29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Nur Otan» праймериз өткізу ережесін жариялады

05 июнь 2020, 10:41
«Nur Otan» праймериз өткізу ережесін жариялады
АНЫҚТАМА

Праймериз– Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттыққа, партияның, филиалдарының органдарына кандидаттарды ұсынуға және мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыным жасауға арналған партиялық тізімдерге одан әрі енгізу үшін алдын ала партияішілік іріктеу;


1. ПРАЙМЕРИЗДІҢ МАҚСАТЫ

Парламент Мәжілісіндегі және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру, партиялық желі бойынша ілгерілету, мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыну үшін бәсекелестік күрес негізінде нақты және мықты көшбасшыларды анықтау.

2.ПРАЙМЕРИЗДІҢ МІНДЕТТЕРІ

1) «Мықты лидерлер – Мықты партия» қағидаты бойынша нақты әрі мықты лидерлерді анықтау және тарту;
2) белсенді және бастамашыл азаматтар үшін партиялық желі бойынша «әлеуметтік саты» жасау;
3) қалың бұқараны елімізді дамыту мәселелерін талқылауға тарту;
4) жүйелі өңірлік партиялық саясатты қалыптастыру үшін өзекті әрі нақты жергілікті проблемаларды анықтау;
5) қалалар мен аудандарда партия бағдарламаларының танымалдығын арттыру;
6) бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыру және оларды партиялық қызметке тарту;
7) партия мүшелерінің партиялық тізімдерді қалыптастыруға қатысуын кеңейту;
8) танымал партия тізімдерін қалыптастыру;
9) кандидаттардың дербес жауапкершілігін арттыру.

3. ПРАЙМЕРИЗДІҢ КЕЗЕҢДЕРІ

1) кандидаттарды ұсыну және тіркеу;
2) кандидаттарды үгітке даярлау;
3) үгіт жұмысы;
4) дауыс беруді өткізу;
5) тізімдерді дайындау.

4. КАНДИДАТТАРДЫ ҰСЫНУ ЖӘНЕ ТІРКЕУ

4.1. Кандидат келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:
1) - Қазақстан Республикасының аумағында соңғы он жыл ішінде тұрақты тұрып жатқан және жасы жиырма беске толған Қазақстан Республикасының азаматы;
2) - жасы жиырмаға толған Қазақстан Республикасының азаматы;
3) - сотталмаған
4) - сыбайлас жемқорлық қылмыспен айыпталмаған
5) «Nur Otan» партиясының мүшесі болуы қажет.
Партия қатарынан шығарылған тұлға праймеризге жіберілмейді;

4.2. Кандидаттарды ұсыну:

1) партияның интернет-ресурсында ұсыну мерзімі басталғаны туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап басталады және республикалық Күнтізбелік жоспарға сәйкес өткізіледі;
2) кандидаттарды ұсыну бастауыш партия ұжымының атынан немесе өзін өзі ұсыну жолымен жүзеге асырылады. Кандидаттар бір облыс, қала, аудан шегінде ғана ұсыныла алады;
3) кандидаттар праймеризге қатысу үшін құжаттарды аумақтық ұйымдастыру комитеттеріне жеке өзі немесе партияның интернет-ресурсындағы ақпараттық жүйеде ұсынады.

4.3. Қажетті құжаттардың тізбесі:

- өтініш, онда мәслихат деңгейі не Парламенттің Мәжілісі көрсетіледі;
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе құжаттар ақпараттық жүйеде берілген жағдайда, түпнұсқаның сканерленген көшірмесі;
- Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;
- наркологиялық және психоневрологиялық ұйымдардан анықтамалар;
- осы Ереженің № 2 қосымшасына сәйкес міндеттемелерді қабылдайтыны туралы өтініш;
- бастауыш партия ұйымы (бастауыш партия ұйымынан ұсынылған кандидаттар үшін) жиналысының хаттамасы;
- партиялық билеттің көшірмесі (бар болған жағдайда).

5. ҮГІТ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУ

5.1 Үгіт жұмысын кандидаттар тікелей өздері келесі бағыттарда жүргізеді:
1) әлеуметтік топтарға бағдарланған тәсілді ескере отырып, партия мүшелерімен кездесулер өткізу («есіктен есікке», бастауыш партия ұйымдарында, кәсіпорындар мен ұйымдарда кездесулер);
2) БАҚ-тарда және әлеуметтік желілерде жарияланымдар мен сөз сөйлеулер;
3) жария пікірсайыстарға қатысу;
4) флаерлер, буклеттер дайындау және тарату.

5.2 Үгіт жұмысын жүргізуде ескеретін жайттар

- Кандидаттардың үгіт жұмысы және олардың үгіт материалдары партияның жарғылық және бағдарламалық құжаттарына қайшы келмеуі тиіс.
- Үгіт барысында кандидаттар партия мүшелеріне нақты елді мекендердің проблемаларын кәсіби қызметіне сәйкес шешудің өз көзқарасын таныстырады.
- Үгіт барысында келіп түскен партия мүшелерінің ұсыныстары жазбаша нысанда кандидаттардың қолы қойылып, аумақтық ұйымдастыру комитеттеріне беріледі.
- Үгіт жұмысы кандидаттардың дербес қаражаты есебінен жүргізіледі, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалардан немесе шетелдік азаматтардан, мемлекеттік органдардан қаржыландыруға жол берілмейді.
- Кандидаттар ұйымдастыру комитеттерінің талаптары бойынша үгіт жұмысына жұмсалатын қаражаттың сомасы туралы ақпаратты ұсынады.
- Сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған үгіт-насихат әдістерін қолдануға болмайды.

6. ЖАРИЯ ПІКІРСАЙЫСТАР ӨТКІЗУ,

ПРАЙМЕРИЗДІ АҚПАРАТТЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ

6.1. Жария пікірсайысқақатысу міндетті. Ол 3 деңгейде өткізіледі:
- бірінші деңгей – праймериз барысында;
- екінші деңгей – партияның аудандық және қалалық филиалдарының конференцияларында;
- үшінші деңгей – партияның облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалық филиалдарының конференцияларында.

6.2. Кандидаттардың жария пікірсайыстарға қатысу тәртібі:

1) облыстардыңаудандарында, қалаларында ұсынылғандар:
- аудандық және қалалық мәслихаттарға үміткер кандидаттар үшін кем дегенде 1 рет;
- облыстық мәслихаттарға үміткер кандидаттар үшін кем дегенде 2 рет;
- Парламенттің Мәжілісіне үміткер кандидаттар үшін кем дегенде 3 рет.

2) Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында ұсынылғандар:

- қаланың мәслихатына үміткер кандидаттар үшін кем дегенде 1 рет;
- Парламенттің Мәжілісіне үміткер кандидатар үшін кем дегенде 2 рет.
3) праймеризге қатысатын Парламент Мәжілісінің жұмыс істеп отырған депутаттары партияның облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалық филиалдарының конференциялары барысында жария пікірсайыстарға 1 рет қатысады.

7.ДАУЫС БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ, ҚОРЫТЫНДЫЛАРДЫ АЙҚЫНДАУ

7.1. Дауыс беруді өткізу:

1) дауыс беру сенбі күні, жергілікті уақытпен сағат 8:00-ден 14:00-ге дейін өткізіледі.
2) дауыс беру осы Ережеге сәйкес жабдықталған үй-жайларда жүргізіледі.
3) бюллетендерді есеп комиссиясы партия мүшелерінің тізімі негізінде жеке басын немесе партиядағы мүшелігін куәландыратын құжат ұсынылған жағдайда береді;
4) есеп комиссиясының мүшелері дауыс берушілерді қатысушылар тізімінде белгілейді, дауыс беруге арналған бюллетендерге қол қойып, оларды дауыс берушілерге бюллетендерді беру журналына қол қойдырып береді. Толтырылған бюллетендер дауыс беруге арналған урнаға салынады;
5) дауыс беру процесі фото және бейнежазбаға жазылады;
6) байқаушылар дауыс процесінің әділ өтуін қадағалауға құқылы.

7.2. Бюллетендер мен дауыстарды санау:

1) учаскелік есеп комиссиялары бюллетендер мен дауыстарды санауды байқаушылардың қатысуымен жүргізеді;
2) санау дауыс беру аяқталғаннан кейін басталады және әрбір кандидат бойынша қорытындылар анықталғанға дейін жеке жүргізіледі;
3) урналар ашылғанға дейін учаскелік есеп комиссиясы барлық пайдаланылмаған бюллетендерді санайды.
4) келесі бюллетендер жарамсыз деп танылады:
- бүлінген және белгіленбеген үлгідегі;
- тиісті учаскелік есеп комиссиясы мүшесінің қолтаңбасы қойылмаған;
- оған белгі қарындашпен қойылған, тазартылған немесе қолдан жасаудың өзге де іздері бар;
- онда бірде бір кандидат белгіленбеген.

7.3. Дауыс беру қорытындыларын айқындау:

1) дауыстарды санау аяқталғаннан кейін тиісті есеп комиссиялары дауыс беру қорытындылары туралы хаттамаларды қалыптастырады.
2) Байқаушылардың өтініші бойынша ұйымдастыру комитеттері бюллетендерге қайта санау жүргізуі мүмкін. Бюллетендерді қайта санау бір рет жүргізіледі;
3) есеп комиссиялары мен ұйымдастыру комитеттері хаттамаларының түпнұсқалары, сондай-ақ бюллетендер, дауыс беру аяқталғаннан кейін бір тәулік ішінде Орталық ұйымдастыру комитетіне беріледі.
4) өңірлік ұйымдастыру комитеттері дауыс беру аяқталғаннан кейін тәулік ішінде кандидаттардың рейтингі көрсетілген тізімдерді Орталық ұйымдастыру комитетіне ұсынады;
5) кандидаттар рейтингі көрсетілген тізімдер партияның интернет-ресурсында және әлеуметтік желілердегі аккаунттарында жарияланады.
Просмотров материала: 1 304

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 633 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 471 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 457 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 396 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 351 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 321 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 109 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 643 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 222 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 398 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 314 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 229 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 299 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 381 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 453 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 175 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031