25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Саяси қуғын-сүргін құрбандарына он жеті жыл ішінде 14 млрд теңге төленді -министрлік

Саяси қуғын-сүргін құрбандарына он жеті жыл ішінде 14 млрд теңге төленді -министрлік
2003 жылдан бастап саяси қуғын-сүргін құрбандарын біржолғы өтемақы және жәрдемақы ретінде 14,9 млрд теңге төленді. Бұл туралы ҚазАқпарат Еңбек министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Халық жауын» анықтау саясатының нәтижесінде көптеген адамдар зардап шекті. 1921-1954 жылдар аралығында Қазақстанда 100 мың адам сотталып, 25 мың адамға ату жазасы қолданылды.

Республика аумағында ГУЛАГ–АЛЖИР, Степлаг, Қарлаг құрылымдарының ең ірі лагерлері болды. Қуғын-сүргін жылдары Қазақстан лагерлеріне 5 млн-нан астам адам жіберілді.

1930-1940 жылдары Қазақстан миллиондаған кеңес азаматтары үшін жер аударатын аймақ болды. 1937 жылдың күзінде республикаға жүздеген мың корейлер, түріктер, ирандықтар, күрдтер және әзірбайжандар қоныс аударды. Сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдарында елге немістер, гректер, шешендер, ингуштер, қарашайлар, балкарлар, Қырым татарлары және басқа да халықтар жер аударды. Олардың саны 1 млн 200 мың адам деп бағалануда.

«Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, негізсіз қуғын-сүргінге ұшыраған және заңға сәйкес ақталған адамдарға көрсетілген жерлерде болуының әр айы үшін, әлеуметтік қорғау органдарына жүгінген кезде қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) төрттен үш бөлігі, бірақ 100 АЕК-тен аспайтын мөлшерде ақшалай өтемақы төленеді.

2003 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі аралықта республикалық бюджеттен 2,9 млрд теңге сомасында біржолғы ақшалай өтемақы төленді. 2020 жылға арналған республикалық бюджетте көрсетілген мақсаттарға 1 млн теңге көзделген.

Сонымен қатар, саяси қуғын-сүргін құрбандарына, сондай-ақ саяси қуғын-сүргінге ұшыраған, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын адамдарға әлеуметтік төлемдердің басқа түрлеріне қарамастан, 1,07 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – АМЖ) төленеді (2020 жылғы 1 сәуірден бастап – 2973 теңге).

2005 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде АМЖ 12 млрд теңге сомасында төленді. 2020 жылға АМЖ төлеуге 1 млрд 174,8 млн теңге жоспарланған. Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарының және саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен АМЖ алушылардың саны ағымдағы жылғы 1 мамырға 33 984 адамды құрады.

Сонымен қатар, ақталған азаматтар, сондай-ақ саяси қуғын-сүргін құрбаны деп танылған, мүгедектігі бар немесе зейнетке шыққан адамдар:

- бас бостандығынан айыру орындарында ұсталған, жазасын өтеген, басқа елді мекемендерге жіберілген, арнайы елді мекендерде еркіндігі шектеліп, мәжбүрлі еңбекпен айналысқан және мәжбүрлеп психиатриялық мекемелерде емдеуде болған уақытының үш есе мөлшерде зейнетақы алу үшін қатысу өтіліне есептелуіне;

- кезекті еңбек демалысын өздері үшін ыңғайлы уақытта алуға, сонымен қатар жылына екі аптаға дейін жалақы сақтамайтын қосымша демалыс алуға; - бірінші кезекте телефон орнатуға;

- қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерге бірінші кезекте орналастыруға, оларда толық мемлекеттік қамтамасыз етуде тұруға;

- протездік-ортопедиялық бұйымдармен жеңілдікпен қамтамасыз етілуге;

- оңалтуға байланысты мәселелер бойынша адвокаттардың тегін консультациясын алуға құқылы.

Жергілікті атқарушы органдар жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша саяси қуғын-сүргінге ұшыраған және заңнамаға сәйкес ақталған адамдарға материалдық және басқа да көмек түрлерін көрсету жөніндегі шараларды жергілікті бюджеттер есебінен қосымша белгілеуге құқылы.

Мәселен, жыл сайын Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай жергілікті атқарушы органдар саяси қуғын-сүргін құрбандары мен зардап шеккендерге біржолғы материалдық көмек береді.

2020 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 7 090 азаматқа 2 АЕК-тен 150 мың теңгеге дейін 159 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді.
Просмотров материала: 528

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 172 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 993 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 964 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 904 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 885 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 487 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 242 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 268 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 727 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 855 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 023 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 314 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 485 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 163 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 309 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 548 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 135 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 169 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 141 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 087 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 940 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 149 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 114 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 696 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 831 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 192 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 428 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 959 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 011 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 912 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 147 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 276 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930