20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Елордада бірінші сынып оқушылары Egov.kz порталы арқылы қабылданады

Елордада бірінші сынып оқушылары Egov.kz порталы арқылы қабылданады
Құжат қабылдау 1 маусымнан басталады, - деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау Egov.kz электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады. Мектептен мектепке, сыныптан сыныпқа ауысудың автоматтандырылған мемлекеттік қызметі әзірленді, деп хабарлады бүгін брифингте Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова.

Ата-аналарға порталдың "Білім" бөліміне кіріп, "Орта білім", мектепке кіріп, қажетті құжаттарды қоса жолдай отырып өтініш беру жеткілікті. Құжат тапсыру үшін күтудің ең ұзақ уақыты - 15 минут. Мемлекеттік қызметті ұсыну нысаны - электронды. Ата-ананың "жеке кабинетіне" баланы қабылдау туралы хабарлама немесе себептері көрсетілген дәлелді бас тарту келеді. Ол үшін небәрі төрт-ақ құжат керек: баланың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен өтініш (еркін нысанда), баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, 026/у-3 "Баланың денсаулық паспорты" нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат, 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат, сондай-ақ 3х4 көлеміндегі екі фотосурет. Мектептің қабылдау комиссиясының ешқандай қосымша құжаттарды сұратуға құқығы жоқ екеніне тағы да назар аударғым келеді", - деді Қадырова.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау үшін порталға қосымша педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы электронды түрде (сканнұсқа, фото) заңды өкілдердің келісімімен ұсынылады.

Құжаттарды қабылдау 1 маусымнан басталады. Жаңа оқу жылына дайындық мақсатында 17 тамыздан бастап мектептерде ата-аналардың қалауы бойынша ақысыз негізде жазғы мектеп жұмысын өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар биыл арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау емтихандары 2020 жылдың 18 маусымынан бастап өткізіледі. Құжаттарды қабылдау 15 мамырдан 17 маусымға дейін электрон форматта жүзеге асырылады.

"Біз басқарманың ресми сайты мен әлеуметтік желілерде кез келген өзгерістер туралы қосымша хабарлайтын боламыз", - деді Шолпан Қадырова.

Сонымен қатар ол техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау туралы айтты. Биыл колледждерге құжат қабылдау автоматтандырылған және "электронды үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

www.egov.kz порталында талапкерлер, ата-аналар немесе заңды өкілдері білімі туралы құжаттың электронды көшірмесін және фотосуреттерін қоса бере отырып, электронды нысанда өтініш бере алады. Қажетті медициналық анықтамалар елді мекендерді қоспағанда, Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесінен алынатын болады.

Сондай-ақ құжаттарды портал арқылы тапсыру кезінде талапкердің жатақханада орын алу және тегін тамақтану мүмкіндігі бар. Себебі талапкердің ЖСН бойынша әлеуметтік мәртебесі анықталады. Қабылдау комиссиялары құжаттарды қарау қорытындысы бойынша талапкерлерге құжаттарды қабылдау, конкурс және арнайы емтихан өткізу күні туралы хабарлама жібереді.

Осы жылы аттестаттаудың жаңа форматы бойынша мектепке дейінгі, қосымша білім беру педагогтары мен техникалық және кәсіптік ұйымдардың педагогтары алғаш рет тестілеуден өтеді. Тестілеуден өту үшін педагог электронды тіркеуден өтеді және өту күні мен уақытын дербес таңдайды.

Тестілеуден сәтті өткеннен кейін қызметтің қорытындыларын кешенді талдамалы жинақтау жүргізіледі. Сарапшылар тобы е-портфолио бағдарламасы бойынша қашықтан педагогтің аттестаттау кезеңіндегі жұмысының қорытындысына баға бере алады.

"Оқу жылының басында аттестаттау комиссиясының оң қорытындысы болған жағдайда педагог еңбекақыға 30-50% үстемақы алады", - деп атап өтті Шолпан Қадырова. Тестілеуге өтініш беру шамамен 23 мамырдан басталады.
Просмотров материала: 917

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 718 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 541 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 509 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 443 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 427 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 446 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 207 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 232 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 667 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 800 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 745 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 296 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 465 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 377 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 293 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 298 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 445 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 161 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 133 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 108 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 448 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 824 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 422 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930