14 июля 2020 г.

Дежурный по стране

 Ұлықбек Есдәулет: Әр қазақ – Қазақстан қазынасы!
Әр қазақ – Қазақстан қазынасы!...
Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы

Мы в соц сетях:



Абай есімін иеленген көше атына заты сай болуы тиіс – әкім

Абай есімін иеленген көше атына заты сай болуы тиіс – әкім
Облыс орталығындағы жұмыс сапары барысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бірнеше нысандарды аралап, жаңа 15-ші шағын ауданның құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жұмыс сапары Абай көшесінің бойында орналасқан үйлердің жағдайынмен танысудан басталды. Биыл мұндағы №132, 128, 123, 121, 117 үйлердің сəулеттік келбетін қайта жаңғырту жұмыстары басталмақ. Ол үшін біркелкі эксиздік жоба әзірленген.
Бұл көшенің бойында орналасқан үйлердің сәулеттік келбетіне, әрлеу мен сырлауына баса мән берген дұрыс. Өйткені, Абай есімін иеленген көше атына заты сай болуы тиіс. Сонымен бірге, бұл үйлердің шатыры қатты тозған. Қасбеттері мен шатырын ауыстыруға көмек беретін демеушілерді тарту керек. Қала басшылығы осыны назарда ұстауы тиіс, - деді өңір басшысы.

Тараз қаласында 1300-ден астам көпқабатты үй бар. Солардың 521-і жөндеуді қажет етеді. Бүгінге дейін 270-і жаңартылды. Биыл 80 үйге "Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту" бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 3,3 млрд.тг. бөлінді. Қазіргі таңда 41 үйге жөндеу жұмыстары басталып кетті. Бұл шаруамен 13 құрылыс компаниясы айналысуда. Бағдарлама шеңберінде көпқабатты үйлердің жертөлесі жөнделіп, шатыры ауыстырылады. Кіреберістері де қайта қалпына келтіріледі. Атап өтерлігі, жауапты компанияны тұрғындар өздері таңдап, жұмыс барысын бақылайды.

Бұдан кейін облыс әкімі "Астана" шағын ауданына барды. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай салынған "Сарайшық" скверінде болған Бердібек Сапарбаев нысанның қазіргі жағдайына көңілі толмады. Қалаға көрік беріп тұрған сквердің кірпіштері құлап, тас төсеніштері мүжіле бастаған. Субұрқағы да істемей тұр. Осыған байланысты, қала әкімдігіне кемшіліктерді тез арада түзеу тапсырылды. Сондай-ақ, осы шағын аудандағы үйлердің қабырғасына салынатын суреттер жобасы таныстырылды.

Абай көшесінің бойында Абай Құнанбайұлының, Әл-Фараби көшесіне Әл-Фарабидің суреттерін салу керек. Сонымен бірге, бұл өңірден шыққан қаншама белгілі тұлғалар бар. Атап айтсақ, Бауыржан Момышұлы, Шерхан Мұртаза секілді көптеген белігілі тұлғалардың, спорт саңлақтары мен Олимпиада чемпиондары суретін бейнелеуге ден қойған абзал, - деді аймақ басшысы.

Келесі кезекте Бердібек Сапарбаев ҚР Тұңғыш Президент паркінде болды. Саябақта бұлақ көздерін ашып, ондағы су тоғанын балдырдан тазартуды, ашық аспан астындағы сахна мен сол маңайдағы тұрғын үйлердің сәулеттік келбетін ретке келтіруді шегелеп тапсырды.
Бұдан әрі облыс әкімі №15 шағын ауданындағы құрылыс жұмыстарын көрді. 2017-2019 жылдары бұл аумаққа жаңа тұрғын үйлер салуға 18,7 млрд теңге жұмсалған. Ал биылғы тұрғын үй құрылысына 20,2 млрд.теңге қарастырылған.

Ондағы жұмыстар барысы туралы құрылыс басқармасының басшысы Жайықбай Шалдаров баяндады. Бұған дейін жаңа ауданда 26 үй пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 38 үйді тапсыру жоспарлануда. Жоба бойынша шағын ауданда 195 көпқабатты үй болуы тиіс. Бұдан бөлек, 4 мектеп, 5 балабақша салынбақ.

Шағын ауданда 1200 орындық мектеп құрылысын бастау қажет. Осылайша бір білім ошағын салу арқылы 2 мың оқушыны мектеппен қамтуға болады. Сөйтіп кезең-кезеңімен мектеп, балабақша, кәсіпкерлердің көмегімен сауда орталықтарын саламыз. 41 мыңнан астам адам тұруы көзделген шағын ауданның болашақ жағдайын қазірден ойлаған жөн, - деді Бердібек Сапарбаев.

Өңір басшысы "Арбат-1" жаяу жүргіншілер аллеясындғы абаттандыру жұмыстарымен де танысты. Мұнда алдағы уақытта бірнеше су бұрқақ пайда болады. Демалыс орны жасыл-желекпен көмкеріліп, жастардың серуендейтін саялы мекеніне айналмақ.

Барлық нысанда жұмыс жоспарға сай жүргізіліп, қойылған міндет сапалы әрі уақыты орындалуы тиіс, - деп түйіндеді Бердібек Сапарбаев.
Просмотров материала: 180

Поделиться материалом


12:51 Когда казахстанские дети вернутся к обучению в традиционном... 20 Просмотров

12:49 Жапония Қазақстаннан жылқы етін сатып алатын болды... 13 Просмотров

12:36 Дистанционное обучение не является равноценной... 25 Просмотров

12:32 COVID-19 екінші рет жұғуы мүмкін бе?... 32 Просмотров

12:27 Скончался заместитель министра обороны Бакыт Курманбаев... 71 Просмотров

12:19 Ауыл шаруашылығы министрлігінде Тамақ және өңдеу өнеркәсібі... 45 Просмотров

12:17 Сроки каникул не изменятся - МОН... 54 Просмотров

12:07 Оқушылар үшін 36 мыңнан астам компьютер сатып алынды -... 47 Просмотров

12:07 Студенты казахстанских вузов и колледжей будут учиться... 65 Просмотров

11:56 Первоклассники смогут посещать школу по желанию родителей... 56 Просмотров

11:50 Алматылық дәрігерлер пневмониядан өкпесінің 96%-ы... 52 Просмотров

11:43 Женщину с 96-процентным поражением легких спасли врачи в... 66 Просмотров

11:30 1 қыркүйектен бастап мектептер қашықтан оқитын болады –... 57 Просмотров

11:29 Первая четверть в школах Казахстана пройдет дистанционно... 48 Просмотров

11:22 Около миллиона казахстанцев получат деньги на продукты... 51 Просмотров

11:12 Сколько аппаратов ИВЛ потребуется на случай худшего... 56 Просмотров

11:12 Медициналық сақтандыру қорынан ақша жымқырылғаны мәлім болды... 63 Просмотров

11:01 Қазақстанда өкпені жасанды желдету аппараты өндірісі жолға... 69 Просмотров

11:01 По-новому будут оценивать работу акиматов по борьбе с... 72 Просмотров

10:49 О порядке выплаты 42 500 тенге рассказал А.Мамин... 67 Просмотров

10:48 Бізді халықтың жүріс-тұрысы алаңдатып отыр – ДДСҰ-ның... 67 Просмотров

10:39 До 2 августа продлили ограничительные меры в Казахстане... 78 Просмотров

10:31 Мемлекеттік органдардың шығындары қысқарады – министр... 70 Просмотров

10:29 Сотовые операторы разработают специальный школьный тариф... 80 Просмотров

10:20 Үкімет басшысы 42 500 теңгелік көмекті қолда бар деректер... 117 Просмотров

10:17 Более 46 тысяч специалистов задействованы в борьбе с КВИ в... 72 Просмотров

10:06 Южная Корея отнесла Казахстан к странам с высоким риском... 58 Просмотров

10:04 Бастауышта оқитын оқушылар үшін кезекші сыныптар жұмыс... 72 Просмотров

09:55 Скорее всего, это коронавирус - Глава ВОЗ в Казахстане о... 93 Просмотров

09:47 Коронавируспен 46 мыңнан астам маман күресіп жатыр - Цой... 71 Просмотров

09:42 Продлить дистанционное обучение в школах предложил Алексей... 80 Просмотров

09:30 Цой бірінші тоқсанды қашықтан оқуды ұсынды... 84 Просмотров

09:28 Мест нет - Пациент с переломом бедра оказался на улице в... 84 Просмотров

09:20 За прошедшие сутки в Казахстане выявлено 1856 заболевших... 52 Просмотров

09:20 Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 61755-ке жетті... 74 Просмотров

09:10 Дәрі бағасын dari.kz қосымшасы арқылы тексеруге болады... 72 Просмотров

09:08 О хищениях средств Фонда медстрахования заявили в... 96 Просмотров

09:02 14 шілдеге арналған ауа райы болжамы... 80 Просмотров

09:00 Прогноз погоды на 14 июля... 53 Просмотров

01:07 Гостей тоев будут штрафовать на 80 тысяч тенге... 209 Просмотров





Опрос


«    Июль 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031