29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Теңіз кен орнында жаңа құрам жасақталып жатыр

19 июнь 2020, 17:48
Теңіз кен орнында жаңа құрам жасақталып жатыр
Атырау облысы Жылыой ауданы Теңіз кенішіндегі эпидемиологиялық ахуал тұрақталды. Сондықтан өндірістегі вахталық құрамды жаңалау жұмыстары басталған. Қазір кен орында 13700-ден астам жұмысшы мен 100-ге жуық мердігер компания бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Теңізшевройл" компаниясы мен мердігер мекемелер 15 маусымнан вахталық ауысымды бастады. Карантин басталғалы көптеген жұмысшы өндірісте жүр. Енді оларды жаңа құраммен ауыстыруды қолға алдық. Бұл - жұмысшыларымыздың өмірі мен денсаулығы үшін де маңызды. Жаңа құрамды жасақтау жұмыстары қауіпсіздік шараларына сай жасалады. Вахталық ауысымды ұзарту жұмыстары жергілікті атқарушы органдардың келісімімен жасалды. Бұрын 14 күн істегендер 28 күнге, ал 28 күн жұмыста болғандар 56 күнге ұзартылды. Әрине, мұның барлығы жұмысшылардың келісімімен болады. Сонымен қатар, вахталық ауысым кезінде жұмысшылар міндетті түрде оқшауланады. Алдын ала сынамалар тапсырады. Содан соң кен орнына келіп, тағы да тест тапсырады. 5 күн карантинде жатады. Осының барлығынан соң ғана жұмысқа қосылады. Бұл вахталық ауысым еліміздегі барлық заңнама мен талапқа сай орындалады, - дейді "Теңізшевройл" ЖШС үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев.


"Теңізшевройл" ЖШС өкілдерінің айтуынша, бұл вахталық ауысым шілде айының ортасына дейін жалғасады. Өндіріске келген жұмысшылар толық дезинфекция жасалған, сақтық шаралары алынған таза аймақтарда жұмысын бастайды.

Өндірісте арнайы жедел топтар жұмыс істейді. Қандайда бір жағдай туындаса, жұмысшылар дайын болады. Қазір Теңіз кенішінде карантин режимі 26 маусымға дейін ұзартылды. Егер індет басылмаса, шектеу шаралары әрі қарай созылуы мүмкін. Оны жергілікті атқарушы органдар шешеді. Біз қазір өндірістегі санитариялық талаптар, маска тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау, сақтық шараларына аса мән беріп жатырмыз. Бұл кен орнындағы барлық аймақта жүргізіліп жатыр, - дейді "Теңізшевройл" ЖШС үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев.

Сондай-ақ, ТШО кен орнындағы аса маңызды жобаларды тоқтатпауға күш салып жатыр екен. Ол "Келешек кеңею" жобасы. Қазіргі уақытта бұл зауыт жұмысының 77% аяқталған. Компания басшылары Қазақстан еліне ризашылығын білдірді.

Біз Қазақстан Республикасы Президентіне, Энергетика министрлігіне, Атырау облысы әкімі және оның командасына қиын кезеңде қолдау білдіргендері үшін ризашылығымызды білдіреміз. Өзіміз қызмет етіп жатқан аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына өз үлесімізді қосамыз. Алдыңғы қатардағы сенімді серіктес болатынымызға сенімдіміз. Вахталық ауысымның да қауіпсіз өтуін жоспарлап отырмыз, - дейді ол.

Теңіз кен орнынан инфекция жұқтырған 1200-ден астам науқастың 73-і ТШО жұмысшылары екен. Оның 806-сы жазылып шыққан. Қазір кен орнындағы инфекциялық ауруханада 208 науқас ем алып жатыр.
Просмотров материала: 1 126

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 570 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 410 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 398 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 335 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 289 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 622 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 220 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 223 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 278 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 432 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031