4 августа 2020 г.

Мы в соц сетях:



Денсаулық сақтау министрі коронавирусқа қарсы күресудің негізгі 6 шарасын айтты

02 июль 2020, 17:53
Денсаулық сақтау министрі коронавирусқа қарсы күресудің негізгі 6 шарасын айтты
Бірнеше күн бұрын Ақордада Мемлекет басшысының алдында баяндама жасаған Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавируспен күресудің әдіс-тәсілдерін өзгерту туралы ұсынысын айтқан болатын. Бүгін министр COVID-19 вирусымен күресті күшейтудің негізгі алты шарасын атады, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

Біріншіден. Амбулаториялық көмек.

Коронавирус инфекциясына күдікті, симптомсыз және індеттің жеңіл түріне шалдыққан пациенттерге амбулаториялық көмекті мобильді көшпелі бригадалар көрсететін болады. Бүгінде 380 бригада бар, шамамен 3 мың бригада құру жоспарлануда. Емханаларға тіркелген халыққа учаскелік дәрігерлер мен бейінді мамандар қашықтан консультациялық көмек беруді жалғастырады. Емханаға белгілі бір айғақтар бойынша жүгінген пациенттерге карантиндік фильтр арқылы қызмет көрсетіледі.

Екінші. Жедел жәрдем.

Жедел жәрдем автокөліктерінің тапшылығы жақын арада әкімдіктермен бірлесіп медициналық емес ұйымдардың резерві есебінен шешіледі. Республикалық бюджеттен 807 жедел жәрдем көлігі сатып алынады деп күтілуде. Жергілікті атқарушы органдар түрлі ресурстар арқылы қосымша Corona-taxi ұйымдастыру туралы ұсыныс енгізді.

Үшінші. Стационарлық көмек.

COVID-19 жұқтырған пациенттерге стационарлық көмектің бұрынғы құрылымы өзгертілді. 13 мың төсегі бар карантиндік стационарлар байланыста болған адамдар үшін провизорлық және жұқпалы аурулар ауруханасына қайта бейінделеді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін соңғы үш тәулік ішінде COVID-19 расталған пациенттер үшін қосымша 1,5 мың төсек және COVID-19 күдікті пациенттер үшін 5 мың провизорлық төсек ашылды. Бүгінгі таңда 333 ұйымда 20 мың инфекциялық және провизорлық төсек бар, олардың 60 пайызында науқастар жатыр. Пневмонияға шалдыққан пациенттер басым.

Төртінші. Стационарларды медициналық техникамен және дәрілік заттармен қамтамасыз ету.

Жаңадан ашылған стационарлар үшін қолда бар 3,3 мың ӨЖЖ аппаратына қосымша 978 аппарат сатып алынды және тағы 1000 бірлік сатып алу процедурасы жүргізілуде. Сонымен қатар, орталықтандырылмаған газ жоқ кеңейтілген стационарлардың оксигенотерапиясын үздіксіз қамтамасыз ету үшін 4 мың оттегі концентратын сатып алу жоспарлануда.

Дәрі-дәрмекке келетін болсақ, коронавирус инфекциясымен ауыратын науқастарды толық қамтамасыз ету үшін стационарларда 138,8 млн. теңгеге 59 түрлі дәрі-дәрмек сатып алынды. Бүгінгі жағдай бойынша өңірлердегі медициналық ұйымдарда 27 мың пациент вирусқа қарсы препараттармен қамтамасыз етілген. Қосымша сатып алуды ескерсек, дәрімен қамтылған пациенттер саны 58 мыңға дейін артады. Ал вирусқа қарсы терапия орташа ауыр және ауыр жағдайда ғана қажет. Медициналық ұйымдарға КВИ диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес коронавирус инфекциясын емдеу үшін антибиотиктердің 16 түрі үздіксіз жөнелтілетінін атап өтті.

Бесінші. Дәріханаларда дәрілік заттардың қолжетімділігі.

Осы аптаның соңына дейін бөлшек сауда желісіне қосымша зертханалық сынақтардан өтуді талап етпейтін сериялық қауіпсіз өндірушіден вирусқа қарсы препараттардың 70 мың орамасы келеді. Қызуды түсіретін препараттар, мысалы, парацетамол Қазақстан нарығына түсе бастады. Бүгінгі күні апта соңында нарыққа түрлі өндірушілерден осы препараттың 700 мың қаптамасы түсті. Алдағы екі апта ішінде қосымша 800 мың парацетамол орамасын жеткізу күтілуде. Антибиотиктерге келетін болсақ, өткен аптаның соңында отандық өндірушілер дистрибьюторларға жеткізуді бастады, мысалы, азитромициннің 100 мыңнан астам орамасы нарыққа түсті.

Бұдан басқа, жақын арада нарыққа левофлоксациннің шамамен 30 мың орамасы, амоксициллиннің 75 мың орамасы, ципрофлоксациннің 70 мың орамасы, цефуроксимнің150 мың орамасы, цефтриаксон 858 мың орамасы жеткізіледі деп күтілуде.

Алтыншы. ПТР тесттер мен компьютерлік томографияға (КТ).

Бүгінде 1,5 млн астам тест жасалды. Тесттен эпидемиялық көрсеткіштер бойынша симптомдары бар пациенттер, байланыста болған адамдар өтеді. 20 ПТР-анализаторлар сатып алынады, олар зертханалардың қуаттылығын тәулігіне 35 мың тестке дейін, ПТР-тестілеуді өткізу үшін 8 жылжымалы зертхананың жұмысын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Компьютерлік томографияның қолжетімділігін арттыру үшін КТ зерттеулерге басымдық беріледі – ол қатаң медициналық ұйымдардың жолдамасы бойынша жүргізіледі.
Просмотров материала: 459

Поделиться материалом


18:04 8-11 жастағы ағайынды баланы 30 полицей қызметкері іздеген... 302 Просмотров

17:58 4-летняя девочка выпала из окна в Костанае... 297 Просмотров

17:43 Оралда ер адам 6 жасар қызды ұрламақ болған (ВИДЕО)... 894 Просмотров

17:42 Вице-министра здравоохранения арестовали на 2 месяца... 310 Просмотров

17:28 Мошенник из Актобе обманывал водителей такси с помощью... 311 Просмотров

17:26 Ішкі істер министрінің орынбасары ауысты... 303 Просмотров

17:13 Сарсенов Сакен назначен заместителем Министра внутренних... 357 Просмотров

17:12 УЕФА Чемпиондар лигасы және Еуропа лигасының матчтарын... 314 Просмотров

17:03 Серийных взломщиков терминалов арестовали в Алматы... 293 Просмотров

17:00 Тасқала ауданы аумағында 22 ақбөкеннің өлексесі табылды -... 318 Просмотров

16:45 Елімізде тағы мыңнан астам қаржы пирамидасының құрбаны болды... 314 Просмотров

16:42 Мужчина пытался похитить 6-летнюю девочку в Уральске... 303 Просмотров

16:28 Астыртын сатылған спирттен 27 адам көз жұмды... 308 Просмотров

16:28 Живодер застрелил котенка на глазах у детей в Шымкенте... 322 Просмотров

16:16 2,4 миллиона казахстанцев подали заявления на 42 500 тенге... 289 Просмотров

16:15 Алматыда жүрген "кіреукейді" министрлік іздестіріп жатыр... 484 Просмотров

16:05 Отец и сын утонули в реке в Павлодаре... 207 Просмотров

16:00 Пневмониядан емес, коронавирус инфекциясынан сақтану керек... 196 Просмотров

15:52 Сотни горожан пришли на похороны мамы экс-начальника ДП,... 1 319 Просмотров

15:47 Алматыда қымбат көліктердің айнасын ұрлаумен айналысқан... 203 Просмотров

15:32 Более 500 иностранцев привлекли к ответственности в... 225 Просмотров

15:30 Жүздеген адам жиылды - Ақтауда болған жағдайдың видеосы... 1 447 Просмотров

15:20 Мошенник собирал деньги с жителей Атырау, обещая им вернуть... 208 Просмотров

15:16 «Жас отбасы» бағдарламасының талабын 3 жылдан 5 жылға дейін... 207 Просмотров

15:05 А.Цой отказался делать прогноз по коронавирусу на осень... 253 Просмотров

15:00 Қазақстанда 8,5 мың медицина қызметкері коронавирус... 216 Просмотров

14:44 "Ресеймен шекара қазаннан ерте ашылмайды". Ақпаратты әуе... 218 Просмотров

14:30 50 жастағы қостанайлық 432 келі есірткіні гаражында сақтап... 218 Просмотров

14:17 Үлкен Алматы өзенінде көлігін жуған жүргізушіге айыппұл... 214 Просмотров

14:04 «Статистика қолымда тұр». Алексей Цой жаңа деректерді қашан... 217 Просмотров

14:03 Водителя, заехавшего в речку Большая Алматинка, оштрафовали... 232 Просмотров

13:52 Минздрав не смог дать точный ответ о закупе 1,2 млн... 233 Просмотров

13:42 Более 8 тысяч медиков заболели коронавирусом в Казахстане... 271 Просмотров

13:30 Должны ли казахстанские дети с аутизмом носить маски... 245 Просмотров

13:23 В Минздраве ответили, почему случаи пневмонии до 1 августа... 245 Просмотров

13:05 К.Токаев выразил соболезнования семье Салтанат Рахимбековой... 204 Просмотров

13:01 Экология министрлігінің жедел желісіне қоқыстар бойынша 515... 206 Просмотров

12:50 Министр ответил на вопрос о занижении статистики летальных... 220 Просмотров

12:46 Статистиканың қосылуына байланысты карантин созыла ма – ДСМ... 205 Просмотров

12:40 А.Цой прокомментировал задержание вице-министра... 226 Просмотров





Опрос


«    Август 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31