11 марта 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Бізге коронавирустың ауыр формасы келгендей» - отандық дәрігер

15 июнь 2020, 17:25
«Бізге коронавирустың ауыр формасы келгендей» - отандық дәрігер
Елімізде коронавирусқа шалдыққандар саны 15 мыңға жуықтап қалды. Бұл көрсеткіш күн сайын артуда. Дәрігерлердің сөзінше, науқастар саны көбейіп қана қоймай, вирустың өзі де басқа, күрделі сипат ала бастады. Маусым айының басынан инфекциялық ауруханаға түскендердің ауру белгілері де өзгерген. Бастапқыда жеңіл форма болса, қазіргі сырқаттардың жағдайы ауыр. Azattyq Rýhy тілшісі петропавлдық коронавируспен жұмыс жөніндегі инфекциялық аурухананың анестезиолог-реаниматолог дәрігері Данияр Бейсембаевпен сұхбаттасқан еді.
«Бізге коронавирустың ауыр формасы келгендей» - отандық дәрігер

- Коронавирусқа шалдыққан сырқаттармен қашаннан бері жұмыс істеп жүрсіз?

- Петропавлда ақпан айында коронавирус инфекциясына шалдыққандарды емдеуге арналған қарқынды терапия бөлімшесі ашылды. Бірақ сырқаттар түскен жоқ. Бұған дейін ауырғандардың барлығы жай ғана дене қызуы көтерілуі, бас ауруы сынды қарапайым шағымдары ғана болды. Кейбіреулері тек сараптама оң нәтиже көрсеткендіктен ғана ауруханаға жатқызылды. Маусым айының басынан Петропавлда жансақтау бөліміне түсіп жатқандар саны көбейіп кетті. Екіжақты пневмонияға шалдыққандар саны артты. Жасы 60-тан асқан әйел 1 маусымнан бері жасанды жолмен тыныс алып жатыр. Трахеостома шығарылды. Біз оны онкология диагнозымен байланыстырдық. Алайда тағы бір мысал келтірсем, 35 жастағы жігіттің де жағдайы ауырлап кетті. Оның созылмалы ауруы жоқ. Мұндай жағдайлар күн сайын көбейіп жатыр. Бастапқыда біз де коронавирусқа күмәнмен қарағанымыз рас. Шетелдерде түсірілген видео мен протоколдарда жазылған аурудың формасы бізгеенді келді.

- Өздеріңіз жұқпадан қалай қорғанасыздар?

- Біз 6 сағат жұмыс істейміз, 12 сағат демалып, ісімізге қайта кірісеміз. Жұқпаға шалдыққандармен тікелей қатынаста болғандықтан, үйге бармаймыз. Арнайы қонақүйде тұрып жатырмыз. Ауруханадан шыққан бетте өткізу пункті бар. Ол жерде киімімізді ауыстырамыз. Жұмыста жүргенде екі қабат медициналық маска одан кейін респираторлық маска, көзілдірік, екі қолғап киеміз. Денемізде ашық жер болмайды. Қорғаныс киімінде жұмыс ісеуге тура келеді. Медициналық персонал да басқа қызметкерлер де 14 күн жұмыс істейді, 14 күн карантинде болады. 2-3 күнге үйге баруы мүмкін. Сосын жұмысқа қайта кіріседі. Талап бойынша қорғанып жүрсең, қорқыныш жоқ деп ойлаймын. Мен өзгелер үшін қауіптенемін. Балаларым, анам, әйелім бар. Қазір көпшілік вирустан қорғану қажеттігін ұмытып кетті. Медициналық масканы айына бір рет емес, күніне бірнеше рет ауыстыру керек. Қоғамдық орындарға баруды шектеп, әлеуметтік қашықтықты сақтаған абзал.

- Бастапқыда көпшілік дүкеннен сарымсақ, зімбір сынды өнімдерді жаппай сатып алып жатты. Қазір белгілі бір азық-түлікке деген сұраныс байқалмайды. Жалпы жұқпадан қорғану үшін қандай тағам, дәрумендер тұтынған дұрыс?

- Уақытылы тамақтану керек және вирусқа қарсы препараттар қолданған дұрыс. Аскорбин қышқылы мен цинк имуннитетті күшейтеді. Олар ағаның қорғаныш қабілетін түзеді. Ең дұрысы жабық ғимараттарда маски кию керек, қолды залалсыздандырып отыру маңызды. Қоғам вирусқа жеңіл қарай бастады, ал ол біздің есімізге оның дұрысемес екендігін салып жатыр.

- Бұған дейінгі вирус пен қазіргінің қандай айырмашылығы бар?

- Көктем айларында баршамыз карантинде отырдық. Оның пайдасы тиді. Енді талап жеңілдетілді. Ауру саны да күрт артты. Оның себебі белгісіз. Бізге вирустың басқа, ауыр формасы келгендей. Жұқпа ошақтары көбейді. Бұған дейін ауырғандар қарым-қатынас жасағандар тізімінен болатын. Қазір ауру ошағын анықтау қиын болып жатыр. Біз әрбір жағдай бойынша анкеталық мәлімет жинаймыз. Адам еш белгісіз ауру таратып жүре беруі мүмкін.

- Балалардың жағдайы қалай?

- Ауырған балалармен қарым-қатынас жасағандар көп. Олардың жағдайы жаман емес. Дене қызуы 39 - 39,5 градусқа дейін көтеріледі. Бірақ алдын-ала ештеңе айтуға болмайды. Сырқаттардың жағдайы кез-келген сәтте қиындап кетуі мүмкін. Оны болжау мүмкін емес.

- Көпшілік инфекцияға сенбей жатыр. Сақтық шараларының сақталмауының бір себебі де осы. Ондай азаматтарға не айтар едіңіз?

- Айтқанымдай, оған біз де басында күмәнмен қарадық. Енді, міне, ауырғандарды көріп күнде емдеп жүрміз. Сырқаттардың жағдай күрт төмендейді. Тыныс алуы ауырлайды. Қазір вирустың белсенді түріне тап болғанымызға көзім жетті. Халықты қорқыту емес, қорғау мақсатында «сақ болыңыздар» дегім келеді. Әлеуметтік қашықтықты сақтау, талдауы оң нәтиже көрсеткендер сыртқа шықпай, өздігінен оқшаулану қажеттігін еске салғым келеді. Симтомды аурулар көбейді. Біз денсаулық сақтау саласының барлық ресурстарын іске қосып жатырмыз. Қосымша провизорлық орындар ашылып жатыр. Алайда, ол шексіз емес. Егер ауру осылай дендей берсе, жағдайымыз қиындайды. Ауыр сырқаттар көбейеді. Ал көпшілік жағдайды дұрыс қабылдай алмай жатыр. Айтқаным екі адамның болсын жүрегіне жетіп, аурудан қорғап қалса, мақсатымның орындалғаны деп ойлаймын.
Просмотров материала: 1 178

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 190 390 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 189 941 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 189 495 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 189 541 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 189 875 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 075 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 187 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 460 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 789 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 931 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 390 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 313 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 530 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 349 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 184 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 525 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 427 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 116 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 522 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 276 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 228 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 062 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 900 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 188 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 122 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 623 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 306 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 943 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 208 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 576 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 964 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 911 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 987 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 945 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 159 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 308 Просмотров





Опрос


«    Март 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031