25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Іле Алатауында экотуризмді дамыту жобасы қолдау тапты

29 июнь 2020, 17:52
Іле Алатауында экотуризмді дамыту жобасы қолдау тапты
Іле Алатауында экотуризмді дамыту жобасын Ұлттық парктерді дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес қолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кеңестің құрамына қоғам белсенділері, экологтар, ғалымдар кіреді. Оның ішінде география ғылымдарының докторы Амангелді Сқақов, "Қазақстандық туристік қауымдастық" ЗТБ директоры Рашида Шәйкенова, ҚР Экотуризм федерациясының төрағасы Азамат Мүсәпіров, "Qazaq Geography" РҚБ экспедициясының ұйымдастырушысы Нұржан Алғашов жалпы барлығы 20-дан аса сарапшы бар. Бүгін олар Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінде экотуризмді дамыту жөнінде инвестордың жасаған таныстырылымын тыңдап, өз қолдауларын білдірді.

Алматы Іле Алатауы ұлттық паркінің кеңсесіндегі бірқатар мүше онлайн режімінде қатысқан отырыстың басында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев 2020 жылғы 25 маусымда Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің қатысуымен бұл жобаны онлайн-талқылау өткенін еске салды. Оған қаладағы белгілі және беделді білікті кәсіби сарапшылар кіреді.

Жобаны ("Туранга груп" компаниясы) инвестор Александр Гужавин таныстырғаннан кейін, ол Кеңес мүшелерінің ұсыныстары мен ескертулері ескеріле отырып, қолдау тапты.

Сонымен қатар, вице-министрдің айтуынша, инвестор барлық Экотуризмді дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелеріне жоба туралы тікелей ұлттық паркке бару арқылы айтуға дайын. Сапарлау орталығы қалай салынып жатқанын, пайдалануға берілген учаскелерді көрсетуге және сұрақтарға жауап беруге әзір.

Жоба белсенді тау туризмінің жаңа мәдениетін, экологиялық ойлауды қалыптастырудың жаңа әдістерін құруға бағытталғанын атап өту қажет. Оның үстіне Алматы агломерациясы халқы ұдайы өскендіктен, Іле Алатауы ұлттық паркіне жүктеме де артуда. Сарапшылар мен инвестордың өзі атап өткендей, тек қоқыс жәшігі мен әжетхана орнатып қою жеткіліксіз. Маңыздысы, бәрінен бұрын, халықты табиғатты ластамауға, оған құрметпен қарауға, белсенді жаяу туризмді насихаттауға үйрету қажет. Сонымен бірге, мемлекеттік саясат та ішкі және көшпелі туризмді дамытуға бағытталған.

Инвестор тағы да жиналғандарға ұлттық парктегі 34 жер учаскесі оған жалға емес, пайдалануға берілетінін еске салды. Сондықтан оған ешқандай құқықтық құжат берілмейді. Ұлттық паркпен арада заңнамада көрсетілгендей, тек пайдалану туралы шарт қана жасалған. Жоба аясында тегін әжетханалар, қол жуатын орындар, барлық топтағы және жастағы адамдарға арналған аяқжолдар салынады. Тауда түнейтін туристерге арнап, құрастырмалы жеңіл шатырлар бой көтереді. Ешқандай күрделі құрылыс салынбайды. Барлығына кіру тегін. Ешқандай қоршау тұрғызылмайды. Парк, туристік маршруттар, флора мен фауна туралы мәлімет арнайы туристерге арналған сапарлау орталығында ақысыз беріледі, - делінген хабарламада.

Бұл жоба барлығымыздың паркпен қайта қауышуымызға, табиғатты сақтауға мүмкіндік береді, жайлылық, қуаныш сыйлайды, - деп атап өтті инвестор Александр Гужавин.

Маған жоба өте ұнайды. Бұл қоқыс пен жабайы туризмнен гөрі жақсы, - деді тұсаукесерден кейін Қоғамдық кеңестің мүшесі, "Eco Fund Tabigat" қорының төрағасы Герман Чащин.

Жобада ғылыми көзқарас қарастырылған. Соның ішінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология факультетімен, университеттің география факультетінің туризм бөлімінің меңгерушісімен, ҚР БҒМ Зоология институтының директоры Роман Ященкомен, ҚР Ғылым академиясының География институтымен ынтымақтастық орнатылды, - деді Кеңес мүшесі, техникалық ғылымдар докторы Еділ Қазыханов.

Рекреациялық жүктемені есептеу әдістемесі әзірленіп, қазіргі уақытта экологиялық сараптамадан өтіп жатқандығы айтылды. Алайда, бұл мәселе бойынша нақты бірыңғай нормалар жоқ, әр елдің өз тәжірибесі бар. Сонымен, 4 жыл бұрын Іле Алатауы ұлттық паркінің 20-жылдығында айтылған сарапшылардың мәліметтері бойынша, 80-жылдары саябаққа келушілер саны 1,5 миллионға жеткен. Жоба иесінің айтуынша, өткен жылы Шымбұлаққа келгендер саны 650 мың адамды құраған. Ал Медеумен бірге бұл аймаққа келушілердің жалпы саны 2 миллионға жуық.

ен Александр Гужавиннің тұсаукесеріне бірінші рет қатысып отырған жоқпын. Кемшін тұстарды іздедім, бірақ қазір бұл абсолютті дұрыс тәсіл деп ойлаймын. Бұл жоба бізге қажетті, серпіліс және даму стратегиясы бола алады. Біздің ұлттық саябақтарда болып жатқан оқиғалардан бәріміз шаршадық. Бұған дейін біз туристік сұранысқа ие жерлерді белгілеу үшін бұл жобаға туризм бизнесінің қатысқысы келетінін айтқан болатынбыз. Туризм саласының бұған қызығушылық білдіруі жобаның дұрыс бағытына ықпал ете алады, - деді кеңестің мүшесі, "Қазақстан Туризм қауымдастығы" ЗТБ директоры Рашида Шәйкенова.

Жастар тобының атынан Кеңес мүшесі және эко-активист, белсенді тау турисі Әсел Исанова сөйлеп, ұлттық саябақтың проблемалары туралы жақсы білетінін, үнемі жас белсенділермен бірге тау трассаларына барып, инспекторлармен байланыс орнататынын тілге тиек етті. Сондай-ақ, Әсел жобаны қолдайтындығын білдірді және тіпті Іле Алатауы ұлттық паркіндегі экотуризмнің дамуына қолдау білдіру үшін ашық хат жариялауға шақырды.

Сонымен қатар, ол еріктілермен бірге, жоба аясында ұлттық парктің Аюсай шатқалында ұлттық парк инспекторларының өздерін және география ғалымдарын, биологтар мен зоологтарды тарту арқылы халықтың экологиялық мәдениетін көтеру үшін өткізілетін білім беру жобалары туралы айтты.

Егер біз ұлттық паркке соқтыға беретін болсақ, онда ештеңе де болмайды. Біз бірге болуымыз керек. Адамдар қалдырған қоқысты тазарту саябақтың инспекторларының құзыретіне кірмейді. Біз оларға көмектесуіміз керек, олардың жұмысын құрметтеуіміз керек. Әлеуметтік желіде сынағаннан ештеңе өзгермейді. Бізге бизнеске көмектесу керек. Халықтың экологиялық ойлауын және мәдениетін өзгерту қажет, - деп атап өтті Александр Гужавин ұлттық парктегі пікірталас соңында.

Бұл жобаға "Қазэкология" экология ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Амангелді Сқақов, эко-белсенді және кәсіпкер Сергей Спицын және басқа да Кеңес мүшелері қолдау білдірді.
Просмотров материала: 773

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 235 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 056 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 028 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 970 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 953 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 490 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 244 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 270 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 732 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 861 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 042 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 317 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 485 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 163 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 315 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 565 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 136 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 169 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 141 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 087 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 940 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 149 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 114 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 713 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 832 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 192 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 428 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 960 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 011 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 912 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 147 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 277 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930