9 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Бұл не деген батпан құйрық»: Құрылыс компаниялары пәтер алу талаптарын жаппай жеңілдетіп жатыр

«Бұл не деген батпан құйрық»: Құрылыс компаниялары пәтер алу талаптарын жаппай жеңілдетіп жатыр
Қазақстанда төтенше жағдай режимінен кейін ірі құрылыс компаниялары бірінен соң бірі жеңілдетілген талаптармен ипотекалық акцияларын іске қоса бастады. Бұл пандемияда салдарынан туған дағдарыстағы жылжымайтын мүлікке деген сұраныстың төмендеу белгісі ме, әлде құрылыс компанияларының кезекті «жылтырақ» жарнамасы ма? Үй арзандай ма? Azattyq Rýhy тілшісі осы және басқа да сұрақтарға жауап іздеп көрді.

Жақында «BI Group» компаниясы салып жатқан Елордадағы «Nova city», «Sezim qala» тұрғын үй кешендері үшін «Особая ипотека» деп аталатын бағдарлама жарияланды. Алғашқы жарна ретінде «Сбербанк» арқылы пәтердің толық құнының кемінде 10%-ын төлейсіз де, қалғанын 1-ден 15-жылға дейін бөліп бересіз. Пайыздық үстеме 0,1%-дан 13,99%-ға дейінгі аралықта. Бірақ жылдық «сыйақысы» аз болсын десеңіз, неғұрлым қысқа мерзімге алып, ай сайын көбірек ақша салып отыруға тура келеді.

Төмендегі кестеде 12 млн теңгелік 1 бөлмелі пәтерге орташа есеп көрсетілген:

«Бұл не деген батпан құйрық»: Құрылыс компаниялары пәтер алу талаптарын жаппай жеңілдетіп жатыр


Бірақ компания өкілдері «Бізде бұл бағдарлама карантинге дейін дайын болған және ешқандай категориядағы адамдарға арналмаған» деп сендірді.

«Особая ипотека» ешқандай әлеуметтік категорияға бағытталмаған. Компанияның кез келген тұтынушысы осы арқылы баспана ала алады. Бірақ, басқа құрылыс компанияларының клиенттері үшін бұл бағдарлама қолжетімсіз. Бұл жобаны банктермен бірге карантинге дейін дайындағанбыз, тиісті келіссөздер жыл басынан бері жүргізілді. Ипотекаға сұраныс жоғары. Әзірге осы бағдарлама бойынша 25 адамның өтініші рәсімделді. Ипотека орталығынан адамдардың 80%-ы консультацияны «Особая ипотека» бойынша сұрайды», - деді «BI Group» сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекшісі Айнұр Әшімова.



Ал 25 мамыр күні комфорт, бизнес санатындағы үйлерді салатын G-Park компаниясы «G-Park рассрочка» атты жаңа бағдарламаны жария етті. Ол бойынша алғашқы жарна ретінде пәтер бағасының 5-тен 10%-ға дейінгі құнын беріп, қалғанын 10 жылға дейін ай сайын пайызсыз төлеп құтылуға болады. Яғни, 5%-ын аударсаңыз, пәтерді 5 жылға, 6%-ын салсаңыз 6 жылға бөліп төлейсіз. Осылай 10 жылға дейін жалғаса береді. Бағдарламаға қатысу үшін табысыңызды, зейнетақы аударымдарын растаудың, кепілдікке алып жатқан пәтеріңізден басқа артық мүлік қоюдың қажеті жоқ.

Бұл жаңалықты естіген астаналықтар «G-Park» компаниясының бас ғимаратына жаппай «лап» қойды. Жаңа бағдарлама бойынша кеңес алып, толығырақ білу мақсатында кезекке тұрды. Azattyq Rýhy да бағдарлама туралы толығырақ сұрап қайтуға барған. Алайда, компания өкілдері бөліп төлеу шарттары тек 1 маусымда дайын болатынын, сол кезде ғана сұхбат бере алатынын хабарлады. Сондықтан бізге жұртпен бірге менеджерлердің кеңесін тыңдауға тура келді.



«G-Park» өкілінің айтуынша, бөліп төлеу акциясымен тек дайын болған 4 тұрғын үй кешеніндегі 4 бөлмелі пәтерлерді ғана алуға болады.

«Аталған бағдарламамен үйлерді «Бруклин», «Квинс», «Манхэттен -3», «Манхэттен-4», «Амстердам» тұрғын үй кешендерінен ғана алуға болады. «Бруклинде» 4 бөлмелі пәтерлер 110-120 шаршы метрді құрайды. «Квинсте» 110-154 шаршы метр аралығында. Тек салынып біткен үйлерге бөліп төлеу жүргізіледі. Төлқұжаттары дайын, келісімшартан соң 1-2 күнде қолыңызға кілтін береміз, жөндеу жүргізіп, тұра бересіз. Бұл – пилоттық бағдарлама. 1 маусымнан бастап құжаттар қабылдаймыз. 1 шаршы метрдің бағасы – 340 мың теңге. Алғашқы жарна – 5-10%. Сонда айына шамамен, 300 мың теңге төлеп отырасыз. Нақтысы неше жылға алғаныңызға байланысты есептеледі», - деді далаға шығып, жиналғандарға жаппай түсіндіруге мәжбүр болған менеджер.

Келген жұрт «Аталған акциямен 1 немесе 2 бөлмелі үйлерді қашан сатасыздар?» деп те сұрады. Компания өкілдері «Оны күтпей-ақ қойыңыздар» дегендей жауап қатты. Арзандау үйлерді «7-20-25» бағдарламасымен алуға кеңес берді. Қалтасы көтермейтінін ұққан қарапайым жұрттың біразы есік алдынан қайтуға мәжбүр болды.

Экономист, тұрғын үй саласы бойынша сарапшы Дәулет Мұқаев та 1-2 бөлмелі пәтерлер үшін мұндай аса қолжетімді акцияларды күтудің қажеті жоқ екенін айтады.

«Компаниялар адамдарды тарту үшін түрлі маркетингтік әрекеттерге барып жатыр. Зерттесең, қарапайым халыққа қолжетімсіз болып шығады. Карантиннен кейін қымбат жылжымайтын мүлік алатындар азайды. Бірақ Қазақстанда 1-2 бөлмелі пәтерлерге сұраныс ешқашан жоғалған емес, акция жасамасаң да өтіп кетеді. Оларға «рассрочка» берсе, құрылыс компаниялары ұтылады. Ал 4 бөлмелі үйлерді өткізу қиын. Біріншіден, ақшасы барлар алдағы уақытта не болады деп нарықты бақылап отыр. Екіншіден, кейбіреулер ақшаларын долларға айырбастап тастаған. Үшіншіден, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» ақша жинағандар екінші сатылымдағы үйлерді алады», - деді Дәулет Мұқаев бізге берген сұхбатында.

Сарапшы «BI Group» компаниясының қолға алған жаңа жобалары бойынша да пікір білдірді.

«Bi Group 0,1 пайызбен үй береміз деді. Бірақ ондай шартпен ипотека 1 жылға ғана ұсынылады. 24 млн теңгеге үй алып, 30%-ын бастапқы жарна ретінде төлесеңіз, қалған 17 млн теңгені 12 айға бөлгенде, айына 1,5 млн-нан төлеу керек болады», - деді ол бұған қатысты.

Д. Мұқаев келешекте де үй бағасы арзандай қоймайтынына сендіргісі келеді. Себебі, түрлі мемлекеттік бағдарламалар жұмыс істеп тұрғанда, орташа деңгейлі пәтерлерге деген сұраныс азаймайды.
Просмотров материала: 1 537

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 221 454 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 221 136 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 220 635 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 220 670 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 221 043 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 786 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 817 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 148 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 829 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 861 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 065 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 862 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 995 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 627 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 504 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 479 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 743 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 496 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 894 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 692 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 506 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 348 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 192 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 561 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 440 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 925 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 310 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 252 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 490 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 889 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 235 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 181 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 323 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 254 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 496 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 633 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031