8 июля 2020 г.

Мы в соц сетях:



Дархан Қыдырәлі: Қоғамда баланың психологиясын жемқорлыққа жетелейтін жағдайлар бар

02 июнь 2020, 12:48
Дархан Қыдырәлі: Қоғамда баланың психологиясын жемқорлыққа жетелейтін жағдайлар бар
«AntikorLive» жобасында «Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі БАҚ-тың маңызы» тақырыбында «Egemen Qazaqstan» РГ» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі жемқорлық дертіне қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалпы бізде саяси қызметкерлер көбінесе Макиавеллиді оқып, үлгі тұтады. Ал «Макиавелли билікке жету үшін қандай болмасын қадамға баруға болады» дейді. Меніңше, жемқорлықтың бір күші сонда жатыр. Себебі қиянатпен, алдап-арбаумен билікке немесе үлкен жетістікке жетуге болады дегенді оқып өскен жастар, әрине, ондай қадамға барады. Ал енді біздің қоғамда білімге толы кітаптың көп жазылғанын білесіз. Соның бірі әл-Фараби бабамыздың осыдан мың жыл бұрын жазылған «Қайырымды қала тұрғындары» кітабы. Сонымен бірге Жүсіп Баласұғұнның «Құтты білік» кітабында да мемлекеттік қызметкердің, патшаның, уәзірдің қандай болуы керектігі жазылған. Абай «Құтты білікті» оқыған. Сондықтан оның «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңінде айтылғанындай жемқорлықтың бір ұшы қанағатсыздықта, рақымсыздық пен ынсапсыздықта жатыр», - деді Дархан Қыдырәлі «AntikorLive» жобасында.

Басылым басшысының айтуына қарағанда, Абай ар мәселесін көтеріп, адам бойындағы ұнамсыз қылықтар мен мінездерді айыптаған. «Одан бөлек те өте көп саясатнамалар жазылған. Мысалы Салжұқ мемлекетінің үлкен уәзірі Низам әл-Мүліктің, Науаидің еңбектері болсын билік иелерінің парасаттылығы туралы жазылады.

Одан кейінгі еңбектерінің қай-қайсысын алсақ та мұсылман, шығыс әлеміндегі билікте әділет басты орында тұрады. Мысалы «Құтты білік» ілімінде үш кейіпкер бар. Олар: Ақыл, Қанағат пен Әділет. «Әділет-шапқат кімде бар» дейді мысалы Абай. Шапқат дегеніміз – мейірім. Әділеттілік сол шапқатты туғызады. Абайдың одан бөлек «ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» деген сөзі бар. «Нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» деп толғайды. Жүрек осы әділеттіліктің, қайырымдылықтың ұясы есептеледі. Сондықтан мемлекеттік қызметкер тек ақылды немесе білікті емес, үлкен жүректің иесі де болуы керек», - деді ол.

Дархан Қыдырәлі ар ілімін терең игерген парасат иесі ешқашан қиянатқа, әділетсіздікке бармайтынын, біреудің ала жібін аттамақ түгілі оған жол бермейтінін атап өтті. «Жемқорлықтың өзін нәпсіні жеңе алмаумен байланыстыруға болады. Адамның өзін игермеуі.

Жемқорлық ұят категориясы ғана емес, бір жағы ол адамның адамшылығын көрсетеді. Яғни ол адамның құны алған затымен өлшенеді. Бір жағы ол алған адамды да қорлайды. Өйткені оның құны – сол. Шын мәнінде асыл адам айнымас дейді. Айнымайтын толық адамдыққа қадам басқан кісі ештеңеге сатылмайды. Ондай адамдардың қоғамдағы орны ерекше болады. Бізде кезінде тәрбиені көзі осы болған», - деді басылым басшысы.

Дархан Қыдырәлі бұрын ата-бабаларымыз «ала жіпті аттама» деп ұрпағын ізгілікке үйретсе, бүгінгі заманда жемқорлық балабақшадан басталатынын айтады. Себебі қазір кей адам балабақшаға баласын орналастыру үшін «алатын» адам іздейді. Кейбірі балабақшадағы өз баласына жақсы қарауы үшін тәрбиешілеріне азын-аулақ сыйлық апарып беріп тұрады.

«Оны пара деп есептемейді. Бірақ қылмыстың үлкен-кішісі жоқ. Ұрлықта да солай. Кішкентай сыйлық берген адам үлкен сыйлық беруге де, алуға да барады деген сөз. Мектептгі баласы үшін кейбіреу мұғалімге қысым жасап жатады. Осының бәрі баланың психологиясын жемқорлыққа жетелейді. Өйткені ол да өзі құралпы баланың жөн-жосықсыз Алғыс хат алып, олимпиадаларға барып жатқанын көреді. Ондай бала өмірдегі қиянатты сезінеді. Демек «мен де мақтау алу үшін осылай жасауым керек» деп ойлайды. Бірақ пара арқылы алға жетелегісі келген ата-ана баласына қиянат жасап жатқанын білмейді. Себебі бұл жерде адалдық принципі бұзылып отыр», - деді Дархан Қыдырәлі.
Просмотров материала: 112

Поделиться материалом


19:00 Ақан Сатаев «Қазақфильм» АҚ президенті қызметіне... 162 Просмотров

18:15 5G и всемирный заговор: В МВД рассказали об ответственности... 206 Просмотров

18:06 Салдары ауыр болатынын ескертеміз – Калайчиди заңсыз дәрі... 212 Просмотров

18:01 Препараты на 700 млн тенге пытались незаконно вывезти из... 181 Просмотров

17:52 За незаконную продажу лекарств арестована жительница Алматы... 207 Просмотров

17:50 eGov.kz: Айыппұлды үйден шықпай-ақ төлеуге болады... 221 Просмотров

17:42 К.Токаев подписал Кодекс "О здоровье народа и системе... 187 Просмотров

17:35 Маңғыстаулықтар тағы бір итбалықты суретке түсу үшін таспен... 208 Просмотров

17:28 Осужденных медиков привлекают к борьбе с коронавирусом в... 192 Просмотров

17:21 Карантиннің созылғанын қаламаймыз, онсыз да 60 млрд... 227 Просмотров

17:13 Тюленя забили палками и камнями ради фотографий в Мангистау... 191 Просмотров

17:10 Ресей Қазақстанға коронавируспен күресу үшін 2 миллион... 217 Просмотров

17:00 Будет ли продлен карантин в Нур-Султане... 202 Просмотров

16:56 Нұр-Сұлтанда коронавируспен күресу үшін қанша ақша бөлінді?... 180 Просмотров

16:46 Запрет автобусов объяснили в Нур-Султане... 170 Просмотров

16:44 Павлодар облысының әкімі өңірде дәрігер жетпей жатқанын... 135 Просмотров

16:35 Сколько денег выделили в Нур-Султане на борьбу с КВИ... 72 Просмотров

16:30 Қазақстандық дәрігерлерге сақтық жетіспейді – Ресей... 120 Просмотров

16:24 До 300 человек с пневмонией госпитализируют каждый день в... 92 Просмотров

16:14 Cемейде автокөлік көпірден Ертіске құлап түсті... 84 Просмотров

16:13 Число обращений в скорую помощь выросло в Нур-Султане... 98 Просмотров

16:02 Резкий рост летальности от коронавируса объяснил аким... 117 Просмотров

16:00 Алматыда қоғамдық көліктің жүретін уақыты қысқарды... 88 Просмотров

15:45 В Казахстане вакуум медицинской информации... 97 Просмотров

15:39 Алтай басқаратын қалада 6 мың адам індет жұқтырған... 91 Просмотров

15:35 ДТП со смертельным исходом произошло в Семее... 77 Просмотров

15:22 Келесі жылы астана күнін тойлайтын ешкім болмайды - Димаш... 118 Просмотров

15:16 Салют ко Дню столицы прокомментировали в Нур-Султане... 125 Просмотров

15:05 Сырдарияға батып кеткен қыз баланың денесі табылды... 82 Просмотров

14:53 "Анаға тағзым" атты ескерткіш ашылды... 125 Просмотров

14:37 Туыстары әкелген тамақ пен дәрі науқасқа жетпей қалады -... 125 Просмотров

14:26 Комиссия елдегі өлім-жітімді санап үлгермей жатыр - ДСМ... 408 Просмотров

14:14 Мәдениет басқармасы елорда күніне арналған отшашуға қатысты... 94 Просмотров

14:11 В Минздраве ответили, верят ли казахстанцы в опасность... 84 Просмотров

14:01 В Атырау и Мангистау не хватает врачей для борьбы с... 112 Просмотров

13:49 Информацию о смерти пациента из-за отключения электричества... 109 Просмотров

13:39 110 летальных случаев рассматривает комиссия по... 109 Просмотров

13:27 Случаев заражения КВИ, возможно, больше официальных цифр -... 106 Просмотров

13:19 Данные о летальных случаях от пневмонии будут публиковать в... 105 Просмотров

13:13 Еженедельное информирование о летальных случаях от КВИ... 110 Просмотров





Опрос


«    Июль 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031