25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Әбіл-Серік Әліакбар: Жекеменшік мектептер қай тілде оқытады?

Әбіл-Серік Әліакбар:  Жекеменшік мектептер қай тілде оқытады?
Мақаланы жазуға Бурятиядан келген профессордың: «Менің ұлым бірде менен өзі оқып жүрген мектебіне қазақ тілін оқытудан босатып, орнына испан тілін оқуы үшін арыз жазуымды өтінді. Ол оқитын халықаралық мектепте бұлай етуге әбден болады. Біз ұлымыз екеуіміз ұзақ әңгімелестік, мен оған суын ішкен жеріңнің тілін құрметтеуге тиіссің деп санасына құйдым. Әрі бұл тілді білуің болашақта өзіңе керек пе, керек емес пе ол маңызды емес деп істі бір жайлы еттім» деген жазбасы түрткі болды .

Бұрынғы министр неге ағлышын тіліне жабысып қалды десек, тек осы тілде ғана оқытатын, санаулылардың ғана қалтасы көтеретін халықаралық элиталық білім ошақтары елімізде тамыр жайыпты.

3-тен 17-і жасқа дейін аралықта 12 жылдық білім беретін балабақшасы, мектеп алды дайындығы бар әм бітірген соң, амарикалық үлгідегі аттестат беретін - QSI INTERNATIONAL SCHOOL. Әлем бойынша 37 мектеп болса, соның төртеуі біздің елде: Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтау мен Атырау

Баланы әкеліп, апарып салатын, тамағын қамтамасыз ететін QSI INTERNATIONAL SCHOOL-да оқудың бір жылдық құны – орта есеппен 25 000 $ болады.

Алматы (2008 жылдан бастап), Нұр-Сұлтанда (2011 жылдан бастап) әуелі 11 сыныптық халықаралық аттестат беретін, одан кейін 12-13 сыныптарда университет алдылық Халықаралық бакалавриат (IB) бағдарламасын меңгерту үшін оқытатын британдық үлгідегі - HAILEYBURY SCHOOL.

Бұл мектепте шәкірт пен ата-ана үшін орыс, ағылшын және қазақ тілінінің біреуін білім беру тілі ретінде таңдауға мүмкіндік беріледі. HAILEYBURY SCHOOL балабақшасы мен бала жас ерекшелігіне қарай бағасы төрт түрлі төленімге құрылған: 10 540 $, 20 030 $ және 30 660 $.

Аталған екі қалада Тұңғыш Президент қоры құрған «МИРАС» Халықаралық мектебі бар. 11-12 сыныпты ағылшын тілінде ғана оқиды. Бір айлық білім беру құны 534 мың теңге.

Қос елордада ұзын саны 83 мемлекеттік емес білім ордасы бар. Оларда бір оқушының білім алуының бір жылдық бағасы 900 мың мен 8,1 млн теңге аралығында. Және осы білім ошақтары басшылығы мен құрылтайшыларының қазақ тілінде білу беруге құлықты-құлықсыздығын құзырлы орындардан ешкім тексеріп әм бақылау жүргізген емес.

Тек Forbes Kazakhstan ғана 2014 жылдан бері үздік ТОП 20 рейтингісін жариялаумен ғана шектеліп отыр. Оның үстіне оның тізіміне тек Алматы мен Нұр-Сұлтан мектептері ғана ілінеді. Қалғандарында қазақ тілінде білім берудің не болып, не қойып жатқанын бір құдай білсін.

Сонымен, жоғарығда аталған мектептерде ең азы 200-ден, ең көбі 2607 оқушыға дейін оқиды. Шәкірттердің оқу ақысы ай сайын 194 мыңнан 810 мыңға дейін. Жеке меншік мектептердің жылдық табысы 616 млн-нан 7 млдр.11 млн. дейінгі аралықты құрайды.

2018 жылғы дерек бойынша Алматы облысында – 8, Шымкенте – 7, Таразда – 3, Қызылордада – 1, Қарағандыда– 1, Теміртауда – 1, Ақтауда – 5, Атырауда – 2, Ақтөбеде – 7, Оралда – 3, Петропавловскіде – 2, Өскеменде – 4, Семейде – 2, Қостанайда – 4, Ақмола облысында – 1 жеке меншік мектеп бар екен.

Бірақ аталған мектептерде көп жағдайда мемлекеттік тілде оқытуға әм білім беруге құлықы жоқ. Оны оқушы мен баланың таңдауына қалдырып, қарап отыратын әдеттері бар. Бұған қазақ билігі ендігі жерде көз жұма қарамайды деген ойдамыз. Қазіргі орыс-ағылшын тілді жекеменшік мектептерді жауып, құрылтайшыларынан қазақ-ағылшын мектептеріне айналдыруды төтесінен қоятын кез келді. Осы елеулі проблемаға елімізде тіркелген бірде бір саяси партияның құлық танытпауын немен түсіндіреміз.

«Ел болам десең бесігіңді түзе» дейді бабамыз. Жеке меншік мектептерге қатысты сол бесік түзелмей тұр ғой!?

Әбіл-Серік Әліакбар

Дереккөз: Abai.kz.
Автор: Әбіл-Серік Әліакбар -
Әбіл-Серік Әліакбар:  Жекеменшік мектептер қай тілде оқытады?
Просмотров материала: 581

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 210 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 031 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 003 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 944 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 926 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 489 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 243 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 269 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 731 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 858 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 035 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 315 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 485 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 163 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 312 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 559 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 136 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 169 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 141 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 087 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 940 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 149 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 114 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 707 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 832 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 192 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 428 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 960 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 011 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 912 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 147 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 277 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930