24 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Ең төменгі жалақы 1,5 есе өсті". Маминнің есебі

22 июнь 2020, 14:01
"Ең төменгі жалақы 1,5 есе өсті". Маминнің есебі
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Парламенттің қос палатасы депутаттарының бірлескен отырысында Үкіметтің 2019 жылғы жұмысы және экономиканы одан әрі дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Үкімет басшысы мұнайға әлемдік бағаның төмендеуіне және сыртқы экономикалық конъюнктураның нашарлауына қарамастан, 2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының соңғы 6 жылдағы ең жоғары өсімі – 4,5%-ға қол жеткізілгенін атап өтті. Сонымен қатар өсімнің 85%-ы шикізаттық емес салаларды дамыту есебінен қамтамасыз етілді.

Экономика өсімінің негізгі драйверлері — өңдеу өнеркәсібі (4,5%), құрылыс (12,9%), көлік (5,1%) және сауда (7,6%) болды. Негізгі капиталға cалынған инвестициялар 8,5%-ға, оның ішінде жеке инвестициялар 9,5%-ға өсті. Сыртқы сауда айналымы $97 млрд дейін өсті, сыртқы сауданың оң сальдосының өсімі $19 млрд құрады. Инфляция жоспарланған дәліз шегінде 5,4%-ды құрады. Еңбек нарығында тұрақтылық сақталды. Жұмыссыздық деңгейі 4,8% болды. Ең төменгі жалақы 1,5 есе өсті.

Осы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ 1,7%-ға төмендеді. Бұл ретте экономиканың негізгі салаларында өсім қамтамасыз етілді. Тауарлар өндірісі 4,8%-ға артты.

Қазіргі жағдайда Үкіметтің негізгі міндеті – экономика өсімінің оң қарқынына шығу үшін қажетті жағдайларды жасау. Ол үшін еліміздегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау бойынша ауқымды шаралар қабылданып жатыр, — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы төтенше жағдай кезінде экономиканы тұрақтандыруға және халықты қолдауға бағытталған жедел әрі шұғыл шаралардың 2 топтамасы (биылғы 23-30 наурыз аралығы) қабылданғанын атап өтті. Әлеуметтік әлжуаз топтарға қаржылық көмек көрсетілді, оның ішінде қажетті дәрі-дәрмектермен және азық-түлікпен қамтамасыз етілді, банк несиелері бойынша төлемдер уақытша тоқтатылды, салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеу мерзімі кейінге шегерілді. Дағдарыс жағдайында жеке сектордың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ШОБ-ты жеңілдікпен несиелеу және бизнесті ауқымды ынталандыру шаралары қабылданды.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмыспен қамту шараларымен осы жылдың соңына дейін 1,2 млн-нан астам азамат қамтылатын болады. Жұмыспен қамтудың жаңа жол картасы аясында 6,5 мыңнан астам жоба іске асырылады. Бұл 255 мың жұмыс орнын ашуға және инженерлік-коммуникациялық және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту арқылы өңірлерде халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Бизнестің жол картасы экономиканың аралас салаларында 100 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құруға негіз болады.

Үкімет 2020 жылға арналған Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды әзірлеп, белсенді түрде іске асыруда. Ол іскерлік белсенділікті ынталандыруға, жұмыспен қамтуды және халықтың табысын қолдауға бағытталған нақты салалық шараларды қамтиды. Кешенді жоспарды іске асыру үшін Парламент қысқа мерзімде заңнамаға шұғыл түзетулер топтамасын қарастырып жатыр.

Биылғы 1 тамызға дейін Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысы аясында 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспардың жаңа редакциясы әзірленеді. Ол еліміздің жаңа экономикалық бағдарының негізгі бағыттарын анықтайды.

Жаңа экономикалық шынайылық орта мерзімді перспективада елдің сапалы әрі тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін экономикалық саясатқа түбегейлі өзгерістерді енгізуді талап етеді, — деп атап өтті А. Мамин.
Просмотров материала: 624

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 088 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 911 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 882 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 821 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 802 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 482 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 237 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 264 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 721 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 850 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 992 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 311 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 483 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 393 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 161 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 307 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 518 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 133 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 462 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 167 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 139 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 085 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 938 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 147 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 112 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 668 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 829 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 982 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 190 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 426 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 921 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 957 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 009 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 145 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 274 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930