22 января 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Оралда моторлы қайық әйелдің басын жұлып әкетті – ұлы оқиғаның қалай болғанын айтты

Оралда моторлы қайық әйелдің басын жұлып әкетті – ұлы оқиғаның қалай болғанын айтты
Батыс Қазақстан облысында Шаған өзенінде суға түсіп жүрген 41 жастағы әйелді моторлы қайық қағып кеткен. Марқұмның баласы оны жерлеу үшін басының табылмай отырғанын айтты, деп хабарлайды "Мой Город" өңірлік басылымы.

Оқиға 6 маусымда сағат 22.15-те болған. Шаған өзені бойымен қозғалған моторлы қайық "Шойын" көпірі маңында 1979 жылы туған әйелді қағып кеткен. Ол алған дене жарақатынан көз жұмды.

Қаза болған Екатеринаның 19 жастағы ұлы Роман оқиғаның қалай өрбігенін айтып берді.

Сол күні Екатерина мен оның құрбысы саяжайға барады. Сол жақта жұмыс істеп болғаннан кейін екі әйел суға түскісі келген.

"Анамның құрбысы шомылғысы келмеген, тек су беліне жеткен жерге дейін ғана барған. Ал анам жағадан алыстау жерге жүзіп кетеді, сол сәтте шамы қосылмаған катер жүзіп өткен. Құрбысы айғайлап, жағаға шық деп қолын бұлғай бастайды. Кенет катер қайтып келеді де, сол сәтте тарсыл естіледі. Құрбысы жақын маңда демалып жүрген адамдарды көмекке шақыра бастаған. Ақырында анамның бөлшектелген денесін қапқа салып судан алып шықты. Ал катер бірден кетіп қалды", - дейді Роман.

Оның айтуынша, қазір анасының басы әлі табылмаған, сондықтан оны жерлей алмай отыр.

"Денені бассыз жерлей алмаймыз, олай істеуге болмайды. Қазір дене мәйітханада. Менің білуімше, полиция төрт катерді тапты. Алайда басқа мәліметтер маған айтылмай отыр, мүмкін солай дұрыс шығар. Көптеген дүниені жаңалықтардан біліп отырмын", - дейді марқұмның ұлы.

Роман – Екатеринаның жалғыз ұлы. Ол қайғылы жағдай жайлы келесі күні таңертең анасының жанында болған құрбысынан білген.

"Таңертең жылаған күйі келді, дірілдеп тұрып анамның қаза болғанын хабарлады. Мен есеңгіреп қалдым. Анам әрқашан көңілді жүретін, жанына жақсы адамдарды жинаған ашық кісі болды. Қазір бәрі жерлеу бойынша көмектесіп жатыр, жұмыспен де көмектесуге уәде берді. Полицияның сол адамдарды тапқанын қалаймын. Не дегенмен сол кеште не болғанын анық білмейміз ғой", - дейді ол.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 344-бабы 2-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған теміржол, әуе, теңіз немесе өзен көлігі жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Просмотров материала: 1 772

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 183 451 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 182 972 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 182 546 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 182 595 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 182 914 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 718 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 836 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 079 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 339 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 479 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 025 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 171 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 470 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 298 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 125 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 349 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 378 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 066 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 462 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 196 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 178 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 009 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 851 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 127 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 060 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 567 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 119 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 881 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 158 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 520 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 910 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 856 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 920 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 879 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 100 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 246 Просмотров





Опрос


«    Январь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031