25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Көкшетауда алты адам су орнына антифриз ішіп, төртеуі көз жұмды

Көкшетауда алты адам су орнына антифриз ішіп, төртеуі көз жұмды
Судың орнына шатастырып антифриз ішіп қойған. Көкшетауда әкімшілік жазаны өтейтін мекеменің камерасында 6 бірдей адам, көліктің салқындатқыш жүйесіне құйылатын ерітіндіні қолданып, ауруханадан бір ақ шықты. 4 адам көз жұмса, екі азамат жарымжан болып қалды. Қайтыс болған марқұмдардың туыстары, полиция департаменті істі жылы жауып қоймақшы деп дабыл қақты. Оқиға болғалы бір ай уақыт өтсе де, олар құзырлы орган тарапынан ешқандай көмек болмады деп налиды. Тіпті, жауаптылар уланып хал үстінде жатқандар жөнінде ет жақындарына хабарламаған көрінеді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

"Сол напитокпен негізі бір сұйық зат өтіп кетті. Енді, біздің естуімізше антифриз, - дейді. Сол кемпір өткізіп жіберіпті".
Осылай деген марқұмдардың ет жақындары, істің ақ-қарасын ажырата алмай жүргендеріне бір айдан асқан. Шалыс қадам басып, тәртіп бұзғаны үшін әкімшілік қамауға алынған туыстары аяқ асты уланып, тілге келместен бақилық болды. Мәселен, 40-тан енді асқан шағында көз жұмған Думан Әбділмановтың артында отбасы қалды. Ағасы бауырының неден уланғанын анықтай алмай жүр.

Ертай Әбділманов, марқұмның ағасы:

"Менің талабым, енді неге немқұрайды қарайды? Алып кетті сау адамды. Сау адамды алып кетіп, өлтіріп маған алып келді. Бүкіл заң бойынша жауап берсін. Ішіндегі мекеме. ДВД, анау Астанада отырған министр. Кінәлі адамды отырғызсын. Содан кейін, маған менің інімді қайта әкеле алмаймын. Ешкім бермейді. Енді, маған материальный моральный ущерб төлеп берсін".

Рөлге мас күйінде отырғаны үшін 15 тәулікке қамалған марқұм Думан Әбділманов Зеренді ауылының тумасы. Мамырдың 25-і күні оны учаскелік полиция Көкшетау қаласының "қабылдау-тарату" пунктіне жазасын өтеу орнына алып кеткен. Арада 3 тәулік өткен соң, артынан азық-түлік алып барғанда, карантинді сылтауратып мекеме басшылары ағайындарын кері қайтарып жіберіпті.

Ертай Әбділманов, марқұмның ағасы:

"Облыстық ауруханаға барғанда, барлығын откачать етуге болатын еді. Қазір медицина дамыған заман ғой. Ал, бұл анау сол жерде отырған, бастығынан бастап, ІІМ бастап, ол өз істеріне немқұрайлы қарағандығы. Отырған жерлерінде су жоқ, - дейді. Олар шөлдеп жаңағыны ішкен ғой. Антисанитария полный жаңағының іші".

Зардап шеккендердің туыстарының сөзінше, камерада 6 адам отырған екен. Сол күні бір азаматтың артынан туыстары азық-түлік беріп жіберген көрінеді. Су жоқ болғандықтан, шөл қысқан олар 5 литрлік бөтелкеге құйылған сұйықтықты іше бастаған. Көп ұзамай, бірінен соң бірі есін жоғалтыпты. Бір өлімнен аман қалғандардың арасында 59 жастағы Виктор Горбатенкода бар. Ол 1 айдан бері ауруханада жатып, таяуда ғана үйіне шығарылған. Жұбайының сөзінше, ақ халаттылар оған жарты жылға дейін ем алуға кеңес берген.

Галина Токаерва, уланған Виктор Горбатенконың әйелі:

"Полиция департаменті тарапынан ешқандай көмек болған жоқ. Көмек былай тұрсын күйеуім уланып, ауруханаға түскенін де хабарламады. Мен сол күні Виктордың артынан тамақ алып барғанда бір-ақ білдім. 12 сағаттан бері жансақтау бөлімінде жатыр екен. Өліп кеткенде не істейтін едік? Ал, ертеңіне полиция жауап алғанда, үйге көлік жіберіп, бөлімшеге алдыртты. Бір жұма болды ауруханадан шыққанына, әлсіздік бар. Жергілікті полиция бұл істі жылы жауып қойғысы келеді."

Ақмола облыстық полиция департаментіне осы іс бойынша сұрау салғанымызбен, олар ресми сұхбат беруден бас тартты. Айтуларынша, қазір барлық жерде карантин, полиция қызметкерлері қашықтықтан жұмыс істеп жатқан көрінеді. Бар айтқандары, іске кінәлі "қабылдау-тарату" мекемесінің қызметкерлері жұмысына салғырт қарағаны үшін, ішкі істер органдарынан шығарылған. Ал, 3 қызметкердің үстінен қылмыстық іс қозғалыпты.

Ақмола облыстық полиция департаментінің ресми жауабынан үзінді:

"Қабылдау-таратудағы әкімшілік қамауда отырған тұлғалардың улану фактісі бойынша "Өзіндік қауіпсіздік басқармасы" мекеме қызметкерлеріне қатысты қызметтік тергеу жүргізді. Оның нәтижесі бойынша, облыстық полиция департаменті басшысының бұйрығымен, Қабылдау-таратудың басшылығы және сол күні кезекке түскен қызметкерлері ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды. Әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың өлімі бойынша 3 қызметкерге қатысты, ҚР Қылмыстық кодекстің 370-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Істің басқа бөлігі жариялауға жатпайды".

Ақмола облыстық полиция департаментінің басшысы тарапынан, марқұмдардың туыстарына материалдық-моральдық шығынды өтеп беруді былай қойғанда, кешірім сұрау, тіпті жұбаныш болар, көңіл айту да қолдарынан келмеген. Ал, апталдай азаматтарынан айырылған әлеумет мұнымен тоқтамақ емес. Еліміздің бас полицейі Ерлан Тұрғымбаевқа үндеу жолдап, неден уланғанын анықтап беруін талап етеміз деп отыр.

Просмотров материала: 766

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 144 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 966 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 936 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 876 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 857 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 485 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 240 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 266 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 725 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 853 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 012 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 313 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 484 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 394 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 162 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 308 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 538 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 134 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 463 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 168 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 140 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 086 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 939 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 148 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 113 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 687 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 830 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 983 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 191 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 427 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 922 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 958 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 010 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 146 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 275 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930