6 декабря 2021 г.

Мы в соц сетях:



2021 жылдан бастап 1-сынып оқушыларының құжатын қабылдау сәуір айынан басталады – Білім министрі

2021 жылдан бастап 1-сынып оқушыларының құжатын қабылдау сәуір айынан басталады – Білім министрі
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балабақша, мектеп, колледж және жоғары оқу орындарына қабылдау процесі автоматтандырылатынын айтты, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

«Білім беру ұйымдарына құжат тапсыру үшін біраз уақыт жұмсау қажет болатын. Ол үшін көптеген анықтамаларды жинап, басқа мемлекеттік органдардан құжаттарды алып, оларды апарып беру сынды бірқатар кезеңдерден өту қажет еді. Мұндай процесс өте ыңғайсыз екені түсінікті. Біз бұл жағдайды өзгертіп жатырмыз», - деп жазды министр.

Министр бұл процесс мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бойынша қалай жүзеге асатынын айтты.

«Биыл біз балаларды балабақшаларға қабылдау ережелеріне өзгерістер енгіздік. Енді ата-аналар кезекке қою қызметін тек білім беру бөлімінің кеңсесі арқылы ғана емес, сондай-ақ өз бетімен «Азаматтарға арналған үкімет» бөлімдері немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асыра алады. Бұл ретте көптеген құжаттарды жан-жақтан жинау қажет болмайды.

Алғаш рет балабақшаларға кезекте тіркелгендер арасында басымдық ең алдымен педагогтердің балаларына және мүгедек баласы бар отбасылардың бүлдіршіндеріне беріледі.

Егіз балалары, үшемдері бар отбасылар балаларын бір балабақшаға беру бойынша қиындықтарға тап болатын. Енді мұндай ата-аналардың бір баласына белгілі бір балабақшадан орын тиген жағдайда, барлық балалары да (егер тағы орын болcа) сол балабақшаға жолдама алады», - деді ол.

Министрдің айтуынша, мектепке дейінгі ұйымдардағы бос орындарды бөлу процесі жүйеге келтірілді. Егер бұған дейін арнайы санаттағы балалар қабылданғаннан кейін, үш күн өткен соң, кезекте тұрғандардың барлығына бірдей жаңа орындарды алу мүмкіндігі ашылса (мұндайда кезектің мәні жойылатын), енді орындар кезекте тұрған келесі бірінші 1 000 (бір мың) өтініш берушіге ашылатын болады.

Асхат Аймағамбетов мектепке қабылдау бойынша талаптардың қалай жеңілдетілетінін айтты.

«Келесі жылдан бастап бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау маусымнан бастап емес, одан ертерек – бірінші сәуір мен бірінші тамыз аралығына дейін жалғасады. Мұндай өзгерістер не үшін қажет? Біріншіден, бұл – ата-аналар үшін ыңғайлы. Олар мектепті алдын-ала анықтап, оқуға түсу үшін қажетті құжаттарын мектеп ұжымы немесе өздері еңбек демалысында болған уақытта емес, одан ертерек тапсыра алады», - деді ол.

Сонымен қатар, жаз бойы ата-аналар қажетті оқу құралдарын жинақтап, тиісті жұмыстарды жүргізіп, балаларын мектепке дайындауы керек. Ата-аналар тиісті құжаттарды жинауға, мектепті анықтауға үлгермейтіндерін айтып шағымданатын, сондықтан құжаттарды өткізу процесі көбінесе 31 тамызға дейін, кей жерлерде тіпті қыркүйектің ортасына дейін созылатын.

«Мектеп әкімшілігінің көзқарасы бойынша, бұл өзгерістер процестерді оңайлатады және мектеп қызметін жоспарлауды әлдеқайда ыңғайлы етеді. Яғни, мектеп басшылығы сыныптарды алдын-ала толтыра алады, оқулықтардың қажетті санымен алдын ала қамтамасыз етіледі және оларды уақытында жеткізеді, сағаттарды бөледі, сыныптардың санына байланысты педагогтерді қабылдай алады. Жалпы, оқу жылының басталуына тиімді дайындалуға мүмкіндік туады.

Енді ата-аналар балаларының мектепке баруын алдын ала жоспарлап, нақты білім беру ұйымын анықтауы қажет және керек құжаттарды уақытында тапсыруды, жіберуді үйренуі маңызды», - деді министр.

Министр енді осы үдерістердің барлығы толығымен автоматтандырылады және «Электрондық үкімет» арқылы қолжетімді болатынын еске салды. Бұдан былай үйде отырып, уақыт пен басқа да ресурстарды шығындамай-ақ портал арқылы 1-сыныпқа қабылдау туралы өтініш беруге болады.

Оқушыларды бір мектептен екіншісіне ауыстыру да жаңа форматта жүргізіледі, ол процесс те автоматтандырылады.

«Ата-аналарға бір мектептен екінші мектепке барудың қажеті болмайды және қағаз түрінде құжаттарды тапсырудың, ескі мектептен кету түбіртегін, одан кейін келу түбіртегін ресімдеудің қажеті жоқ. Мұндай ескірген, уақыт және қаржы шығынын талап ететін рәсімдеу процесімен көбісі «кезікті» деп ойлаймын. Бұл өзгерістер ата-аналар мен мектеп үшін уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Біз бұл жұмысты жақын арада аяқтаймыз», - деп түсіндірді.

Айта кетерлігі, биылдан бастап колледждер мен жоғары оқу орындарына қабылдау автоматтандырылған режимде қолжетімді.

«Өткен жылы мен ата-аналарға аталған жұмыс 2020 жылы аяқталады деп уәде бергенмін. Енді балаларға құжаттарды қағаз түрінде тапсырудың қажеті жоқ, әрбір болашақ студент өзі үшін таңдаған колледждің және ЖОО-ның сайттары немесе «Электрондық үкімет» порталы арқылы құжаттарын тапсыра алады. Құжат тігетін папкаларды, конверттерді сатып алу, қағаз анықтамаларды тапсыру, таң атпастан жоғары оқу орындары мен колледждердің қабылдау комиссияларында кезекте тұру немесе басқа елді мекенге барудың қажеті жоқ. Мұның бәрі енді оңай және ыңғайлы болады, сайтқа кіріп, бір тетікті басу арқылы барлық құжаттарды жіберуге болады», - деп түйіндеді.

Просмотров материала: 710

Поделиться материалом


12:57 Подростка сбили насмерть на пешеходном переходе в Актобе... 773 Просмотров

12:40 Начато расследование в отношении птицефабрик Карагандинской... 763 Просмотров

12:28 Как изменился курс доллара... 736 Просмотров

12:16 Молодой человек пропал после допроса в Атырау... 781 Просмотров

12:00 Сотрудницы "Казпочты" присвоили миллионы тенге,... 729 Просмотров

11:38 В Атырау браконьеры убили краснокнижных сайгаков на 1,6... 730 Просмотров

11:22 Сирот вычеркивали из списков очередников на жилье в... 727 Просмотров

11:12 «Қазір бағаны бірқалыпты ұстап тұру мүмкін емес»: Министр... 840 Просмотров

11:08 Шымкентте балалары кредит алдырып, үйден қуып шыққан әжей... 9 580 Просмотров

11:05 УЕФА "Астанаға" 150 мың евро айыппұл салып, еурокубоктан... 732 Просмотров

11:00 Убийство Аяжан Едиловой: подозреваемый не признает своей... 734 Просмотров

10:52 Атырауда жауап алуға шақырылған жігіт полиция ғимаратынан... 1 046 Просмотров

10:48 Аяжан Еділованың өлімі: күдікті зорлық жасамағанын мәлімдеді... 1 682 Просмотров

10:45 20 человек умерли от коронавируса в Казахстане за сутки... 681 Просмотров

10:30 Первый артхаусный фильм IVI Originals «Белый кит» попал в... 684 Просмотров

10:25 Қазақстанда COVID-19-ды жұқтырушылар саны 974 мыңнан асты... 424 Просмотров

10:22 686 новых случаев заболевания коронавирусом выявлено в... 414 Просмотров

19:05 Глава государства Касым-Жомарт Токаев принял председателя... 650 Просмотров

18:51 Более 3 миллионов тенге перевели казахстанцы мошеннику из... 647 Просмотров

18:38 55-летнюю женщину держали в рабстве в Костанайской области... 693 Просмотров

18:26 При подаче заявления до конца года действует текущий порог... 670 Просмотров

18:15 Кей қазақстандықтар зейнетақы жинағын биыл пайдалана алмады... 633 Просмотров

18:10 Штормовое предупреждение объявлено в шести областях... 618 Просмотров

17:56 Четыре человека пострадали в массовом ДТП в Актюбинской... 641 Просмотров

17:51 Шавкат Мирзиёев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді... 744 Просмотров

17:38 Нұр-Сұлтанда Жаңа жыл шыршасы қашан жағылатыны белгілі болды... 644 Просмотров

17:35 БҚО-да кәсіпорын басшысы 150 млн теңгенің салығынан жалтарды... 641 Просмотров

17:32 Пойыз купесінде дәрет сындырған еркек 3 тәулікке қамалды... 629 Просмотров

17:22 Инициатива по раздаче пенсионных средств изначально... 608 Просмотров

17:00 "Требуется еще 1 млрд долларов": LRT планируют достроить в... 584 Просмотров

16:57 Мектеп директорларын ауыстыру қашан басталады?... 863 Просмотров

16:55 Алматыда тағы бір адам 12 қабаттан секіріп кетті... 642 Просмотров

16:46 Скандал с попыткой суицида: уволенного прокурора... 507 Просмотров

16:43 Ақтауда көлік қызды қағып кетті – оқиғаның видеосы... 557 Просмотров

16:38 2022 жылы қанша адам зейнетақы жинағын пайдалана алады?... 567 Просмотров

16:31 Сколько человек смогут снять пенсионные в 2022 году,... 504 Просмотров

16:30 Үкімет зейнетақы қорына қатысты шешімді халықпен ақылдаспай... 546 Просмотров

16:24 А.Күрішбаев: жоғары оқу орындарында кадрларды дайындау... 504 Просмотров

16:22 Қызылорда облысында екпеге қарсы әйел дәрігерлерге жұмыртқа... 566 Просмотров

16:19 Алматылық аферист әйелді алдап, 11 млн теңгесін алды... 524 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031