыру қорлары жасақталды. «СҚ-Фармация» дәрілік заттардың бір айлық қорын құрды және ол осы айдың соңына дейін барлық өңірлік ауруханаларға жеткізілетін болады. Келешекте «СҚ-Фармация» қоймасында дәрілік заттардың екі айлық қорын жасақтау жоспарда бар. Бөлшек сауда бойынша біз отандық жаппай саудамен айналысатын компанияларға көмек ретінде Ресей және Үндістанға 6 әуе рейсін ұйымдастырдық. Қазір 4 миллионнан астам қорап дәрі Қазақстанға жеткізілді, - деді министр.

Просмотров материала: 555

Поделиться материалом


18:42 Количество разводов сократилось в Казахстане... 56 Просмотров

18:28 Рассылка о кредитной амнистии - фейк... 69 Просмотров

18:03 Глава КНБ доложил Токаеву о мерах по пресечению оборота... 65 Просмотров

17:59 Взятка в 40 миллионов: в ЗКО задержан сотрудник налоговой... 84 Просмотров

17:53 «Kaspersky» қазақстандық пайдаланушылардың фишингтік... 70 Просмотров

17:11 220 миллиардов тенге возвращено в бюджет Казахстана с... 56 Просмотров

16:47 Генерал-майор полиции задержан в Алматы... 128 Просмотров

16:22 Схема просмотра: фильмы Фархата Шарипова, которые стоит... 91 Просмотров

16:04 3 мың қазақстандыққа жалдамалы баспана үшін субсидия беру... 86 Просмотров

15:52 Xiaomi и Leica Camera объявляют о долгосрочном... 106 Просмотров

15:48 Салондардағы автомобиль тапшылығы кредит беруге кері әсерін... 103 Просмотров

15:34 2 проценттік ипотека алатындардың саны артады –... 174 Просмотров

15:16 Теміржол бойымен "серуендеу" үшін жаза күшейтілуі мүмкін... 130 Просмотров

15:08 Павлодарда сүйіктісімен айырылғанға көндіге алмаған ер адам... 471 Просмотров

15:02 СҚО-да 5 тонна чипс тиелген фура аударылып қалды... 117 Просмотров

14:50 Биыл 700 млрд теңгеге жуық утилизациялық алым жинау... 111 Просмотров

14:24 Қазақстанда жыл басынан бері қанша адам пойыз астына түсіп,... 130 Просмотров

14:20 Роман Скляр: Қазақстанда машина жасау саласының болашағы бар... 111 Просмотров

14:10 Қазақстан утилизациялық алымнан бас тартуы мүмкін бе –... 179 Просмотров

13:06 TikTok запускает инициативу #УчисьвTикТокКазахстан... 130 Просмотров

12:55 Ақтауда 14 қабатты тұрғын үйдің шатырында балалар жүгіріп... 149 Просмотров

12:43 Свора бродячих собак едва не загрызла ребенка в Актобе... 125 Просмотров

12:29 Скляр автокредит бағдарламасы сәтсіздікке ұшырады... 166 Просмотров

12:25 Реформа. 55-бапқа қандай өзгеріс енгізіледі?... 131 Просмотров

12:24 В МОНе прокомментировали оспаривание оценки школьника в... 125 Просмотров

12:22 Балқашта су деңгейі шекті мөлшерден 1 метр жоғары тұр –... 113 Просмотров

12:17 Казахстанцев просят не посещать Западную Африку из-за оспы... 125 Просмотров

12:09 Жақсы дәстүр ғой - Министрлік соңғы қоңырауда ұстаздарға... 116 Просмотров

12:07 VIP-номера для авто покупали по поддельным квитанциям в... 125 Просмотров

12:05 Қазақстан күріш дақылдарын себуді азайтып жатыр... 123 Просмотров

11:59 Карантинный беби-бум ставит новые рекорды в Казахстане... 122 Просмотров

11:53 Биыл Қазақстан халқының 58 пайызы газбен қамтылады –... 121 Просмотров

11:44 Сотни грузовиков стоят в очереди на границе Казахстана и... 113 Просмотров

11:32 Елімізде ажырасқандардың көбі төрт жылға дейін ғана бірге... 151 Просмотров

11:32 Очередной раунд переговоров по Сирии пройдет в Нур-Султане... 120 Просмотров

11:28 ҰБТ кезінде камера мен құлаққап қолданған түлектің тестілеу... 156 Просмотров

11:24 Некоторые регионы увлеклись передачей школьных столовых... 138 Просмотров

11:24 Үкімет басшысы: Вегетациялық кезеңнің жақсы өтуі елдегі... 112 Просмотров

10:58 Дәрігер ас тұзын алмастыратын өнімді атады... 153 Просмотров

10:37 «Лаборатория Касперского» предотвратила более миллиона... 148 Просмотров





Опрос


«    Май 2022    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031