20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Эпидемиологиялық жағдайға байланысты әскерлердің жауынгерлік дайындық форматы өзгерді

15 июль 2020, 10:46
Эпидемиологиялық жағдайға байланысты әскерлердің жауынгерлік дайындық форматы өзгерді
Қорғаныс министрлігінде өткен аппараттық кеңесте әскерлердің жауынгерлік дайындығы мен әскери қызметшілердің коронавируспен күреске қатысуы, мерзімді қызметке шақыру мәселелері айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігінің басшылығы бекітілген жоспарларға сәйкес жауынгерлік оқуды толық көлемде жалғастыруға және карантиндік шараларды қатаң сақтауға баса назар аударды.

Ведомоство басшысына әскерлердің жай-күйі мен жеке құрамды даярлау, сонымен қатар оқыту жоспарларының орындалуы туралы өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектерінің бас қолбасшылары мен қолбасшылары баяндады.

Айта кету керек, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері парашютпен 800–ден астам секіруді жүзеге асырды, оның 64-і түнде болды. Әскерлерде арнайы-тактикалық оқу-жаттығулар өткізіліп, мамандықтар бойынша дайындық жалғасуда.

Әуе қорғанысы күштерінде авиациялық техниканы жөндеу мен жаңғыртудан кейін қабылдау жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылады, жас ұшқыштар құрамымен ұшу дағдыларын оқыту және жетілдіру үшін жоспарлы оқу-жаттығу ұшулары өткізіледі.

Барлау бөлімшелерімен, әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерімен және артиллериялық бөлімшелермен лагерлік жиын өткізіледі. Күрделі эпидемиологиялық жағдайда әскерлерді даярлау форматының өзгеруі мәжбүрлі шара болды. Министр лагерлік жиындарды полигондарға бармай, тұрақты орналасқан пункттерге жақын жерде далалық сабақтар түрінде өткізуді тапсырды. Бас қолбасшылар мен әскерлер қолбасшыларына өткізілетін сабақтарды жан-жақты бақылауды қамтамасыз ету, мақсаттары мен нақты түпкілікті нәтижелерін көрсете отырып, сабақтар бағдарламаларын әзірлеу жөнінде нұсқау берілді.

Әскерлердің жауынгерлік оқу нысандарының бірі – халықаралық армиялық ойындар. Бұл жай ғана жарыс емес, армияны дайындау мен оның жауынгерлік қабілетін күшейтудің элементі саналады. Жаттығулар мен жарыстар барысында әскери қызметшілер өз шеберліктерін арттырып, түрлі қару-жарақ пен әскери техниканы игереді. Сондай-ақ, әскердің дайындық деңгейін көрсетіп, өзара тәжірибе алмасады. Ауқымды халықаралық әскери жарыстар әскери-саяси байланыстарды нығайтуға өз ықпалын тигізеді.

Қарулы Күштерде командаларды жоспарлы дайындау үдерісі жалғасуда. Министр атап өткендей, санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар мен ойындарды ұйымдастырушы елдердің талаптарын ескеру және сақтау маңызды. Қатысушыларға карантин және тестілеу бойынша қатаң медициналық талаптар қолданылады. Барлық сайыстар елді мекендерден алшақ, сондай-ақ ашық ауада ұйымдастырылады.

Жыл сайын қатысушылар құрамы жаңартылады. Командалар конкурс ережелерінің талаптарына сәйкес құрылады. Қорғаныс ведомствосының басшысы командаларды дайындау нәтижелілігін арттыру, қатысушыларды жеке және командалық сынақтарда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге ынталандыру жөнінде тапсырма берді.

Жылдағы дәстүрге сәйкес, АрМИ-2020 армиялық ойындарының бірнеше сайысы еліміз аумағындағы Гвардейск гарнизонының полигондарында өтеді. Сонымен қатар, армиялық ойындарға қатысу туралы түпкілікті шешім эпидемиологиялық жағдайды негізге ала отырып қабылданады.

Қарулы күштер жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдай органдарына дезинфекциялау бойынша көмек көрсетуді қайта бастады.


Атап айтқанда, Атырауда қалалық қызметке көмек ретінде әскери қызметшілердің жеке құрамы мен қажетті жабдықтар бөлінді. Дезинфекциялау жұмыстары Ақмола, Тараз, Шымкент және Қызылорда гарнизондарында жоспарланған.

Қарағанды әскери лазарет дәрігерлерінің бір тобы азаматтық медицина мамандарымен бірге коронавируспен күресуге қатысады. Өңір басшысы әскери медицина қызметкерлеріне қиын уақытта қажетті көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Белгіленген мерзімдерге сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру өтеді. Оған қоса Қарулы Күштердің әскери бөлімдері жасақталады. Жас буын денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шара ретінде «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ-мен әскерге шақырылушыларды қызмет орындарына жіберу үшін жеке темір жол вагонын бөлу мүмкіндігін пысықтау туралы нұсқау берілді.
Просмотров материала: 704

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 772 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 595 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 564 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 498 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 481 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 448 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 209 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 234 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 670 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 802 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 766 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 297 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 467 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 379 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 293 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 317 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 447 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 161 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 133 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 108 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 468 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 826 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 422 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 908 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930