27 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Нұрлан Сәдір: Шатағы көп шошқа еті

10 июнь 2020, 15:40
Нұрлан Сәдір: Шатағы көп шошқа еті
Шошқа етін жеуге тыйым салынғаны жайлы тек Құранда ғана емес, өзге дін өкілдеріне түскен қасиетті кітаптардың бәрінде бар көрінеді. Өз басым шошқа етінен тек діни тыйымға байланысты емес, медициналық тұрғыдан алғанда да бас тарту керек-ау деп ойлаймын. Себебі:

1. Шошқа етінде адам ағзасының жүйелі жұмысын бұзатын өсу гормондары бар. Бұндай бөтен гормонның әсерінен ағзада семіру, әртүрлі ісік, обыр секілді патологиялық процестер жүре бастайды.

2. Шошқа етінде аллергия туындататын гистамин бар. Гистамин аппендицит, фурункулез, холецистит, дерматит, экземалардың туындауына алғышарттар қалыптастырады.

3. Шошқаның қанында онкогенді агенттер — обыр маркерінің ролін атқаратын ерекше эритроциттер көп.

4. Шошқа өнімдері - тымау вирусының көзі бола алады. Бұл әсіресе колбаса жасауға шошқаның өкпесі пайдаланылған кезде орын алады.

5. Шошқа етінің құрамында жиі кездесетін паразиттердің тізімінің өзі біраз орын алады:

- Цистицеркоз TAENIA SOLIUM (шошқа солитері) бас миындағы инвазияға шошқа солитерінен ішек-қарын жолына жұқпалы личинка түсу нәтижесінде дамиды және 1-1,3% көлемде бас сүйектің ішінде үрдістер жүріп жатады. Паразиттің онносферасы түрлі мүшелерді зақымдап, соның ішінде ми қабығына зақым келтіреді.

- SCHITOSOMA JAPONICUM – қансырау, қаны азаюға әкеледі; личинкалары ми және омыртқа қабығына енген адам өліп кетуі не сал болып қалады.

- PARAGOMINES WESTERMANI – бұл құртпен зақымданған жанның өкпесінен қан кетеді.

- PACIOLEPSIS BUSKI – ас қорыту жолдары бұзылады, қалжырататын диареяға, жалпы ісінуге әкеледі.

- CLONORCHIS SINENSIS - сары ауруды туындатады.

- METASTRONGYLUS APRI – бронхит, өкпеде іріңді ісік пайда қылады.

- GIGANTHORINCHUS GIGAS – қан азаюы,асқазан бұзылуына әкеледі.

- BALATITIDUM COLI – жұқпалы іш ауруы мен ағзаның әлсіреуін тудырады.

Шошқа еті - сондай-ақ, туберкулез, салмонеллез, тырысқақ, бруцеллез, эризипелоид ауруларының қоздырғыштарының көзі болып табылады. .
Осы бәлекеттердің арасында шошқа етінде жиі кездесетін «трихинелла» құрты ерекше қауіпті. Бұл паразит кәуап, ысталған және тұздалған сало, сосиска және колбаса тұтыну барысында жұғады. Бір жаманы трихнелла паразитінің личинкалары өзге қоздырғыштармен салыстырғанда жоғары температурадағы өңдеуге өте төзімді болып келеді. бұл құрттар адам ағзасында түскеннен кейін онда В12 витаминінің жетіспеушілігін туындатады, ал бұл күй өз кезегінде жүйке ауытқуларына алып келеді.

Мені әуелден осыншама қауіп-қатерге тұнып тұрған шошқа етінен, шошқа өсіруден қоғам неге бас тарта алмай отырғаны қызықтырады. Өз басым шошқа етінің үлкен сұранысқа ие болуының себебі шошқа ұстаудың коммерциялық тұрғыдан алғандағы кейбір ұтымды –мыс тұстарымен (кез келген нәрсені азық қыла беруі, өсімталдығы, әртүрлі гормондармен тез семірту-салмақ қосу мүмкіндіктері үлкен, т.с.с) байланысты деп санаймын. Тағы бір маңызды фактор ретінде жарнаманы атар едім. Егер сіз шариғат жолын аса қатаң ұстанбайтын он замандасыңыздан «қай малдың етінен жасалған кәуап дәмдірек?» деп сұрап көрсеңіз жауаптың жоқ дегенде жартысы «шошқаныкі» болады-ау деп жорамалдаймын. Ересектердің бұл талғамы олардың пікірі беделді болып табылатын бала-шағаларының талғамын қалыптастыруға әсер ететіні сөзсіз. Оның үстіне, қазір екінің бірі үңілетін ғаламтор беті шошқа етінің пайдасы туралы әртүрлі ақпаратқа толып тұр. Сөзім жалаң болмауы үшін «шошқа еті» деп гуглдеткен кезде көзіме түсе кеткен осындай жарияланымдардың бірнешеуін келтіре кетейін:

«Foodinformer» атты тағам туралы порталда «Шошқа еті аса сіңімді өнім. Шошқа етінің орасан зор пайдасы оның құрамында В тобының (әсіресе В12) витаминдері, темір, мырыш және ақуыз көптеп кездесуімен байланысты. Шошқа етінде ақуыздың көптігі сонша оны емізіп жүрген аналарға тұтынуға кеңес етіледі» деген ақпарат бар.

Ал өзім үлкен құрметпен қарайтын «Абай.кз» сайтындағы 10.09.15ж «Мал баққан озады» атты жарияланымда: «Әр түрлі шұжықтар химиялық құрамы мен тағамдық құндылығы бойынша өзара тепе-тең емес. Бірақ олардың барлығында ақуызды заттар, В тобы витаминдер, липидтер, макро- және микроэлементтер көп. Шұжықтардың тағамдық құндылығы бастапқы шикізат пен басқа ет өнімдерінің құндылығына қарағанда жоғары. Бұл шұжық өндіру процесінде шикізаттан құндылығы төмен тканьдерді алып тастаумен түсіндіріледі. Шұжықтардың жоғары құндылығы, сонымен қатар құрамындағы ақуызды және экстрактивті заттардың, томен балқитын шошқа майының жоғары мөлшеріне негізделген» деген мәлімет келтірілген.

Осындай ақпаратты оқып отырған адамда, әсіресе ұстанымдары әлі қалыптасып үлгермеген жас ұрпақтарда шошқа еті туралы қандай талғам-түсінік қалыптасатыны айтпай-ақ та түсінікті.

Жаңағы келтіріп отырған ақпараттар қанша дегенмен жеке сайттан алынған дүниелер ғой. Ал қауіп-қатері жоғары осы өнім туралы үкімет не дейтінін білгім келіп іздегенімде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Агробизнес-2020» «2020 жылға дейін арналған шошқа шаруашылығын дамуы бойынша кәсіби-жоспары»на көзім түсті. Жоспарда шошқа етінің тағдырынан қатты алаң білдіріп, тауардың жоғары өзіндік құны, бәсекеге қабілетті еместігі және оны бірнеше млрд теңгеге субсидиялау қажет деп қортындылайды. Қазақстанда шошқа өндірудің өзіндік құнының 70 пайызын құрайтын астық саласын дамыту керек деп шешеді. 2020 жылға шейін бағдарламаның мақсат және міндеттері ретінде шошқа етін өндіруді 70 мың тоннадан 196 мың тоннаға жеткізу көзделіп отыр. Бағдарлама барысында 60 мың тонна шошқа етін экспорттау туралы сөз болады. Соған қарағанда жоспар жүзеге аса қалған жағдайда 140 мың тоннадай шошқа еті елде қалады деген сөз. Осыншама ет өндірілгеннен кейін далада қалмай, ерінге тиіп, азқазанға түсетіні сөзсіз. Сондықтан талпақ танау етін тұтынатын замандастарымызға «мұқият болыңыз»-дан басқа айтар амалымыз қалмайды.

Шошқа еті туралы әңгіме қылған кезде оның асқа пайдаланылғаннан кездегі ықтимал қауіптерінен өзге де аспектілері бар. Бұл бір жағынан титулды ұлты мұсылман дінін ұстанғандықтан аталған тақырыпқа орай туындайтын алаң мен мазасыздықтарға байланысты. Шошқа еті ғана емес, шошқа шаруашылығының қалдықтарының өзінің қоршаған орта үшін жағымсыз әсерлері бар. Бұл кейде әртүрлі дам-дамайларға да себепші болып отырады. Мысал ретінде бір-екеуін келтіре кетейін:

КТК.кз сайтының «Шошқа фермасының жабылуын талап еткен тұрғындар тағы наразылық білдірді» деген 24.04.2014ж хабарында (авторы Жаңалық Ахаш) «Ақтөбе облысында шошқаның шуы жалғасуда. Бестамақ ауылының жұрты іргесіндегі ферманың жабылуын талап етіп жатыр. Жақында өзеніндегі балығы қырылған елді-мекенде, төрт түлік те суатқа ауыз малмайтын болыпты. Жұрт тіпті ауру жұқтырамыз ба деп алаңдаулы. Өйткені шошқа фермасы нәжісті өзенге ағызып қоймай, өлексесін де ауыл шетіне төгеді екен. Қалталы кәсіпкердің өзі мұны мойындамай отыр... » деп атап көрсетіледі. .

BAO.kz ақпараттық порталында «Жайылымға шығарылған шошқалар жұртты мезі етуде» деген мақаласынан бірнеше абзацтар келтірейін: «Ақмола облысының Үлгі, Кеңащы, Мәдениет ауылдарының тұрғындары шошқаны емін-еркін жайылымға шығарып өсіріп отырған шаруашылық иелерінің әрекетіне наразы. Олар бұл жануарлардың сай-саланы арамдап, қасиетті жерлерде тайраңдап жүргенін айтып дабыл қағуда....», «Жылқышы Амантай Бөкенов: Көктем уақытында жылқылар құлындарын тастап кетті, шошқалар торайлаған жерде. Биелер толғатып келеді де, шошқа торайлаған жерде, содан кейін шошқаның иісін сезіп, құлындарын теуіп, тістеп, лақтырып жібереді. Талпақ танаудан көл-көсір пайда тапқысы келгендер сулы, нулы жерді таңдапты. Шошқа кешқұрым ғана жазғы қораға қамалады. Ал күндіз тау-тасты, сай-саланы аралап, арамдап жүргені». «Талпақ танау тайраңдап жүрген жерде ата-бабаларымыздың бірнеше зираты жатыр: Намазқұл төбесі.Табанымыз тигенде «бісімілләсін» ауызға алатын қасиетті мекен еді. «Әттең, әкім-қараларға қасиетті жердің қадірін ұғындыра алмай ақ қойдық» - деп налиды ауыл қарттары».

Ата-бабаларымыз сахарамызға ислам діні келгенде дейін де шошқаны түлік қатарына кіргізбеген, соған қарағанда бұл мақұлықтың мал болып жарытпайтынын білген-ау. Ешкімнің құқығына қол соғуға болмайтын зайырлы мемлекетте өмір сүретінімізді ескере және мақтан ете тұра, берекені өзімізге етене жақын төрт түлігімізден іздеуге шақырар едім.

Нұрлан Сәдірдің әлеуметтік желідегі жазбасы

Дереккөз: Abai.kz
Просмотров материала: 1 079

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 459 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 278 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 251 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 195 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 177 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 504 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 258 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 283 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 748 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 885 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 126 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 322 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 397 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 321 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 639 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 467 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 173 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 146 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 787 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 838 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 196 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 963 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 150 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 279 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930