12 июля 2020 г.

Дежурный по стране

Арман Жұмаділ: Адамға деген құрмет... өлген соң да болу керек!
Адамға деген құрмет... өлген соң да болу керек!...
Арман Жұмаділ, тарих ғылымдарының кандидаты

Мы в соц сетях:



Күлгін түсті Көбейтұзды 49 жылға жалға беру үшін конкурс жарияланды

30 июнь 2020, 14:39
Күлгін түсті Көбейтұзды 49 жылға жалға беру үшін конкурс жарияланды
Ақмола облысы Ерейментау ауданына қарасты Көбейтұз атты көл қазір қазақстандықтардың, әсіресе, солтүстікқазақстандықтардың арасында, тіпті, Ресей туристерінің арасында танымал болып келеді. Оған дәлел – биыл карантинге қарамастан, туристік фирмалар арнайы «Нұр-Сұлтан-Көбейтұз» бағытында маршурт ашып, елордадан 6000 теңгеге күлгін түсті көлді көрсетуге дайын отыр. Ондай хабарламалар интернетте, әлеуметтік желілерде көп.

Көлдің күлгін түске боялуының, себебі әрине, бұған дейін де көп жазылған. Әлем бойынша «қызғылт түсті» ерекше оншақты көлдің бірі сияқты, Көбейтұздың астына да «Дуналиелла» бактериясы жиналып, ерекше түс береді. Көлдің суы өте тұзды. Көбейтұз бірнеше жылда бір рет күлгін түс жамылады. Биыл сондай сәтті пайдаланып, табиғаттың ерекше құбылысына куә болатын кез.

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ КӨБЕЙТҰЗДЫ ЕНДІ ТАНЫМАҚ

Көбейтұздың емдік қасиеті, басқа да табиғи ерекшелігі туралы және көлге қалай, қанша сағат жүріп баруға болатыны туралы көп жазылып жүр. Азаттық рухы тілшісі ерекше көл облыстық деңгейде туристік нысан болып танылды ма, оны дамытып, қорғау үшін бюджеттен қанша қаражат бөлінді, туристер арасында инвестиция салуға қызыққандар болды ма деген мәселелерді көтеріп отыр.

Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сұрау салған соң, бізге "Visit Aqmola" туристік ақпараттық орталығының менеджері хабарласып, Көбейтұздың перспективасы туралы айтты. Жайнагүл Қаппасованың айтуынша, көлдің айналасында мүлде инфрақұрылым жоқ және әзірге көлді туристік нысан ретінде дамыту үшін инвестиция тартылмаған.

«Жалпы, әзірге көлге инвестиция салынып жатқан жоқ. Себебі, Көбейтұз бірнеше жылда бір рет күлгін түске боялатын көл. Біздің білуімізше, көл алдыңғы жылы күлгін түске боялды. Биыл тағы да қызғылттанады деп күтпеген едік. Өйткені, бұған дейін көлдің неше жылда бір рет боялатыны туралы ғалымдармен сөйлесіп, биыл түсі өзгермейді деген болжамда отырдық. Бірақ, биыл әдемі түске боялған соң, барамын деген азаматтарға Ақмола облысының туристік ақпараттық орталығы көлге қалай жетуге болады, оның қандай пайдасы барын айтып, ақпараттандырып отырмыз», - дейді Қаппасова.



Көбейтұзға сұраныс артқан соң, орталықтың жауапты қызметкерлері маусым айының соңында арнайы экспедиция жасап, Көбейтұзды видеоға түсіріп, әкімнің алдында презинтация жасауға дайындалып жатыр екен.

«Ол жақта туристік маршурттарды дамыту үшін салынып жатқан инфрақұрлыым жоқ. Осы айдың соңына дейін Көбейтұзға барып, видео түсіріп, ақпарат жинаймыз. Соның негізінде облыс әкіміне көлді таныстырамыз. Облыс әкіміне көлдің перспективасы, туристер үшін нысанның қаншалықты қызықты екенін айтамыз. Облыс әкімі қолдай ма, жоқ па, таныстырылым өткеннен кейін ғана білеміз», - дейді Жайнагүл Қаппасова.

ОБЛЫС ЕКІ ЖЫЛДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ҮШІН 140 МЛН ТЕҢГЕ ЖҰМСАЙДЫ

Ақмола облысының мәслихаты болса, 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджетті бекіте отырып, облыстық туризм басқармасына 141 млн 245 мың теңге бекіткен. Соның ішінде, жергілікті деңгейде туризм саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге 60 млн, туристік қызметті реттеуге 68 млн теңге қарастырып отыр. Ал, Көбейтұз орналасқан Ерейментау ауданының екі жылғы бюджеті 2 млрд 806 мың 938 теңге бюджетке ие болып отыр.

ҚОРЖЫНКӨЛ МЕН КӨБЕЙТҰЗДЫ ЖАЛҒА БЕРУ ҮШІН КОНКУРС ЖАРИЯЛАНДЫ

Ал, бірнеше күн бұрын, дәлірек айтсақ, 2020 жылдың 25 маусымында «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» су объектiлерiн оқшау немесе бiрлесiп пайдалануға беру жөнiнде конкурс жарияланды.

Конкурсқа Көбейтұз және Қоржынкөл қойылған. Екеуі де Ерейментау ауданында орналасқан көлдер. Басқарма екі көлді де рекреациялық мақсатта пайдалану үшін 49 жылға жалға бермек. Әдетте, рекреациялық мақсатта пайдаланылатын жерлерде туризм мен сауықтыру дамиды және ондай мақсаттағы жерлерді пайдаланудың заң бойынша нақты бағыты анықталады. Конкусқа құжат ұсыну 27 шілде күні аяқталады. Конкурс нәтижесі шығып, жеңімпаз анықталған соң, Аzattyq ruhy Көбейтұз бен Қоржынкөлді кім жалға алды және оны жалға алу құны қанша екенін жазады.
Просмотров материала: 162

Поделиться материалом


20:45 Ситуация чрезвычайная - К.Токаев о пневмонии... 290 Просмотров

15:00 Шымкент әкімдігі Айжанның анасының өліміне қатысты арнайы... 186 Просмотров

13:03 Женщину взяли в заложницы в Актау... 276 Просмотров

12:58 Петропавлда мектеп бухгалтері 700 мың теңге жымқырған... 267 Просмотров

12:52 Слухи о смерти Амандыка Баталова опровергли в акимате... 278 Просмотров

12:43 Шымкент 10 млн долларға шетелден дәрі сатып алмақшы... 261 Просмотров

12:40 Казахстан поднялся на 10 позиций в рейтинге развития... 237 Просмотров

12:33 Атырау облысында блок-постар қойылмайды... 256 Просмотров

12:24 Лекарства по завышенным ценам продавали в Уральске... 257 Просмотров

12:21 Оралдағы үш дәріхана дәрі-дәрмекті қымбатқа сатқан... 271 Просмотров

12:12 Фейком назвали в МИОР РК информацию о распылении веществ с... 246 Просмотров

12:02 Одиннадцать человек утонули, пытаясь спасти тонущего... 306 Просмотров

11:58 Сарыағашта тұрмыстағы келіншекпен көңіл қосқан жігіт өлім... 287 Просмотров

11:51 Оштрафован владелец брошенного льва в Актау... 262 Просмотров

11:45 Қазақстан egov дамуының әлемдік рейтингісінде 10 позицияға... 272 Просмотров

11:36 Атырауға қатынайтын жолаушылар пойызы тоқтатылады... 202 Просмотров

11:28 Военно-полевой госпиталь для больных коронавирусом... 205 Просмотров

11:25 Қазақстанда өткен тәулікте 685 адам коронавирус індетінен... 121 Просмотров

11:17 Водитель скрылся после смертельного наезда на пешехода в... 128 Просмотров

11:12 Алматы облысында банк картасынан ақша ұрлау дерегі... 137 Просмотров

11:03 До смерти избили мужчину за связь с замужней девушкой в... 163 Просмотров

11:00 Ақтауда Симба есімді арыстанның иесіне жаза тағайындалды... 127 Просмотров

10:53 Главврач инфекционной больницы скончался в Актобе... 111 Просмотров

10:51 ӘМСҚ мен "СҚ-Фармация" басшылары қызметінен кетті... 126 Просмотров

10:35 Коронавирус жұқтырғандарға арналған әскери-далалық... 122 Просмотров

10:32 Уволены руководители Фонда медстрахования и "СК-Фармация"... 97 Просмотров

10:22 К.Токаев провел расширенное заседание Правительства. Как... 403 Просмотров

10:10 Қазақстанда өткен тәулікте 1708 адам коронавирус індетімен... 113 Просмотров

10:09 Прогноз погоды на 11 июля... 120 Просмотров

10:02 11 шілдеге арналған ауа райы болжамы... 126 Просмотров

10:00 За прошедшие сутки в Казахстане выявлено 1708 заболевших... 159 Просмотров

20:32 Бизнесмены Шымкента готовы передать рестораны под... 660 Просмотров

18:57 При активном участии АО «НК «Казахстан инжиниринг» и АО «НК... 281 Просмотров

18:04 Карантин усилят на выходных в Алматинской области... 290 Просмотров

18:00 Синтетикалық маска тағу пневмонияның өршуіне себепші болуы... 317 Просмотров

17:52 Носить маски на улице рекомендуют казахстанцам... 285 Просмотров

17:49 Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды... 304 Просмотров

17:42 Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды... 337 Просмотров

17:38 Каковы первые симптомы пневмонии... 332 Просмотров

17:35 Алматыда эпидемиологиялық режимнің сақталуын 35 мобильді... 325 Просмотров





Опрос


«    Июль 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031