29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Сенім телефонынан медеу іздегендер неге көбейді?

17 июнь 2020, 15:03
Сенім телефонынан медеу іздегендер неге көбейді?
Жер бетіндегі жұрттың денсаулығын діңкелетіп, алпауыт мемлекеттердің қаржы- экономика саласын құлдыратып, әл-ауқатын есеңгіреткен коронавирус үйінде оқшауланған адамдардың психикасына да әсер еткенін әлем психологтары айтып жатыр. Жұмыссыздық, күнделікті үйреншікті тіршіліктің тоқтауы, көзге көрінбейтін тажалдың қауіптілігі жайлы үрей тудырған ақпараттар адамның психологиясын қажытып, жүйкесіне жүк салғаны анық.

Суицид сергелдеңі.

- Таңғы сағат 4-те жедел жәрдем қызметкерлері хабарласып, пациентке шұғыл психологиялық көмек керектігін айтты. Суицид жасаймын деп, ешкімге бой бермей жылап , бойжеткен қатты шыңғырып жатыр. «Құтқармаңдар, өлемін. Бір апта ұйықтамадым. Бәрінен шаршадым» деп айқайлайды. Жедел –жәрдем қызметкерлері қызға телефонды берді,- дейді психолог Мейрамгүл Ибашова.

Мейрамгүл Ибашова Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығында 20 жылдан бері еңбек етеді. Клиникалық психологияның меңгерген және жілігін шағып, майын ішкен кәсіби маман. 5 жылдан бері сенім телефонына хабарласқан тұрғындарға психологиялық кеңес беріп , әлеуметтік құқығы қорғалмаған, медициналық көмекке мұқтаж абоненттерге бағыт –бағдар беретін тәжірибелі психолог. Талай адамның мұңын, ішіндегі шерін, ешкімге айтпаған сырын күні –түні Мейрамгүл тыңдайды. Суицид жасауға бел буған бірнеше шарасызды райынан қайтарған кәсіби маман. Оның айтуынша карантин кезінде «сенім телефонына » тыным болған жоқ. Ал қоңырау шалған адамдардың саны есі есе көбейген. Суицидке бейім , өз өмірін қию , өлім туралы ойлары бар 13 адам хабарласыпты.

Мейрамгүлдің айтуынша сенім телефонына жұрт еріккенінен хабарласпайды. Тіршіліктен түңіліп, өмірін қию туралы ойлаған, соны жоспарлаған адамды құтқаруға, арашалауға әрқашан мүмкіндік болғанымен олардың жан-айқайын ата-анасы, достары, жанында жүрген адамдар естімейді. Алматылық бойжеткенді суицид жасау туралы ойдан арылту үшін психологтың құтқару операциясы бір кітапқа арқау болатыны даусыз.

- Тығырыққа тірелген, шырғалаң, шырмаудан шаршаған қыздың уәжін үнсіз тыңдадым. Оны құтқаруға мүмкіндік бар екеніне сенімді болдым. Себебі, оның жедел жәрдемді шақырғаны мүмкіндік. Кез-келген кәсіби маманға үміт сыйлайды. Алдымен көмектесемін деп ,оны иландырдым. Екеуміз ұзақ сөйлеспедік. Оны райынан қайтару үшін 20 минут жұмсадым. Ашуы тарқағанымен қыз жылай береді. Тұлай бойын кернеген эмоциясы да басылды. Құрбысына телефонды берді. Олар психикалық сауықтыру орталығының атауын естігеннен кейін шошып кетті ме, мекен-жәйін жалған айтып, байланыс үзілді. Ойлануға уақыт тапшы. 102 номерін тердім. Полицияға екі мекен-жәйді бердім. Жедел іздестіру тобы қыздың қонысын анықтады. Қазіргі уақытта сол бойжеткен біздің орталықтың кәсіби мамандарының көмегіне жүгініп, психологиялық, медициналық көмек алып жүр. Тұрғындарға айтарым, «жынды деп, есепке тіркейді» деген жалған сөзге сенбеңіздер. Қорықпаңыздар. Сіз жайында ақпаратты құпия сақталады. Біздің мақсатымыз әр пациентке көмектесу ғана ,-дейді психолог Мейрамгүл Ибашова.

Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығында 5 жылдан бері 5 сенім телефоны тәулік бойы жұмыс істейді. Клиникалық психологиялық кеселге шалдыққандардың дертін бүге-шігесін бес саусақтай білетін кәсіби мамандар соңғы үш айда мыңдаған тұрғынның мұңын тыңдады. Өмірден түңілген , тұрмыс тауқыметінен шаршағандар, төрт қабырғада қамалып, жалғыздықтан жалыққандар, суицид жасауға бейім адамдарды жылы сөзбен демеп, күйзелістің құрығынан құтылуға қол ұшын созды. Оқшауланған сүр бойдақтардың, зейнеткерлердің, мүгедектердің және психикалық ауытқуы бар жандардың сырласы, серігіне айналған сенім телефонына 2020 жылдың ақпанда 203, наурызда 292, сәуір айында 304 , мамырда 271 қоңырау түскен.

БОЙДАҚТАР ҚЫЗБЕН СӨЙЛЕСУГЕ ЖҮРЕКСІНЕДІ.

- Жалғыз тұратын тұрғындарға үйде оқшауланып өмір сүру оңай болған жоқ. Кейде ішімдік ішіп , кейде жылап-еңіреп, шерін тарқатып жатты. Карантин мұндай адамдардың психологиялық күйіне қатты соққы берді. Олардың тәбеті қашады, уайымы күшейеді.
43 жастағы бойдақ жігіт хабарласты. Баспанасы бар. Үйленбеген. Төтенше жағдайға байланысты жұмысы тоқтаған. Мұндай адамдардың дерті жалғыздық. Біз оларға сөйлеуге мүмкіндік береміз.
Оның басты проблемасы әйелдермен танысуға ұялады екен. Сөзге шорқақтығынан ыңғайсызданып, қыздармен кездесуге бармайды. Бір бойжеткеннің шашын сипап, қолын ұстап көрмедім деп сырын айтты. Интернет арқылы танысқан әйелдерге мүлдем сенбейді. Ол бізден нәзік жандылармен қарым-қатынас орнатуға үйретіңіз, кеңес беріңіз дейді. Күнде қоңырау шалады. Сырласатын досы, демейтін туысы жоқ. Бір айда қоңырау шалған 70 тұрғынның тауқыметі бір –ол жалғыздық. Адамдармен тіл табыса алмайды, жұмысынан айырылу, өзінің әлеуметтік мәртебесіне көңілі толмайтын тұрғындарға да сенім телефоны кеңес берді.

-Мейрамгүл Смағұлқызы , өзін-өзі оқшаулау кезінде хабарласқан абоненттерді не мазалайды?

- Карантин кезінде қобалжу жағынан және депрессивті жағдайдағы адамдардан қоңырау жиіледі. Тұрғындардың сыртқа шығу мүмкіндігі шектелгеннен кейін ұйқының қашуы , материальдық жағдайға алаңдаушылық , мазасыздық, күдікшілдік , соматикалық аурулардың асқынуы сондай типтегі психологтің консультациясын қажет ететін сұрақтар көп болды. Алкоголдік тәуелді жандар мен олардың жақындары бір айда 25 мәрте қоңырау шалыпты. Отбасылықты жағдайға байланысты ері мен әйелі арасындағы жанжал, ене мен келіннің кикілжіңі , туыстар арасындағы ұрыс-керіс , бірін-бірі түсініспеушіліктен туындаған дау-дамайдың түйінін тарқатуға психологиялық көмек сұрағандар көп болды. . Әлеуметтік мәселе ,ата-ана мен баланың қарым-қатынасы, денсаулығына шипа іздегендер, психикалық ауытқуы бар , нашақорлық ,маскүнемдіктен құтылудың жолын іздеген абономенттермен және олардың жақындарына ақпараттық көмек көрсету , күйзеліске түскен, суицид жасауға әрекет жасаған немесе ойы бар адамдармен жұмыс істедік.

« 21 қабаттан секіремін ,мені мына дүниеде ешнәрсе ұстап тұрған жоқ» деп 23 жастағы келіншек хабарласты. 3 баласы бар .Секіріп кетуге шақ тұр. Оның мүмкіндігі бар . Суицидке негізі адамдар саналы түрде барады. Бұл әйелдің ойы, жоспары болды. 21 қабаттан секіріп өлуге бел буған. Үш жарым сағат сөйлестік. Кенжесі бір жарым жаста екен. Байқағаным , баласын туғаннан кейін келіншекте күйзеліс пайда болған. Содан емделмеген. Күйеуі бар. Жұмыс істейді. Отбасының тұрмысы жақсы. Тек әйелдің күйзелісі меңдеген. Күйеуінің жарын ,балаларын жақсы көретіні көрініп тұр. Кәсіби мамандардың көмегінсіз ол проблеманың шешілмейтінін түсіндірдім. Біздің орталықта он күн емделді. Менің мақсатым көмекке мұқтаж адамдардың кәсіби мамандарға келгенше үгіттеу. Әрбір телефон соққан адамның мұңын тыңдап, әңгімелесу. Дәрігерлерге бағыттау.

- Сенім телефонына кез-келген адам хабарласпайды. Сіздің абоненттер үшін не маңызды?

- Тәжірибемде байқағаным, олардың бірінші сұрағы бір. Менің әңгімем жазылып жатқан жоқ па деп сұрайды. Сенім телефонының көмегіне жүгінетін тұрғындарға еш уайымдаудың қажеті жоқ. Айтылған әңгіме құпия сақталады. Телефон номерін анықтайтын аппаратты қолданбаймыз. Сенім телефонына шағымданған жандар үшін ең маңызды біреудің оны тыңдағанын қалайды. Кейде біз солардың көңіл-күйіне байланысты дауыс ырғағымызды өзгертіп, сұрақ қоямыз немесе ойымызды бөлісеміз. Тәулік бойы хабарласып, клиникалық психологтардан кеңес алуға болады. Ақысыз қызмет көрсетеміз. Қазақ және орыс тілінде сөйлейміз. Дағдарыс кезінде көмек керек болса, бізге хабарласыңыздар.

Телефондарымыз: 8 727 3765660, +77089832863, 1303.

- Сіздің дауысыңызға ғашық болғандар бар ма?

-Дауысыма ғашық болғандар жоқ. Дегенмен мен өз кәсібімді жақсы көремін, мақтанамын. Қаншама тығырыққа тіреліп, сенім телефонынан араша сұрап, соңғы үміттерін ақтап, сол адамдардың өмірін жақсартуға титтей үлесімді қосып, бағыт-бағдар бергеніме қуанамын. Жаныңызда жүрген адамдарды тыңдауға тырысайық. Әрқашан жылы сөзге сараң болмаңыздар. Ал біз әрқашан көмектесуге дайынбыз.
- Мейрамгүл Смағұлқызы , сұхбатыңызға рақмет.

Жазира Бегалы, журналист, Алматы
Просмотров материала: 1 671

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 547 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 386 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 374 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 312 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 267 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 499 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 621 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 220 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 221 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 278 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 430 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 970 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031