23 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Әке-шешемнен жасырдым: коронавирустен жазылып шыққан дәрігердің шындығы

25 май 2020, 10:14
Әке-шешемнен жасырдым: коронавирустен жазылып шыққан дәрігердің шындығы
Батыс Қазақстан облысындағы емханалардың бірінде инфекционист болып жұмыс жасайтын Әділбек Нұрымбет өзінің коронавируспен қалай ауырғанын Facebookтегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сәуір айының аяғына таман емханада жұмыста жүргенімде маған Оралда коронавирус көбейіп кеткенін айтып, науқастарды емдеуге шақырды. Дәрігер, оның ішінде инфекционист болған соң, тікелей борышым ғой деп дайындалып бардым. Барар алдында емханада COVID-19 бойынша тест тапсырдым. Таза болған соң жұмысқа кірісіп кеттім. Қорғаныш киімдерін киіп, сақтық шараларын сақтап жүрдік. Пациенттерді емдеп, барынша түсіндірдік. Сол сәуір айының аяғында бірнеше медициналық қызметкерлердің (дәрігерлер, медбике, санитаркалар) коронавирус жұқтырғаны анықталды,- дейді Әділбек Нұрымбет.

Дәрігерден де сынама алған. Бірақ таза болғанына қарамастан науқастармен тікелей қатынаста болдыңдар деп провизорлы стационарға жатқызып тастаған.

Содан үш күн өткенде дене қызуым 37.3°С қа жоғарылап, басым, белім, буындарым қатты ауырғаны соншалық, жаным көзіме көрінді. Түнімен құсып шықтым. Ертеңіне менен тағы коронавирусқа талдау тапсыртты. Талдау қорытындысы бойынша менде коронавирус бар екені анықталып, жұқпалы ауруханаға әкеліп жатқызды. Қызуым 37,2-37,3 градус айналасында болды. Басым, буындарым, белім ауырғаны күшеймесе басылмады. Басымды көтере алмадым. Шынымды айтсам 5 күн нәр татпадым. Тамаққа тәбетім мүлдем болмады, - дейді ол.

Әділбек Нұрымбет инфекционист болып жұмыс жасағанда қанша вирусты ауруларды емдей жүріп, арасында тұмаумен өзі де ауырғанын айтады. Бірақ дәл осындай ауруды көрген емеспін деп отыр.


Температура 38,0-38,5 градус болғанда да парацетамол ішіп, жұмысымызды жалғастырып жүре беруші едік. Ал мына ауруда 5 күн басымды көтере алмадым. Оған жөтел мен кеудедегі қатты ауырсыну қосылды. Өкпені КТ түсіргенде екі жақты пневмония анықталды. Қосымша тағы ем қосылды. 15 күн дегенде толық өзіме келдім. 24 күн жатып, екі рет анализ тапсырып, талдау қорытындысы таза болған соң бүгін ауруханадан шығып отырмын. Карантин басталғанда келіншегімді балалармен ауылға жіберген болатынмын. Келіншегімнің аяғы ауыр. Коронавирус жұқтырып алғанымды әке шешеме де, келіншегіме де айтпадым. Тек байланыста болғаным үшін карантинде жатырмын деп айтып келдім. Себебі олар не істей алады, - дейді инфекционист.

Ол коронавирус басқа жұқпалы ауруларға ұқсамайды деп отыр.

Өте ауыр өтеді, және ұзақ емделуді қажет етеді. Қандай ауру болса да 7-9 күннен аспайтын. Менің қасымда жатқандар да, бірге түскен медқызметкерлерде де менікіндей жағдай болды. Интоксикация, пневмония. Сондықтан бұл ауруға немқұрайлы қарауға болмайды. Мен жатқанда бір жігіт түсті. Коронавируспен байланыста болған. Талдау алғанда анализі таза болып шыққан. Байланыста болғаны үшін 14 күн стационарға жат дегенді тыңдамай, айқайласып үйіне кетіп қалған. 5 күннен соң бүкіл отбасымен келіп түсті. Барлығында температура, жөтел, интоксикация. Қазір барлығы жақсы. Бірақ қатты ауырған кезімді ойласам, жүрегім ауырып кетеді. Абайлайық, бауырлар, - дейді Әділбек Нұрымбет.
Просмотров материала: 512

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 919 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 741 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 713 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 651 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 632 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 473 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 229 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 256 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 707 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 838 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 928 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 307 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 480 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 389 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 161 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 305 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 464 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 133 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 459 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 167 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 139 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 085 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 937 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 146 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 112 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 614 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 829 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 981 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 188 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 426 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 921 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 957 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 009 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 910 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 145 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 274 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930