1 января 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстан мемлекеттік шекараны дронмен күзетуі мүмкін

17 июнь 2020, 16:00
Қазақстан мемлекеттік шекараны дронмен күзетуі мүмкін
Қазақстанда мемлекеттік шекараны ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы күзетуге рұқсат берілуі мүмкін. Мәжіліс тиісті өзгерістер енгізілген заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды SputnikNews.kz.

Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстанның мемлекеттік шекарасы туралы заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасы қаралды.

Құжат депутаттардың бастамасымен әзірленген.

Мәжілісмен Құдайберген Ержанның айтуынша, заң жобасының мақсаты – мемлекеттік шекара туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру.

"Заң жобасында "Қазақстанның мемлекеттік шекарасы туралы" заңнамасын бұзудың ықтимал тәуекелдерін төмендетуге бағытталған нормалар ұсынылады. Қазақстан аумағын транзит түрде теміржол көлігімен кесіп өткен кезде, жолаушыларды түсіріп-отырғызуды, жүктер мен тауарларды түсіріп-тиеуді жүзеге асырмайтын жағдайда ғана шекаралық, кедендік және бақылаудың өзге де түрлері жүргізілмейді", - деді Ержан.
Сонымен қатар, кәсіпшілікті жүзеге асыратын қазақстандық кемелерге орналасқан жері туралы мәліметті автоматты түрде жолдап тұратын техникалық бақылау құралдары болған жағдайда ғана, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің рұқсаты негізінде шекаралық, кедендік және бақылаудың өзге де түрлерінен өтпестен мемлекеттік шекараны кесіп өтуге рұқсат етіледі.

Заң жобасына сәйкес, шекара арқылы өткізу процесіне тікелей қатыспайтын құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне өткізу пунктеріне кіруге құқық беру көзделген.

"Тек қана жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне және оларға Қазақстан заңымен бекітілген тапсырмаларды шешу үшін ғана өткізу бекеттеріне кіруге мүмкіндік беріледі", - деп түсіндірді депутат.

Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар бөлімшесінің басшысы өткізу пунктерінде белгілі бір әрекеттерді жасауға нұсқау жазады. Аталған нұсқамаға сәйкес, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі теміржол, автомобиль, теңіз және өзен өткелдеріне рұқсаттама береді.

Ал авиация саласындағы құзыретті орган шекара қызметінің келісімі бойынша авиациялық өткізу пунктеріне кіруге рұқсат береді.

Сонымен қатар, заң жобасында шекара қызметіне мемлекеттік шекараны күзету үшін пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалануға рұқсат беру қарастырылған.

"Шекара қызметі пилотсыз ұшу аппараттарын жағалауды, шекарада құқық бұзушыларды, көліктерді бақылау және анықтау үшін қолданады. Мысалы, наряд мемлекеттік шекараны күзетуде пилотсыз ұшу аппараттарын адам немесе көлік бара алмайтын жерлерде, таулы асулар, аңғарлар мен тау жолдарын бақылауда пайдаланады", - деді мәжілісмен.
Айтуынша, пилотсыз ұшу аппараттарын басқару үшін білікті мамандар Ресейде даярланды. Оқу процесі одан әрі жалғасын табады.

Депутат шекара қызметі үшін ұшақ типті 15 және квадрокоптер типті 90 пилотсыз ұшу аппаратын сатып алу жоспарланып отырғанын айтты.

Сонымен қатар, шекара кеңістігінде құқықбұзушылықтардың жолын кесу кезінде шекара қызметі тәркілеген жануарларды, балықтар мен өсімдіктерді, браконьерлік аулау құралдарын, браконьерлік жүзу құралдарын есепке алу, сақтау, бағалау және оларды одан әрі пайдалану жұмысын ұйымдастыру құзыреті жергілікті атқарушы органдарға берілмек.

Мәжіліс заң жобасын бірауыздан мақұлдады.

Просмотров материала: 784

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 181 889 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 181 404 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 180 982 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 181 034 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 181 348 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 569 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 698 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 942 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 147 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 287 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 878 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 114 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 457 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 281 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 108 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 327 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 368 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 050 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 444 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 172 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 168 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 998 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 832 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 107 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 046 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 551 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 081 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 870 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 137 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 506 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 890 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 836 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 894 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 853 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 084 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 222 Просмотров





Опрос


«    Январь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031