20 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Шетелдікке тиген қазақ қыздары бақытты ма?

15 июнь 2020, 15:42
Шетелдікке тиген қазақ қыздары бақытты ма?
Қазақ жігіттері қыздарды сыйламайды! Осындай ұстанымдағы қаракөздеріміз өзге елдің ерлеріне өзеуреп, опық жеуде! Жат жердің азаматымен бақытты боламын деп, артынша баз кешкен бұрымдыларымыздың оқиғасы әртүрлі. Бірі жиған-тергенінен айырылып қана қоймай қарызға белшесінен батса, енді бірі өзі дүниеге әкелген ұл-қыздарын елге қайтара алмай әлек. Бөгде мемлекетте бақытын тапқандар да жоқ емес, әрине! Бірақ олардың да айтары бар сияқты. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Эйфэль мұнарасының жанында фотосессия жасатып, некесін қидыру көптеген қыздардың арманы. Өкініштісі сол - олар қазақ жігітіне емес, шетел жігітіне күйеуге шығуды армандайды. Мақсаттары - солармен бақытты ғұмыр кешіп, шетелде өмір сүру.

Шетелдікке тұрмысқа шығып, бақытты өмір сүріп жатқан қазақ қыздарының бірі - Жанна Карбоне. Алайда ол алғашында тәрбиеден аса алмай, итальяндық әріптесімен шаңырақ көтеруге жүрексініпті. Десе де, бірте-бірте сезімі оянғасын махаббат - ұлтқа, дінге, тілге қарамайды деген тұжырымға келген. Бұл күнде сол үмітінің ақталғанына қуанышты.

Жанна Карбоне, қала тұрғыны:

"Франческо екеуміз бірге жұмыс істедік. Ол үнемі менің көңілімді тапқысы келетін. Басында мен оған мүмкіндік бермедім. Өйткені бізді шетел азаматына тұрмысқа шығуға болмайды, ол дұрыс емес деп тәрбиеледі. Бірақ, махаббат пен өзара сенім болса тәуекелге бару керек. Бір жыл бойы ауырып жатқанымда Франческо мені тастап кетпеді, қамқор болып, мені сүйетінін дәлелдеді. Сол кезде анам: "қызым, өзіңді сүйетін азаматқа тұрмысқа шық" деп ақ батасын берді".

Осылайша, Франческо мен Жаннаның отасқандарына он алты жыл болған. Жұбайлық өмірлерінің бес жылы Италияда өтсе, 11 жылдан бері Оралда тұрып жатыр. Үш бала өсіріп, тәрбиелеуде.

Алайда, қоғам белсендісі Оразкүл Асанқызы саусақпен санарлық мұндай мысалдардан шетелдікке тиген қыздардың бәрі бақытта өмір сүріп жатыр деуге болмайды дейді. Опық жеп, өкінгеніп жүргендерді де көп көрінеді.

Оразкүл Асанқызы, қоғам қайраткері:

"Қазір статистиканы көріп отырмыз. Алғаш "Болашақпен" барып, қаншауы жылап келді. Жылап келгенде де Құдай берген перзентін алып келе алмай еңіреп келген қыздар бар. Сондықтан шетел деген, шетелдің жігіттері бай деген, мұның бәрі әшейін."Мен жоқ жерде жақсы" дейді ғой. Сондықтан солай көрінеді".

Ал танымал блогер Арай Әлімхан шетелдікке тұрмысқа шыққысы келетін бойжеткендер жайлы бүй дейді.

Арай Әлімхан, инфлюенсер:

"Шетел азаматына күйеуге тиемін деп талпынып жүрген қыз балалар болатын болса, онда олардың өздерінің мақсаты болар. Біз бір-бірімізді көріп танысып, арамызда махаббат бар және солай күйеуге тидім. Бірақ, менде ондай ой болған емес. Қазақтың көп қыздары шетелге асып кетіп жатады. Мүмкін, бақыт іздеп кететін шығар. Бірақ, көптеген жаңалықтардан естуімізше, бақыт емес опасыздыққа тап болып жатады. Менің ойымша, өйтіп бақыт іздеудің қажеті жоқ. Кездесетін адамды өзіңіз кездестіресіз. Және шетелдің ер адамы өзіміздің ер адамнан еш айырмашылығы жоқ".

Отбасылық психолог Ержан Мырзабаев бақытты болу ұлтқа байланысты емес дейді. Оның пікірінше, айналасынан адамгершілігі мол, жар болуға лайықты ер азамат таба алмаған бойжеткендер өзге ұлттан бақытын тауып жатса оның еш сөкеттігі жоқ.

Ержан Мырзабаев, отбасы психологы:

"Менің сондай бірнеше клиенттерім болды. Яғни, шетел азаматтарына тұрмысқа шыққан қазақ келіншектері. Өзінің жеке шаруасына келген, отбасы қатынастарын емес. Жолдасы өзге ұлт өкілі. Неге деген кезде: "қазақ ер-азаматтары қыздарды бағаламайды, қадірлемейді, сыйламайды, жалпы қызбен қандай қарым-қатынас құру керек екенін білмейді. Ал өзін бағалайтын сыйлайтын ер азамат таба алмаған қыздардың шетелдіктермен үйленуін айыптайды".
Иә, айыптайтындар көп біздің қоғамда. Бірақ, бұған бірыңғай бойжеткендер ғана кінәлі ме?

Оразкүл Асанқызы, қоғам қайраткері:

"Біздің қыздарымыз жат елдікке тұрмысқа шығып жатса, ол қыздардың кінәсі емес, ол біздің жігіттердің кінәсі. Қыздарымыз өзге ұлтқа, өзге елге кетіп жатса, біздің жігіттерімізге сын бұл. Жігіттер өзіміздің жақсы қыздарымызды жат жұрттыққа жібермеу керек. Егер өзінің ауылынан өзіне лайық ер азамат табылып жатса қыздар басқа жаққа лағып несі бар? Сол қыздарды бақытты ете алмай жүрген еліміздің жігіттеріне сын".

Иә, бақытын бөтен елден, басқа ұлттан тапқысы келетін бойжеткендер күн санап артып келеді.

Алайда, өзге жұрттың азаматының етегінен ұстағанның бәрі бірдей жырғап жүрген жоқ. Бармақ тістеп, жапа шегіп жатқандары баршылық. "Үлде мен бүлдеге ораймын" деген сөзге сеніп, тағдыры талқан болған қыздар қаншама? Қайтпек керек? "Жаман еркектің басын төрге сүйрейтін" қыздарымызда қайтсек көбейтеміз?

Оразкүл Асанқызы, қоғам қайраткері:

"Негізі бұл отбасындағы ұлттық құндылықтарды айтудан ғой. Барлық нәрсе тәрбиеден. Ата-әженің, әке-шешенің тәрбиесінде. Қыздар да кейін ойлау керек. Сондықтан қыздарға айтарым: өзіміздің қара домалақ қазақтың жігітіне тұрмысқа шығу керек. Қара домалақ қазақтың санын көбейту керек".

Просмотров материала: 2 452

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 171 457 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 171 285 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 170 911 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 170 959 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 171 244 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 100 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 236 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 459 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 476 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 643 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 362 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 864 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 354 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 203 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 024 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 224 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 299 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 968 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 353 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 074 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 089 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 925 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 757 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 023 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 962 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 476 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 947 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 796 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 072 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 397 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 810 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 769 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 819 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 770 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 996 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 143 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031