26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Ол азартник»: Алматыда таэквондошы кәсіпкер қызға бір жыл бойы жәбір көрсетіп келген

11 июнь 2020, 16:23
«Ол азартник»: Алматыда таэквондошы кәсіпкер қызға бір жыл бойы жәбір көрсетіп келген
Алматыда бойжеткенді соққыға жығып, күш көрсеткен азаматқа қатысты тергеу басталды. Қазір бұл іспен Алмалы аудандық Полиция басқармасы айналысып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кеше түні Instagram желісіне @aidinovnab деген атпен тіркелген жазылушы өзінің көгерген көздері мен денесінде соққының іздері бейнеленген фотосуреттерін жариялаған болатын. Жәбірленуші өз жазбасында Ержан Әбілхас есімді азамат өзін ылғи соққыға жығатынан және ақшасын тарып алатынын жазған.

«Мен бұдан былай төзе алмаймын. Бір жылдан бері мені бір жігіт ұрып-соғып, ақшамды алып алады, телефонымды тартып алады, өлтіремін деп қорқытады...», - деп жазған қыз көпшіліктен көмек сұраған.

«Ол азартник»: Алматыда таэквондошы кәсіпкер қызға бір жыл бойы жәбір көрсетіп келген


Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі жәбірленушінің 10.06.2020 жылы арыз жазғанын растады. Қазір тәртіп сақшылары істің анық-қанығын зерделеп жатыр. Кінәлі тарапты анықтау үшін кешенді іс-шаралар қолға алынды.

«Арызданушының айтуынша, ол жігіт қыздың қолындағы телефонын тартып алып, ломбардқа өткізген. ҚК 389-бабы бойынша іс қозғалды. Жігіт 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Азаматшаның әлеуметтік желіде пайда болған жазбалары мен фотосуреттерін зерттеп, сот медициналық сараптама жасалады. Арызда көрсетілген оның бұрынғы танысы полицияға жеткізіліп, түсінік беріп жатыр», - дейді ПД Ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Azattyq Rýhy тілшісіне сұқбат берген Ботагөз Айдынқызы алты айдан бері таэквондо шебері, спортшы Ержан Әбілхас есімді азаматтан жәбір көріп, бірнеше рет полицияға шағымданғанын айтты. Кездейсоқ танысқан жастар бірнеше ай кездескен соң араларында түсініспеушілік басталған.

«Мен РОВД-ға (аудандық полиция басқармасы - авт.) қаншама рет бардым, қайтарып жіберді. Жарақаттарыммен барған кезім де болған. Ол кезде азаматтық-құқықтық жолмен шешіңіз деді. Сол себепті, мен кеше осы қолымдағы бар суретпен Инстаграмға пост жаздым. Бұл бет-аузымның көгергені биыл қаңтар айындағы сурет. Ұрып тастады, содан соң қасымнан шықпай, менің полицияға шағымданбауымды қадағалап, осы жарақат іздері кеткеше қасымда болды. Мен ақпан айында Наурызбай ауданы полициясына арыз жазу үшін бардым. Ақшаңды да, ештеңені өндіре алмайсың деді. Қолымда қолхат жоқ екені айтты», - дейді бойжеткен.

Дегенмен, жәбірленуші жігітпен қайтадан сөйлесіп жүрген. Оның аты-жөні Ержан Бауыржанұлы Әбілхас екенін айтты. Таэквондошы. Қазір «Алатау» спорт кешенінде жұмыс істейді. Жаттықтарушы, методист, меңгеруші көрінеді.

«Бүгін мен телефонымды алып қойғаны үшін арыз жаздым. Сот басталғанша оны уақытша босатып жіберді. Біз ол адамммен тұрмағанбыз. Бір жыл бұрын көшеде танысқан едік . Кейін мен оның отбасы бар екенін білдім де, сөйлесуге қарсы болдым. Сол кезден бастап ұру, қорқыту басталды. Телефонымды тартып алады, ол азартник. Осы күнге дейін 3 млн теңгемді алды, картамнан шешіп алады, кассамнан алады. Менің косметика сататын жеке дүкенім бар», - деді Ботагөз Айдынқызы.

Ержан Бауыржанұлы Әбілқас деген азаматтың спортшы екенін, таэквондодан әлемдік деңгейде жетістіктерге жеткенін Алматыдағы Амалбек Тшанов басқаратын Республикалық спорт колледжінің ұжымы да растады. Директордың спорт жөніндегі орынбасары Нұрсұлтан Жолмұрзаев жоғарыда аты аталған азаматтың бұл оқу орнын 2014 жылы бітіргенін айтты.


Суретте: Нұрсұлтан Жолмұрзаев, Республикалық спорт колледжінің спорт жөніндегі орынбасары

«Ержан Әбілхас Республикалық спорт колледжін 2014 жылы бітірген. Бірақ бұл жерде жұмыс істеген жоқ. Біздегі бар ақпарат бойынша таэквонда спортынан ұлттық құраманың жаттықтырушысы болған. Азияда, әлемде чемпиондық атақтарға қол жеткізген. Бізде ондай жат қылықтар көрсеткен емес. Тек жақсы жағынан сипаттаймыз», - дейді директордың орынбасары.

Белгілі адвокат Айман Омарова әлеуметтік желіде жарияланған қыздың жазбасында зорлық-зомбылық белгілері бар-жоғын тиісті медициналық сараптама ғана анықтайтынан айтады. Егер бұл отбасылық зорлық-зомбылық болса, күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы мүмкін. Адвокаттың айтуынша, тараптар бірге тұрмайтын адамдар болса, қылмыстық құрамы анықталып, Кодекстің үш бірдей бабымен іс қозғауға болады.

«Сот сараптамасына байланысты қылмыстық құрамы белгілі болады. Күту керек. Жарақатының қандай дәрежеде екенін анықтау керек. Қыздың сөзіне қарағанда, бір жыл бойы көніп, төзімділік танытқан сияқты. Ал егер фотосуреттегідей зорлық белгілері анықталса, ҚР ҚК 106-бабы, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру бойынша күдікті үш жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады. Егер 110-бап бойынша тергелсе, адамды қинау, ұдайы ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттері арқылы тән зардабына немесе психикалық зардап шегуге ұшырату болап саналады. Оның жазасы 1 мың АЕК немесе 2 жылға бас бостандығын шектеу», - деді Айман Омарова.
Просмотров материала: 1 604

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 294 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 114 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 086 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 028 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 012 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 493 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 250 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 274 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 736 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 871 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 067 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 486 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 317 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 587 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 138 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 465 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 142 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 088 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 941 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 150 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 115 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 734 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 835 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 430 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 924 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 012 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 148 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930