24 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазір өзара айып тағу мен есеп айырысатын уақыт емес – Қарин

14 июль 2020, 13:12
Қазір өзара айып тағу мен есеп айырысатын уақыт емес – Қарин
Президент кеңесшісі Ерлан Қарин Instagram парақшасында бұл індет бір ұлттың ғана емес, бүкіл адамзаттың көңілін құлазытып отырғанын айтып, халықты бірлікке шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әр елдің тарихында қуанышты да, өкінішке қарай, қайғылы да сәттер болады. Бүгінгі күні біз де мемлекетіміздің тарихында қиындыққа толы, бірлігіміз бен рухымызды сынайтын сын сағатты бастан кешудеміз. Кеше Ұлттық аза тұту күні өтті. Мемлекет басшысы Ақорда төбесіндегі төмен түсірілген көк байрағымыздың алдында әлемді жайлаған коронавирустан мезгілсіз қаза болған азаматтарымызды құрметпен бір минут еске алды. Індет кесірінен арамыздан ерте кеткен отандастарымыздың отбасыларына, туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, - дейді Ерлан Қарин.

Ол қазіргі күрделі кезеңде бірлік пен ынтымақ ауадай қажет екенін айтты.
Кешегі қаралы күні еліміздің түпкір-түпкірінде қаза болғандардың рухтарына тағзым етіліп, қарапайым азаматтарымыз үйлерінде жеті шелпек пісіріп, иіс шығарды. Мешіттерде имамдарымыз құран бағыштап, Алладан мейірім сұрады. Бірақ күрес әлі жалғасып жатыр. Сондықтан баршамыз еңсемізді көтеріп, күреске қайтадан бір жұдырықтай болып, жұмылуымыз керек. Әйтпесе, бұл індет бізді жұта береді. Осы сын сағатта бәріміз үшін бірлік пен ынтымақ ауадай қажет, - деді кеңесші.

Ол атап өткендей, қазір өзара айып тағу мен бір-бірімізбен есеп айырысатын кез емес.
Білемін, биліктің өкілі бірлікке шақырса, үгіт насихат сияқты көрінеді. Бірақ, бұл сөздер бәрібір де айтылуы тиіс. Өйткені, қазір өзара айып тағу мен бір-бірімізбен есеп айырысатын, дауласып, айтысып отыратын уақыт емес. Керісінше, өзара түрлі дау, ренішті тоқтатып, бірігетін кез. Бір-бірімізге қолдау көрсетіп, тірек болатын кез. Әсіресе, осы індетпен күрестің алғы шебінде жүрген отандастарымызға қолдау көрсетейік. Жағдайдың күрделілігіне қарамастан қаншама адам емделіп шығып жатыр. Медицина, полиция қызметкерлері төрт ай күндіз-түні, демалыссыз жұмыс істеуде. Сондықтан бәрі күйреді деп асыра сілтеуге тағы болмайды. Жоғын да, барын да бірге айтайық. Қазір өзімізге өзіміз жігер бермесек болмайды. Осы күні жай ғана бір ауыз жылы сөздің өзі – үлкен қолдау, - деді ол.

Қарин бұл ауру өкпе мен жүрекке ғана емес, сонымен бірге, адамның рухына да соққы беретінін айтты.
Осы індетпен күресіп шыққан, қазір де өмір үшін күрес жүргізіп жатқан көптеген танысымның хал-жағдайын біліп хабарласқанымда, бір байқағаным – бұл ауру өкпе мен жүрекке ғана емес, сонымен бірге, адамның рухына да соққы беріп, көңілін құлазытып, еңсесін түсіріп, езіп жіберетін сырқат екен. Ал енді бұл індет бір ұлттың ғана емес, бүкіл адамзаттың көңілін құлазытып отыр. Сондықтан еңсемізді көтерейік! Біз бірге болсақ қана бұл жауды жеңе аламыз, - деді ол.
Просмотров материала: 644

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 954 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 776 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 748 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 686 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 667 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 475 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 231 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 258 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 710 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 841 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 941 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 308 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 480 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 389 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 161 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 305 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 475 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 133 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 459 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 167 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 139 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 085 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 937 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 146 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 112 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 625 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 829 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 981 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 188 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 426 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 921 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 957 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 009 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 145 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 274 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930