25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Санжар Керімбай: «Бейсеннен осындай әлсіздік күтпедім»

26 май 2020, 16:20
Санжар Керімбай: «Бейсеннен осындай әлсіздік күтпедім»
«Отбасы хрестоматиясы» жобасының авторы Санжар Керімбай танымалдылық адам табиғатын бұзбай қоймайтынын айтады. Бейсен Құранбекті де сол танымалдылық бұзыпты дейді ол желідегі жазбасында. Санжар Керімбай марқұмның бұл «жаман» қасиетін «Салт-дәстүр сөйлейді» атты кітабын сатып алғанда байқаған.

Санжар Керімбай Бейсеннің жақтаушылары көп екеніне қарамай өзіне жақпаған мына қылығын жұрт білуі керек деген ойда. Әңгіменің басы 2015 жылы «Салт-дәстүр сөйлейді» деген кітабы жарыққа шыққан кезде басталған.

«Жалпы ТВ саласында бес жыл істеген кезде-ақ эфирдің жақсы емес екенін әбден білгем. Танымалдық адам табиғатын бұзбай қоймайды. Эфирден жылтырап көрінген жұлдыздардың шындығында пенделік кем-кетікке толы жәй ғана көп жанның бірі екенін көпшілік біле бермейді.

«Айтуға оңай» да тура сондай бағдарлама. Рейтингісі өте жоғары. Бейсен – соның жұлдызы. Сол танымалдық баланы бұзыпты. Басқа, басқа бірақ дәл Бейсеннен осындай әлсіздік күтпеген едім. Телевизияның жаман жағы сол – адамның әлсіз тұсын жасырып, тек жақсы жағын ғана көрсетеді. Адамдар содан зардап шегеді. Негізі мен оның осы «нашар» қасиетін былтыр «Салт-дәстүр сөйлейді» кітабын сатып алғанда да байқағам.

Сол кезде айыбын бетіне басып, айтып-айтып тастайын деп тұрдым да «қой, ел силаған азамат қой» деп үнсіз қалғам. Бекер сөйтіппін. Сол кезде-ақ мәселенің басын ашып алу керек еді. Әлбетте, Бейсенді баласынан артық жақсы көретін адамдар өте-мөте көп. Бірақ, жақтаушылары көп екен деп шындықты айтпай отыра беру де дұрыс емес қой, солай ма? Құдай үшін маған: «Қазақтар сендерге не болды, желіде бір біріңнің айыптарыңды ашып? Өсетін елдің балалары бірін-бірі батыр деп қолдау керек. Қазақ десең өзіңе тиеді. Осыларға не жетпейді?» деген сыңайдағы ақылдарыңызды айтпай тұрып, әуелі мән-жайды біліп алсаңыздар жақсы болушы еді.

Егер мен оның пенделігін сынамасам, оны шынымен де атпал азамат деп танитын қазақтар адасқан үстіне адасып кете береді. Платон менің досым, бірақ ақиқат одан қымбат дегендей, Ақиқат Бейсеннің беделінен жоғары тұруы керек, меніңше. Сонымен оқиға былай болды.

Бейсен маған «Сәке, Сияр мен Әлди аламын» деген. Мен келісім бойынша кездестім. Ол:

– 100 дана «Сияр», 100 дана «Әлди» аламын деді.

Мен:

– Оның бәрін не істейсің? -дедім.
– Сәке, сенің не шаруаң бар? Өзім білем ғой.
– Бейсеке, сіз бір өзіңіз 200 кітап алсаңыз басқа жұрт не оқиды?
– Сәке, мен сізге нақты есептессем болды емес пе?
– Сонда сіз басқа жұртты ойламайсыз ба? Әшейінде теледидарда елдің қамын жеп жүресіз ғой?
– Ол теледидар ғой. Бұл нақты өмір. Саудада достық жоқ деген. Мен кітап сатып алып жатқанда ескі достықты көлденең тартпаңыз!
– Мен басқа елге де кітап қалсын деп жатырмын.
– Мен сіздер сияқты көрінген адамға сата бермеймін. Мен машинама салып аламын да «әй, осы кітаптың қадіріне жететін адам-ау» деп көңілім сүйген кісіге немесе туысыма сыйға тартамын.
– Сонда не сізден басқаның танысы мен туысы жоқ па?
– Бар болса, бар шығар. Менің оларда не шаруам бар? Мен өз ағайын-туысым мен араласатын ортам туралы айтып отырмын.
– Ал, мен күллі қазақтың қамын жеп тұрмын.
– Сәке, күллі қазақтың қамын жеуді жақын ағайын-туыс пен таныс-тамырды қуантудан басталады, – деп маған мат қойды.

– Жарайды, сіздікі-ақ дұрыс делік. Бірақ, Бейсеке, айтпады демеңіз мен сіздің мына кітапқа тоймайтын «қомағайлығыңыз мен тойымсыз тәбетіңіз» туралы жақсылап тұрып пост жазам. Елдің алдында әшкере қыламын, – дедім.
– Сәке, ақ жол. Жазсаң жаза бер. Көр де тұр. Бәрібер елдің бәрі менің осы «нашар» қасиетімді қолдап, пікір жазады. Керек десең маған үн қосу үшін қос-қостан «Сияр» мен «Әлди» сатып алмаса маған кел, – деп одан сайын құтыра түспесі бар ма.
– Бопты, көреміз пост шыққан кезде, – деп кітап ақысын құнттап тұрып қалтама салып алдым да үйге қарай тайдым ғой.

Ал, Бейсеннің жақтаушылары не дейсіңдер осыған? Мен анау-мынау деп үгіттеп сіздерді өз жағыма тартпай-ақ қояйын. Бейсекеңдікі дұрыс па енді? Бүкіл кітапты жалғыз өзі артып алып Талдықорғанға әкетіп қалды. Тіпті, тегін таратам деп қояды. Телевизияның жаман жағы осы ғой. Бейсеннің осындай «нашар» қасиеті туралы мен постта ашып жазбасам ел одан бейхабар болып, «адасып» жүре берер еді» – дейді Санжар Керімбай.

Бір кездері журналист ретінде елге танылған Санжар Керімбай досының шарапатын көп көргенін айтады. Желіде естеліктерімен бөлісіп жүрген оған кітап жазатын ойыңыз бар ма дегенімізде:

«Кітап жазатындай қолымда материалдар жеткіліксіз. Бейсеннің досым ретінде шарапатын өте көп көрген соң, бір естелік жазуды өзім парызым деп санаймын. Бейсеннің бейнесі туралы көп адамдар естелік жазып жатыр. Соның бәрін жинап жүзіне немесе жылына арнау ретінде бір кітап етіп шығармақшы», – дейді ол. Дегенмен, Санжар Керімбай Бейсен досы туралы 20 беттік естеліктер жазып жатқанын айтты.

Ақпарат: Stan.kz порталына
н
Просмотров материала: 12 265

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 199 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 020 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 991 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 932 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 913 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 488 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 243 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 269 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 731 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 858 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 032 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 315 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 485 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 163 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 310 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 556 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 136 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 169 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 141 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 087 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 940 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 149 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 114 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 704 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 831 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 192 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 428 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 960 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 011 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 912 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 147 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 277 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930