12 июля 2020 г.

Дежурный по стране

Арман Жұмаділ: Адамға деген құрмет... өлген соң да болу керек!
Адамға деген құрмет... өлген соң да болу керек!...
Арман Жұмаділ, тарих ғылымдарының кандидаты

Мы в соц сетях:



Компьютерлік томографияға түсу неге қиындап кетті?

30 июнь 2020, 14:06
Компьютерлік томографияға түсу неге қиындап кетті?
Қазір елде ауру өршіп тұр. Көктеммен салыстырғанда жаздың алғашқы айы қиынға соқты. Осы ретте адамдар компьютерлік томогорафияға барып түсейін десе не жабық, не ұзын-сонар кезек, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Жағдайдың бәрі бақылауда" деп құтылатын біздің құзырлы органдардың мұндай болатынын ескермегінінің бір көрінісі осы.

Елдегі ең көп індет жұқтырғандары көп Нұр-Сұлтан қаласындағы орталықтарға хабарласып көргенбіз. Жалпы, елордада мемлекеттік және жекеменшік 22 медициналық мекемеде компьютерлік томография бар екен. Жай күндері шертіп жүріп, шетінен өз қалағанына баратын мүмкіндік бүгінде жоқтың қасы.

Сол 22 мекеменің тек төртеуі ғана адам қабылдайды. Оның өзінде тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша учаскелік дәрігердің арнайы жолдамасы керек. Бұл тегін тексерілудің жалғыз мүмкіндігі. Терапевт немесе педиатр науқастың жағдайына байланысты арнайы жолдама береді.

Емханаға бармас бұрын жедел-жәрдемге қоңырау шалып шақырамын деп әуре болудың қажеті жоқ. Келген дәрігер бәрібір де жолдама жазып бермейді.

Елордадағы компьютерлік томографиядан өтуге болатын мекемелер:

Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу инистуты (Абылай хан даңғылы, 15 а);

"Green clinic" (Хусейн бен Талал 25/1)

Ішкі істер министрлігінің госписталі (Қабанбай батыр даңғылы, 56 а);

Бас әскери госпиталь (Бейбітшілік даңғылы, 47).

Айта кететіні, компьютерлік томграфия аппараты бар орталықтардың басым бөлігі карантинде. Қашан жұмысқа шығатындарын өздері де білмейді. Ал сол жағалаудағы ірі медицина мекемелеріне хабарлассаң, шілденің аяғы мен тамыздың басына дейін кезек екендігі айтылып жатыр. Адамдар алдын-ала жазылып қойған. Кейбір емханаларда аппараттары істен шыққан. Мысалы, сол жағалаудағы ұлттық кардиохирургия орталығында жағдай осындай. "Тоғыз әйелдің толғағы бір күнде келді" деген осы шығар.

Ал уәдені көп беретін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қосымша КT және желдеткіштерді де сатып аламыз деп отыр.

Біз республикалық клиникалармен (Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты, Ұлттық ғылыми медициналық орталық, Green Clinic) әр қалалық емхана үшін компьютерлік томография мүмкіндігін қамтамасыз ету туралы келісімге қол қойдық. Бұл пневмонияны ерте анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар біз қосымша КT және желдеткіштерді де сатып аламыз, - дейді Алтай Көлгінов.

Қазіргі кезде Ұлттық сараптама орталығы бірнеше қаладағы жеке тұлғалар арасында ақылы тестілеуден өткізуді де тоқтатты.

Дені сау адамдар орталықтарға көптеп бара бастады. Бұл дұрыс емес! Осындай әрекеттер зертханаларға үлкен жүктеме болуда. Біз жеке тұлғалар арасында ақылы ПТР тестілеуді тоқтату туралы шешім қабылдадық. Емханалармен және ауруханалармен жұмыс жасауды жалғастырамыз. Біз оларға баса назар аударамыз. Себебі симптомдары бар адамдар тесттерді жылдам тапсырып, тез нәтиже алуы керек, - деген болатын Ұлттық сараптама орталығының елордадағы филиалының басшысы Талғат Тұңғышбаев.

23 маусымнан бастап елорда емханалары жоспарлы қабылдау мен науқастарды қарамайтын болды.

Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Сәуле Қисықованың айтуынша, осы күндері тәулігіне 600-ге жуық адам пневмонияға шалдығып жатыр.

Пневмониямен ауыратындар саны тәулігіне 600 жағдайға дейін өсті. Бұрын 80 жағдайға дейін ғана болатын. Аптасына 8,5 есеге дейін жоғарылау байқалып отыр, - дейді Сәуле Қисықова.

Қазіргі кезде елордада күніне коронавирус инфекциясы және пневмониямен 350-400-ге жуық адам ауруханаға жатқызылады екен.

Жұқпалы аурулар және провизорлық ауруханаларда адамдардың саны бүгінде 2,5 мыңға дейін өсіп отыр. Оның 91 пайызы орташа ауырлық дәрежесінде, 9 пайызы ауыр және өте ауыр. Олар жедел реанимация бөліміне бірден түседі. Негізі, соңғы аптамен салыстырғанда, науқастардың саны үш есеге дейін өсті, - деді ол.

Ал халық саны 2 миллионға жуықтаған Алматы қаласында да жағдай мәз емес. Дәріханаларда парацемотол секілді дәрілердің өзі жетіспей жатқаны белгілі. Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қамалжан Надыровтың радиациялық сәулеленудің жоғары болуына байланысты дәрігердің тағайындауынсыз КТ-ны жүргізу ұсынысы жасалмайтынын айтты.

Коронавирус инфекциясы кезінде жиі кездесетін және қауіпті асқынуларының бірі - пневмония. Жағдайдың ауырлығын бағалау үшін өкпенің томографиясын дер кезінде жүргізу қажет. Осыған байланысты қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы КТ қызметін ұсынушылардың тізілімін жасады. Қалада осындай 12 жеткізуші бар. КТ қызметін ұсынушылар диагнозы расталған пациенттер мен соған ұқсас белгілері бар науқастар үшін жеке жұмыс кестесін анықтады. Сонымен қатар, үш ай ішінде қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасына және жедел медициналық жәрдем ауруханасына КТ аппараттарын жеткізу күтілуде, бұл зерттеуге қол жетімділікті арттырады, - дейді Қамалжан Надыров.

Оның айтуынша, коронавирусты жұқтырған жағдайда, КТ тек бірнеше жағдайда ғана қажет.

Біріншіден, вирустық пневмонияны растау немесе жоққа шығару қажет болса, ауру кезінде асқынуы мүмкін өкпеге әсер ететін басқа ауруды жоққа шығару керек болса. Екіншіден, өкпе таза болса, сонымен қатар ауру анық жеңілдетілген сценарий бойынша жүрсе, жұқтырғаннан кейінгі алғашқы 3 күнде КТ жасаудың қажеттілігі жоқ, - дейді басқарма басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда қанша томограф жұмыс істейтіні жайлы хабарлаған едік.
Просмотров материала: 143

Поделиться материалом


20:45 Ситуация чрезвычайная - К.Токаев о пневмонии... 292 Просмотров

15:00 Шымкент әкімдігі Айжанның анасының өліміне қатысты арнайы... 188 Просмотров

13:03 Женщину взяли в заложницы в Актау... 277 Просмотров

12:58 Петропавлда мектеп бухгалтері 700 мың теңге жымқырған... 268 Просмотров

12:52 Слухи о смерти Амандыка Баталова опровергли в акимате... 279 Просмотров

12:43 Шымкент 10 млн долларға шетелден дәрі сатып алмақшы... 263 Просмотров

12:40 Казахстан поднялся на 10 позиций в рейтинге развития... 238 Просмотров

12:33 Атырау облысында блок-постар қойылмайды... 257 Просмотров

12:24 Лекарства по завышенным ценам продавали в Уральске... 258 Просмотров

12:21 Оралдағы үш дәріхана дәрі-дәрмекті қымбатқа сатқан... 272 Просмотров

12:12 Фейком назвали в МИОР РК информацию о распылении веществ с... 248 Просмотров

12:02 Одиннадцать человек утонули, пытаясь спасти тонущего... 307 Просмотров

11:58 Сарыағашта тұрмыстағы келіншекпен көңіл қосқан жігіт өлім... 288 Просмотров

11:51 Оштрафован владелец брошенного льва в Актау... 263 Просмотров

11:45 Қазақстан egov дамуының әлемдік рейтингісінде 10 позицияға... 274 Просмотров

11:36 Атырауға қатынайтын жолаушылар пойызы тоқтатылады... 202 Просмотров

11:28 Военно-полевой госпиталь для больных коронавирусом... 205 Просмотров

11:25 Қазақстанда өткен тәулікте 685 адам коронавирус індетінен... 121 Просмотров

11:17 Водитель скрылся после смертельного наезда на пешехода в... 128 Просмотров

11:12 Алматы облысында банк картасынан ақша ұрлау дерегі... 138 Просмотров

11:03 До смерти избили мужчину за связь с замужней девушкой в... 163 Просмотров

11:00 Ақтауда Симба есімді арыстанның иесіне жаза тағайындалды... 128 Просмотров

10:53 Главврач инфекционной больницы скончался в Актобе... 111 Просмотров

10:51 ӘМСҚ мен "СҚ-Фармация" басшылары қызметінен кетті... 126 Просмотров

10:35 Коронавирус жұқтырғандарға арналған әскери-далалық... 122 Просмотров

10:32 Уволены руководители Фонда медстрахования и "СК-Фармация"... 97 Просмотров

10:22 К.Токаев провел расширенное заседание Правительства. Как... 403 Просмотров

10:10 Қазақстанда өткен тәулікте 1708 адам коронавирус індетімен... 113 Просмотров

10:09 Прогноз погоды на 11 июля... 120 Просмотров

10:02 11 шілдеге арналған ауа райы болжамы... 126 Просмотров

10:00 За прошедшие сутки в Казахстане выявлено 1708 заболевших... 159 Просмотров

20:32 Бизнесмены Шымкента готовы передать рестораны под... 660 Просмотров

18:57 При активном участии АО «НК «Казахстан инжиниринг» и АО «НК... 281 Просмотров

18:04 Карантин усилят на выходных в Алматинской области... 290 Просмотров

18:00 Синтетикалық маска тағу пневмонияның өршуіне себепші болуы... 318 Просмотров

17:52 Носить маски на улице рекомендуют казахстанцам... 285 Просмотров

17:49 Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды... 304 Просмотров

17:42 Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды... 337 Просмотров

17:38 Каковы первые симптомы пневмонии... 332 Просмотров

17:35 Алматыда эпидемиологиялық режимнің сақталуын 35 мобильді... 326 Просмотров





Опрос


«    Июль 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031