10 марта 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ұлықбек Есдәулет: Әр қазақ – Қазақстан қазынасы!

 Ұлықбек Есдәулет: Әр қазақ – Қазақстан қазынасы!
Күллі әлемді құйындай жайпап өткен кесірлі, кесапатты кесел Қазақстан халқына ауыр тиді. Жұқпалы науқасқа шалдыққандар, көз жұмғандар саны күрт өсті. Күн сайын түрлі жаманат хабардан жер селкілдейді. Әлеуметтік желіге кіруге қорқатын болдық. Ковид пен пневмония десе жұрттың жүрегі дірілдейді. Бейне бір ешкімді әскерге алмай-ақ, сапқа тұрғызбай-ақ, қан майданның қасабына ұшырататын, көзге көрінбейтін қырғын соғыс жүріп жатқандай.

Бұл алапатқа қарсы тұрар күшіміз әлсіз болып шықты. Аса қауіпті қатермен бетпе-бет келген сәтте бұрынғы «Коронавирус деген шетелдіктердің өтірік сандырағы екен», «Карантин, Төтенше жағдай» дегендер жұртты митингіге шығармау үшін биліктің ойлап тапқан амалы екен» деген қаңқу сөздердің күлі көкке ұшты. «Бізде медицина мықты, дәрі де, дәрігер де жеткілікті, ауруханалар сай тұр» деп жүрген сеніміміз суға кетті. «Жасырған кеселді өлім әшкерелейді» дегеннің кері келді. "Жедел жәрдем" "өлдім" десең келмейді. Өйткені ауруханаларда орын жоқ. Орын тапқандарға дәрі-дәрмек пен оттегі баллондары жетіспейді. Дәріханаларда керекті дәрі жоқ, барының бағасы удай қымбат. Жан бермек оңай ма? Жанталасқан жұрт, әркім өзінше тал қармауға көшті. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жағдайды түзеуге Үкіметке екі апта мұрсат берді. Президенттің коронавирусқа қатысты жақында жариялаған Үндеуінен кейінгі тексерісте шетелдерден келген гуманитарлық көмектерді халықтан жасырып, қымтап ұстап, қымқырып сатып, құлқынын ойлаған қаскүнемдер әшкереленді. Бұл - малтабарлық емес, мародерлік қылмыс!

Әр шаңырақты қайғының қара бұлты торлап, әр босағаны өлім аңдып жүргендей. Алысың да, жақының да бақиға кетіп жатыр. Ажал адам таңдамайды, ешкімнің басынан сипап, мүсіркемейді. Қарапайым халықтың қатарында небір жақсы мен жайсаңдар, таланттылар мен дарындылар да қайтпас сапарға аттануда. Кеше ғана жанымызда жүрген жандардан қапыда айырылып жатырмыз. Алла панасына алсын! Топырақтары торқа болсын!
Қасиетті Қазақстан қасіретті күндерді басынан кешіруде.

13 шілде - Ұлттық аза тұту күні.

Айдың, күннің аманында індеттің құрбаны болған азаматтарды еске алып, Құран бағыштап, тәубемізге келейік. Келмеске кеткендердің отбасына көңіл айтайық. «Өлі риза болмай тірі байымайды». Тарих талқысында не көрмеген халықпыз?! «Ақтабан шұбырындыны» да, "қызыл қырғынды", ақсөңке аштық пен жазықсыз жазалаудың да неше атасын, назалы нәубетін көрген Ұлы қазақ - тамыры таза, діңі мықты ұлтпыз! Бұл қысталаң күндер де өтер-кетер. Салымыз суға кетіп, сағымыз сынбасын! Әрбір қазақ - Қазақстанның қазынасы, мемлекет байлығы! Қасымызда жүрген әр адамға қазынаны қорығандай қамқорлықпен қарап, көзіміздің қарашығындай сақтай білейік. Аңдып жүрген ажалға алдырмайық, құрдан-құр айырылып, қол қусырып қарап отырмайық. Бір-бірімізге қол ұшын беріп, жанашырлықпен жан сақтайық. Үмітпен өмір сүрейік. Еліміздің іргетасын ұстап тұрған бірлігімізді қадірлейік. Ар-намысымыз аман болсын. Келешекке деген сенімнен айырылмайық! Ауырғандардың тезірек сауығуын тілейік! Сақтанып жүріңіздер! Ғұмырлы болыңыздар!

Ұлықбек Есдәулет

Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы

Дереккөз: Abai.kz
Автор: Ұлықбек Есдәулет -
 Ұлықбек Есдәулет: Әр қазақ – Қазақстан қазынасы!
Просмотров материала: 1 376

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 190 208 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 189 757 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 189 312 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 189 358 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 189 692 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 066 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 178 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 450 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 770 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 912 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 383 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 306 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 529 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 349 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 184 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 523 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 427 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 116 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 522 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 275 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 226 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 062 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 899 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 187 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 120 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 621 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 301 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 940 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 206 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 576 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 963 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 910 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 985 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 944 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 159 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 307 Просмотров





Опрос


«    Март 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031