5 июля 2020 г.

Мы в соц сетях:



Жәнібек Қожық: Құқын қорғай білетін сауатты ұрпақ дайындауымыз керек!

25 май 2020, 16:16
Жәнібек Қожық: Құқын қорғай білетін сауатты ұрпақ дайындауымыз керек!
ҚР Білім және ғылым министрі
А.Қ.Аймағанбетов мырзаға!

Құрметті Асхат Қанатұлы!


Қазақтың ғұлама жазушысы Мұхтар Әуезов атамыз: «Ел боламын десең бесігіңді түзе», деген екен. Білім мен ғылымның алтын бесігі мектеп екені баршаға аян. Мектептегі тәрбие мен білім қандай болса, елдің болашағы да сондай болары сөзсіз. Ендігі жерде білім мен ғылымды алға қоятын кез келді.

Білім министрлері жиі ауысқан сайын мектеп науқандық, қажетсіз «реформалардан» көз ашпады. Содан білім мен ұлттық тәрбие көп ақсады. Жаңа министр келген сайын біз де өз ұсынысымызды жасаудан жалықпай келеміз. Ондағы басты мақсатымыз: білімі мен ғылымы дамыған өркениетті ел болу. Сіздің мұғалімнің мәртебесін көтеру туралы бастамаңызды оқып қуанып отырмыз. Сізден зор үміт күткеннен кейін, ұсыныс жазғанды жөн санадым.

Менің ұсынысым: мектепте 5 пен 11-сыныптың арасында жас ерекшелігіне қарай «заң» пәнін енгізу қажет. Ол үшін барлық педагогикалық университеттерде «заң» пәнінің мұғалімі мамандығын дайындайтын арнайы бөлім ашылуы тиіс. Еліміз құқықтық зайырлы мемлекет болғанымен, халқымыздың құқықтық сауаты өте төмен. Біздің қарапайым халқымыз заң білмегеннен кейін, өз адал еңбегін талап ете алмайтын, өз құқын өзі қорғай алмайтын жағдайға жетті. Азаматтарымыз күн сайын, алаяқтардың алдауына түсіп, жем болып жүр. Елімізде сыбайлас-жемқорлықтың азаймай отыруының басты себебі де сол. Біздің заң білмегендігіміз, заң алдындағы жауапкершіліктен құтқара алмайды. Сондықтан да біздің көптеген азаматтарымыз нақақтан түрмеде отыр.

Мектепте көптеген пәндер 11 жыл бойы тереңдетіліп оқытылады. Бірақ шынайы өмірде сол оқығандарымызды пайдалана бермейміз. Мысалы, өмірде физикадан формула шеше алмағаннан немесе орыс әдебиетінен Пушкиннің өлеңін жатқа білмегенен қорлық көрген жеріміз жоқ. Біз тек қана заң білмегеннен, өз құқымызды өзіміз қорғай алмағаннан қиындық көріп келеміз. Егер де әр азамат заңды жақсы білетін болса, өз құқын өзі қорғайтын болады. Әрине, қазір 9,10-сыныптарда «құқық негіздері» пәні жүреді, бірақ оны заң маманы емес, тарихшы немесе сағаты жетпеген музыка пәнінің мұғалімі де оқыта береді. Оның өзінде «құқық негіздері» сабағы 10-сыныпта қосымша сабақ ретінде жүреді. Балаларымыздың құқық жағынан сауатсыз болуы – заңдылық.

Ал заң пәнін оқыту үшін артық сағатты қайдан алуға болады?

Қазір де мектепте «өзін-өзін тану» пәні 1-11 сыныптың арасында оқытылады. Бұл пән жылда қайталана беретін өте ұқсас тақырыптардан тұрады.

Сондықтан да, «өзін-өзі тану» пәні тек бастауыш сыныптарда жүрсе. Екінші, артық сағатты орыс тіліне берген. Себебі, орыс тілі мен әдебиеті біріктіріліп аптасына 3 сағат 11 жыл бойы оқытылады. Біз неге, өзге мемлекеттің тіліне оқытуға миллиардтаған қаржы жұмсап, басымдылық береміз?! Сол екі пәннің сағатын азайтып, «заң тану» сабағын оқытуға болады. Сонда мектепте 7 жыл «заң» пәнін оқыған бала мектеп бітірген кезде қылмыстық, әкімшілік, азаматтық, тіпті шетел заңдарын толық білетін, өзі де заңмен жүретін сауатты азамат болып шығады. Сол кезде елімізде жемқорлық та азаяды, қоғам да өркендеп дамитын болады.

Адамға өмір сүруі үшін ауа қандай қажет болса, қоғамда еркін өмір сүру үшін заңды білу сондай қажет. Біз сонда ғана зайырлы, құқықтық демократиялық мемлекетке айналамыз. Заң түзелсе, заманда түзеледі!

Жәнібек Қожық,

ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңес мүшесі.

Дереккөз: Abai.kz
Просмотров материала: 175

Поделиться материалом


13:01 Запрет на проведение семейных мероприятий объяснила главный... 420 Просмотров

12:51 Общественный транспорт не будет работать по выходным в... 457 Просмотров

12:39 Все внутренние авиарейсы сохранятся на время усиленного... 398 Просмотров

12:29 В Казахстане не зарегистрировано ни одного случая заражения... 474 Просмотров

12:21 Ограничения на въезд в Турцию прокомментировали в КГА РК... 430 Просмотров

12:12 Жители поселка живут без воды и освещения в СКО... 410 Просмотров

11:58 Детям разрешается гулять во дворе - А.Есмагамбетова... 418 Просмотров

11:46 500 млн долларов выделит Всемирный банк Казахстану... 432 Просмотров

11:35 Что мешает развитию аграрной науки в Казахстане... 388 Просмотров

11:21 Ожоги и переломы получил подросток после попытки сделать... 426 Просмотров

11:11 Столпотворение студентов сняли на видео в Петропавловске... 438 Просмотров

11:01 25 человек скончались от пневмонии в Актобе, в том числе... 399 Просмотров

10:45 Турция временно закрыта для казахстанцев... 425 Просмотров

10:33 Жесткий карантин вводят в Нур-Султане... 462 Просмотров

10:20 В Минздраве разъяснили информацию о платных бригадах скорой... 397 Просмотров

10:12 1644 случая коронавируса выявлено в Казахстане за сутки... 206 Просмотров

10:01 Прогноз погоды на 4 июля... 248 Просмотров

18:41 Партии в соцсетях: Полное доминирование партии Nur Otan... 477 Просмотров

18:03 Атаулы әлеуметтік көмек алатындар үшін жағымды жаңалық... 538 Просмотров

18:02 Применение ИВЛ российского производства приостановили в... 496 Просмотров

17:52 Хабиб Нурмагомедовтің әкесі қайтыс болғаны хабарланды... 697 Просмотров

17:52 Врач, уволенный после скандального видео с перчатками,... 586 Просмотров

17:41 Жителей пятиэтажки эвакуировали из-за пожара в ВКО... 485 Просмотров

17:31 Балаларды қабығымен қарбыз жеуге мәжбүрлеген ер адам ұсталды... 593 Просмотров

17:22 Информацию о разработке вакцины из плазмы Н.Назарбаева... 553 Просмотров

17:18 Назарбаевтың қанынан вакциана әзірленетіні туралы ақпарат... 480 Просмотров

17:10 12,2 млрд тенге выделили на борьбу с коронавирусом в Алматы... 505 Просмотров

17:00 Футболдан Қазақстан чемпионаты уақытша тоқтатылды... 505 Просмотров

16:56 Заставил есть арбузные корки: Задержан автор видео с... 511 Просмотров

16:45 АҚШ-та сайлау жақын. Трамп Байденді жеңу үшін түрлі иттікке... 473 Просмотров

16:42 В 5 раз выросло число заболеваний ОРВИ и пневмонией в Алматы... 457 Просмотров

16:30 2020 жылдағы ең ірі айыппұл Мәдениет және спорт... 463 Просмотров

16:29 Платные мобильные бригады скорой помощи будут выезжать к... 560 Просмотров

16:22 Ключи от квартир получили кокшетауцы ко Дню столицы... 333 Просмотров

16:18 Мужчина угнал автомобиль у своей сожительницы в Актау и... 385 Просмотров

16:15 Қазақстандық шенеуніктер 37 мектеп салатын ақшаны жеп қойған... 353 Просмотров

16:05 Двухлетний ребенок выпал из окна в Уральске... 412 Просмотров

15:58 Қарбызды қабығымен жегізеді. Желіде қорлық көрген... 349 Просмотров

15:55 В растрате бюджетного кредита на 26 млн тенге обвиняется... 382 Просмотров

15:40 Сарыағашта екі қарақшы кәсіпкердің 700 мың теңгесін тартып... 357 Просмотров





Опрос


«    Июль 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031