18 февраля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Қазақша сөйлемеймін": Францияда мэрдің орынбасары болған қазақ қызы сұхбат берді

02 июль 2020, 18:18
"Қазақша сөйлемеймін": Францияда мэрдің орынбасары болған қазақ қызы сұхбат берді
Таяуда қазақстандық БАҚ беттерінде қазақ қызының Францияда қала басшысының орынбасары қызметіне сайланғаны жайлы ақпарат тарады. Sputnik Қазақстан тілшісі 29 жастағы Ешім Савашпен байланысқа шығып, бойжеткеннің жаңа қызметі, Франциядағы өмірі жайлы сұрады

Ешім Саваш (Yeşim Savaş) – 19 ғасырда Алтай өңірінде тұрған Қытайдағы ұлт-азаттық көтерілістің басшысы болған Зуқа батырдың ұрпағы. Ол 1991 жылы Парижде дүниеге келген. Алайда кейін әкесі Махмұт Саваштың жұмыс бабы бойынша отбасы Францияның солтүстігіндегі Крей қаласына қоныс аударады. Ешім осы жерде өсіп, 28 маусымда қала мэрінің орынбасары болып сайланды.

"Қазақша сөйлемеймін": Францияда мэрдің орынбасары болған қазақ қызы сұхбат берді

Пандемия кезіндегі сайлау

Ешім Саваш 2012 жылдан бастап қоғамдық жұмыстарға белсенді араласа бастайды. Ол осы жылы халықаралық деңгейде өткен жастардың кездесуіне қатысқан. Біраз уақыт өткен соң Крей қаласы жастарының кеңесіне мүше болып қабылданады. Айтуынша кеңес құрамына өту үшін де сайлау өтеді. Крей жастар кеңесі қала бойынша түрлі жобаны жүзеге асыру үшін 15-21 жас аралығындағы жастарға арнап форумдар өткізеді.

Ешім Саваш 2012 жылдан бастап қоғамдық жұмыстарға белсенді араласа бастайды


Ешім Саваш 2012 жылдан бастап қоғамдық жұмыстарға белсенді араласа бастайды

"Біздің кеңес жол қозғалысы кезіндегі қауіпсіздік, денсаулық сақтау және аурудың алдын алу секілді жастарға арналған түрлі іс-шара өткізді", - дейді ол.

2014 жылы Ешім Крей жастар кеңесінің ішінен халықаралық қатынастар кеңесінің мүшесі болды, ал 2020 жылы қала мэрінің орынбасары болып сайланды.

"2014 жылы сайлауда жастар кеңесі кандидаттар арасында жеңіп шықты. Ал мен 2014-2020 жылдар арасында халықаралық қатынасқа жауапты болып сайландым. Сол алты жылды артта тастап, 2020 жылы кезекті сайлау өтті. Ол да оңай өткен жоқ, тіпті ұзақ уақытқа созылды. Себебі сайлаудың бірінші кезеңі коронавирустың өршіп тұрған кезі 15 наурызға тура келді. Бірінші кезеңнен кейін біз бірден оқшаулануға кетіп қалдық", - дейді Саваш.
Осылайша, Ешім Саваш мүше кеңес екінші кезеңде 51%-тен астам дауыс жинап, қалалық кеңесте мәжіліс өткізу мүмкіндігіне қайтадан ие болды.

"28 маусымда бізде қайтадан сайлау болып, жеңіп шықтық. Мұның бәрі Крей қаласының тұрғындары мен олардың сенімінің арқасында. Мен мэрдің орынбасары болдым, енді қала мәдениетіне ерекше көңіл бөлемін деп ойлаймын. Неге Қазақстан қалалары немесе қауымдастықтарымен бірігіп жобалар жасамасқа?!", - деген ойын айтты ол.

Францияда сайлау әр алты жыл сайын өтіп тұрады, тұрғындар кандидаттарға дауыс береді. Қалалық кеңесте кандидаттар арасынан таңдап алынғандар қала мэрі мен орынбасарларына дауыс береді.

Ұстаз әрі мэрдің орынбасары
Ешім университет қабырғасында аймақтық мекемені басқару саласында бакалавр дәрежесін алған. Ал магистратураны білім беру саласы бойынша бітірген. Ол 2017 жылдан бері мектепте мұғалім болып жұмыс істейді.


Ешім Саваш ұстаздық қызметін жалғастыра бермек

Ешім Саваш ұстаздық қызметін жалғастыра бермек

"Францияда сайлауға түсетіндер басқа жерде де жұмыс істей береді. Соған қарамастан қызметке сайлана алады. Сондай мүмкіндік бар болғандықтан, мектептегі жұмысымды, ұстаздық қызметімді жалғастыра беремін. Мэрдің орынбасары қызметін де атқарамын. Яғни, екі жерде жұмыс істеймін", - дейді Ешім Саваш.

3 шілдеде Францияның Крей қаласында алғашқы ашық қалалық кеңес өтеді. Сол күні қала мэрі ресми түрде сайланады. Оның орынбасарларына да арнайы мойынорағыш (deputy-mayorscarf) тағылады. Содан бастап ресми түрде қызметіне кіріседі.

Ата-баба тарихын білгісі келеді

"Ата-әжем Алтайда тұрып, менің арғы атам Зуқа батыр қаза тапқан соң 1940-1945 жылдары Пәкістан мен Түркияға көшіп кеткен. Сол кезеңде ел ішінде бас көтеріп, көпшілікке көмек қолын созған Зуқа батырдың шөбересімін. Ол мен үшін үлкен тұлға. Ата-анам біздің арғы атамыздың ілім сүйген, оқыған кісі болғанын жиі айтып отырады. Мен өз атаммен мақтанамын", - дейді Ешім бабасы жайлы.

Ешім Саваш Крей қаласы мэрінің орынбасары болып сайланды


Ешім Саваш Крей қаласы мэрінің орынбасары болып сайланды

Сонымен қатар қойнауы тарихқа толы Алтай өлкесінде болып, ата-бабасының басынан өткен оқиғалармен танысқысы келетінін айтты. Түпкі тегі қазақ бойжеткен Қазақстанға келгісі келеді. Атамекенге бару мен үшін үлкен мәртебе болар еді, дейді ол.

"Қазақ тілінде сөйлей алмаймын, алайда кей сөзді түсінемін. Себебі менің ата-әжем қазақша сөйлейді, олардың әңгімесіне бірден араласып кете алмасам да, әңгіменің не жайлы екенін шама-шарқым жеткенше түсініп отырамын. Мен қандай да бір тілді тез меңгеріп аламын, егер қазақ тілін үйрену үшін сабақ алар болсам, үйреніп алатыныма сенімдімін", - дейді бойжеткен.

"Қиындықтарға төтеп бердік"

Крей – Францияның солтүстігіндегі қала. 2017 жылдағы мәлімет бойынша, ол жерде 36 мыңға жуық адам тұрады.

"Сайлау коронавирустың қызып тұрған шағымен тұспа-тұс келді. Біз бір жыл бойы үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздік. Бұл тым ұзақ уақыт болып көрінгенімен, барлығы жоспарланғандай, дайындықпен өтті. Осы уақыт арасында топ болып жұмыс істеп, бір-бірімізге қолдау көрсетуге үйрендік", - дейді Саваш.

Бұл пандемия кезінде де сынақтан бірігіп өтіп, қиындықтарды жеңу үшін жақсы мүмкіндік болды, деп толықтырды ол.

Францияда қала мәрінің орынбасары болған қазақ қызы Ешім Саваш


Францияда қала мәрінің орынбасары болған қазақ қызы Ешім Саваш

Франция үкіметі коронавирус кезінде медицина қызметкерлері мен мұғалімдерге 1000 еуро көлемінде сыйақы берген. Жұмысқа баруға мүмкіндігі жоқ адамдарға да ақшалай көмек көрсеткен.

"Крей қаласының әкімі де жағдайды бақылауда ұстап, пандемияға байланысты туған қиындықтарды уақытында шешіп отырды. Жастар да өз ассоциациясы арқылы қарт кісілерге азық-түлік жеткізіп көмектесті. Муниципалитет көмекке мұқтаж жандарға маска мен азық-түлік таратты. Біз қиындықтарға төтеп бере алдық, оған халық та қуанды", - дейді ол.

Крейде қазақтар тұра ма?

Бойжеткеннің айтуынша, Саваш отбасы Францияның Крей қаласында тұратын жалғыз отбасы. Оның 27 жастағы Ясин есімді інісі мен 23 жастағы Дильяра деген сіңілісі бар.

"Крей қаласында жалғыз ғана қазақ отбасы тұрады. Ол – біз. Қазақтар мен қазақ қауымының мүшелері Париж бен оның маңында тұрады. Ал Крей қаласын әкем жұмыс бабымен таңдаған", - дейді Саваш.

Ал Ешімнің әкесі Махмұт Саваш Франциядағы қазақтар қауымдастығының төрағасы болып қызмет етеді.
Просмотров материала: 7 024

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 187 194 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 186 726 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 186 291 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 186 341 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 186 668 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 910 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 027 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 284 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 576 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 705 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 225 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 245 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 508 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 328 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 161 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 483 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 407 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 097 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 503 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 240 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 207 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 043 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 880 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 164 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 099 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 599 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 259 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 920 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 190 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 553 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 944 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 891 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 959 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 922 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 139 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 282 Просмотров





Опрос


«    Февраль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728