26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Дулат Ағаділдің анасы ұлының өлімін қайта тергеуді талап етті

02 июнь 2020, 10:12
Дулат Ағаділдің анасы ұлының өлімін қайта тергеуді талап етті
1 маусымда белсенді Дулат Ағаділдің анасы мен бірнеше белсенді Қазақстан президентінің әкімшілігі мен прокуратураға барып, оның өлімін қайта тергеу туралы арыз тапсырды, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Белсендінің анасы Гүлбараш Жолмұхамбетова Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкімшілік кеңсесіне әлеуметтік желіде жолдаған үндеуін және президенттің қабылдауын сұраған хатын ресми түрде тапсырғанын айтты.

- Мен президент Қасым-Жомарт Тоқаев баламның өліміне қатысты алдын ала пікір айту арқылы тергеуді басқа жаққа бұрды деп санаймын. Бұл ойымды 31 мамыр саяси құғын-сүргін құрбандары күніне ашық хат етіп әлеуметтік желіде арнайы жарияладым. Себебі ұлым Дулат Ағаділді де сол саяси қуғынның құрбаны деп есептеймін. Сондықтан президентпен жүздескім келеді, - деді Жолмұхамбетова.
Бұдан бөлек Жолмұхамбетова белсендінің өлер алдындағы сәті бейнелеген видеоны беруді және "оның өліміне кінәлі санайтын құқық қорғау органдары қызметкерлерін жауап алып, прокуратураның әрекетсіздігіне шара қолдануды сұраған" арыз өткізді.

Ол адвокаты Ғалым Нұрпейісовпен бірге Нұр-Сұлтан қалалық прокуратурасы "қылмыс құрамы жоқ" санап тоқтатқан істі қайта ашуды талап етіп, прокуратура шешіміне шағымданатынын да айтты.

Азаттық Дулат Ағаділдің туыстарының арызы туралы бас прокуратураға бірнеше мәрте хабарласқан, бірақ жауап болмады.

Ағаділ 25 ақпанда Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында белгісіз жағдайда көз жұмған еді. ІІМ оның өліміне "жүрек талмасы" себеп болды деген.

Ағаділді 24 ақпанда түнде қарапайым киімдегі бірнеше адамның үйінен күштеп әкеткен. Полиция департаменті баспасөз қызметі белсендіні тергеу изоляторына әкетуді "биыл қаңтар айында Дулат Ағаділге айып тағылып, "ешқайда кетпеу" туралы шара қолданылған, тергеуге келмегеніне байланысты сот шешімімен 24 ақпанда қамауға алынды" деп түсіндірген еді.

Кейін марқұм жерленген соң, 27 ақпанда әлеуметтік желіде Дулат Ағаділдің мәйітінің видеосы тараған. Видеоны түсірген адам оның денесінде көгерген іздер барын айтады. Сол кезде жергілікті прокуратура "видео интернетке белсендінің туыстарының рұқсатынсыз жарияланды, денедегі дақтар – биологиялық өлім белгілері" деп мәлімдеген.

28 ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белсенді Дулат Ағаділ "жүрек талмасынан қайтыс болды" деп мәлімдеген. Ресми сараптама қорытындысы шықпай тұрып айтылған бұл тұжырымды қоғам өкілдері сынға алған болатын.

Дулат Ағаділдің қазасынан кейін Қазақстанның бірнеше қаласында наразылық акциялары өтіп, қатысушылар белсендінің қазасына билікті кінәлап, әділ тергеуді талап еткен.

Белсендінің қазасына байланысты АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі, Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігі және Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы Нұр-Сұлтанды тергеуді ашық әрі әділ жүргізуге шақырған. Қазақстандық құқық қорғаушылар да Дулат Ағаділдің қазасын "саяси сипаты бар" деп санайтынын айтқан.

29 мамырда белсенді Дулат Ағаділдің адвокаты мен туыстары Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторының қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғау туралы қалалық прокуратураға жаңа шағым түсірді.

Белсендінің туыстары мен адвокаты изолятор қызметкерлері Дулат Ағаділ өзін "нашар сезінсе де оған көңіл бөлмеді" деп санайды.
Просмотров материала: 588

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 266 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 087 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 059 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 001 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 984 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 492 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 248 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 272 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 734 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 865 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 055 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 318 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 486 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 164 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 317 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 577 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 138 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 170 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 142 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 088 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 941 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 150 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 115 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 724 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 833 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 194 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 429 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 961 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 012 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 913 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 148 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 277 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930