23 января 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Tik-Tok-тағы Жәйрем әкімі: «Карантин кезінде билегенімді облыс басшылығы да біледі»

10 июнь 2020, 12:17
Tik-Tok-тағы Жәйрем әкімі: «Карантин кезінде билегенімді облыс басшылығы да біледі»
Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Қаражал қалалық әкімшілігіне қарайтын Жәйрем кентінің тұрғындары Azattyq Rýhy тілшісіне кенттің әкімі Аманғазы Нәукенов карантин талабын бұзды деп, дәлел ретінде видеоматериал жіберді.

Видеода әкім Аманғазы Нәукенов, мәдениет ойын-сауық орталығының директоры Ақмарал Иманбекова және «Жәйрем кен-байыту комбинаты» кәсіподақ комитетінің төрағасы Мүбәрак Кәрібаев тағы басқа да қызметкерлерді қосып, кабинет ішінде би ұйымдастырған. Tik-Tok әлеуметтік желісінде кең тараған флеш-моб Қазақстанда карантин кезінде актуалды болғаны белгілі. Жәйрем кентінің әкімі де көштен қалмайын деп, қоластындағы қызметкерлерді қосып алып, билеген.



Бізге видео ұсынған кент тұрғындары қарапайым халықтан карантин сақтаңдар деп талап еткен шенеуніктердің өздері карантинді елемей, оншақты адамның маскасыз, қолғапсыз, арақашықтықты сақтамай, видео түсіргені ашуларына тигендерін айтады.

«Әкім басымен карантинде би билеп, оны Жәйрем кентінің тұрғындары бар бүкіл чаттарға жібергені ұят қой! Бұлардың арасындағы арақашықтық қайда, маскасы қайда, қолғаптары қайда?!», - дейді тұрғындар.

Azattyq Rýhy тілшісі Аманғазы Нәукеновтің жеке телефонына хабарласып, видео қашан түсірілгенін сұрады. Жайбарақат дауыспен жауап берген әкім «карантин талабын бұзғаным жоқ» дейді. Және әкімнің айтуынша, осылай билеп беріңіз деп оған біреу өтініш жасаған. Кім екенін дәл айта алмады.

«Ия, мен биге қатыстым. Мәдениет саласы қызметкерлерінің күніне орай, «попросить» еткен. Карантин бұзылған жоқ қой!? Видеода адам аз...біз онымен қоса маска киіп билегеміз», - деді алдымен Аманғазы Нәукенов.

Қолымыздағы видеода ешбір адамның маска кимегені әрі «бишілер» арасындағы арақашықтық өте жақын екенін айттық.

«Маскамен түскен видеомыз да бар. Мен сізге соны жіберейін», - деген әкім бір тәуліктен бері ондай видео ұсына алған жоқ.

Аманғазы Нәукеновтен бұл видео жайлы мемлекеттік қызмет істері агенттігі, облыс басшылығы хабардар ма деп сұрадық.

«Видео мәдениет саласы қызметкерлерінің күніне орай түсірілген. Содан бері бәрі көрді, облыс басшылығы біледі. Карантин бұзылған жоқ деді. Мен сізге маскамен түскен видеомызды жіберемін», - деген әкім телефон тұтқасын қоя салды.

Кент тұрғындары болса, видео 23 мамыр күні әлеуметтік желіде тарай бастады деп отыр.

«Әкім мен шенді-шекпендерге қатысты айтатын көп мәселе бар. Кент әкімі дұрыс жұмыс істемейді. Біз қаламыздағы проблемаларды, осы шенеуніктердің өзара сыбайластығын айтқымыз келеді. Жуырда балалар ойнайтын аулаға құм төгіпті. Кейін тұрғындар ол құм емес, кен-байыту комбинатынан шыққан зиянды қалдық екенін айтты. Жалпы, тұрғындардың кент басшылығына қатысты айтатын назы көп. Бұқаралық ақпарат құралдарын шақырып, бас көтергіміз келеді. Электронды үкімет арқылы үй кезегін бақылап отырған көпбалалы ана аяқ асты кезегінен айырылды. Жетінші орында тұрған көпбалалы ана әлі баспана ала алмай отыр. Кенттегі нысандардың жөндеуіне ақша бөлінеді, бірақ жөнделмейді. Бір сөзбен айтқанда, кент тұрғындары шаршады. Бізді БАҚ көрсетіп, мәселеміз шешілгенін қалаймыз», - дейді тұрғын.

Azattyq Rýhy карантин кезінде би билеген Жәйрем кентінің әкіміне қатысты облыс әкімі Жеңіс Қасымбектен және мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мамандарынан қосымша пікір алады.
Просмотров материала: 1 268

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 183 453 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 182 975 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 182 548 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 182 597 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 182 917 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 720 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 838 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 082 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 341 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 483 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 027 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 171 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 470 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 298 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 125 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 349 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 378 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 066 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 462 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 196 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 179 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 009 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 851 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 127 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 060 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 568 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 120 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 881 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 158 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 521 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 910 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 857 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 920 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 879 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 100 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 246 Просмотров





Опрос


«    Январь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031