12 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Көлеңкелі экономика деңгейі 20% төмен болуы тиіс – Премьер-Министр

30 июнь 2020, 10:50
Көлеңкелі экономика деңгейі 20% төмен болуы тиіс – Премьер-Министр
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин көлеңкелі экономиканы төмендету жөнінде министрліктерге тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті әріптестер! Қазіргі экономикалық жағдайда экономиканы тұрақтандыруды қамтамасыз ету мен бюджет кірісін толықтыру резервтерінің бірі – көлеңкелі экономика үлесін қысқарту болып отыр. Осы бағытта қабылданып жатқан шаралар оң нәтиже беруде. 2025 жылға қарай көлеңкелі экономика үлесін ЖІӨ 20 пайызынан төмен деңгейге жеткізу жоспарланған», - деп атап өтті Премьер-Министр Үкіметтің кезекті отырысында.

Осы бағытта жүргізілген жұмыс нәтижесінде жалпы ішкі өніммен салыстырғандағы көлеңкелі экономика үлесі 2017 жылғы 27 пайыздан 2019 жылы 23,6 пайызға дейін қысқартылды. Бұл бюджеттің кіріс бөлігінің қосымша 1,5 трлн теңге артуын қамтамасыз етті.

«Халықаралық валюта қорының дерегінше, әлемдегі көлеңкелі экономиканың орташа деңгейі – 27,8 пайыз. 44 елде көлеңкелі экономиканың деңгейі 20 пайыздан төмен, біз де осындай көрсеткішке ұмтылуымыз керек. Бақылаудан тыс қызметті заңдастыруға ынталандыру арқылы заңнамалық базаны жетілдіру, кедендік және салықтық әкімшілендіруді жақсарту жұмыстары үнемі жүгізіледі. Қабылданып жатқан шаралардың барлығы бизнес үшін толық заңдастырудың тиімді болуына, қолма-қол ақшасыз айналым үлесін арттыруға бағытталған», - деді Премьер.

Сонымен бірге, Үкімет басшысы көлеңкелі үлесті одан әрі төмендету үшін салалық сипаттағы қосымша шаралар қажет екенін айтып, бірқатар ведомствоға тапсырма берді.

«Бірінші, Қаржы министрлігі мен басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға талдау жүргізіп, заңсыз валюталық экспорт-импорттық операцияларды жою жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырамын. Бұл жұмысқа «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы да атсалыссын.

Екінші, Қаржы министрлігі қызметтерді цифрландыруды, ақпараттық жүйелердің интеграциясын, Қазақстан аумағында тауарлардың бақылануын жетілдіру жұмыстарын жалғастыруы қажет», - деді А. Мамин.

Сондай-ақ Премьер-Министр төлемдер мен төлем жүйелері туралы қолданыстағы заңнамаға электронды ақша иелерін міндетті түрде анықтауға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігін қарауды тапсырды.

«Үшінші, бизнестің көлеңкеден шығуын экономикалық ынталандыру бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Бұл мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіруге, артық талаптарды қысқартуға, қаржыландырудың қолжетімдігін арттыруға, әкімшілік кедергілерді азайтуға және нақты салық салуды белгілеуге қатысты. Бизнесті ашық жүргізу экономикалық тұрғыдан тиімді болуы тиіс», - деді Асқар Мамин. Айта кетейік, 2019 жылы жалпы ішкі өнімге шаққандағы көлеңкелі экономика 23,62%-ке төмендеді .

Бұған дейін ҚР Қаржы министрінің міндетін атқарушы Берік Шолпанқұлов көлеңкелі экономиканы азайту үшін енгізілген шараларды баяндаған еді.
Просмотров материала: 667

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 195 049 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 194 642 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 194 154 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 194 210 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 194 560 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 356 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 450 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 743 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 199 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 299 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 631 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 469 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 584 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 392 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 232 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 724 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 475 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 166 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 566 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 342 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 268 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 102 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 948 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 247 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 166 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 669 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 483 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 999 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 253 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 630 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 006 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 949 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 036 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 001 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 203 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 360 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930