28 февраля 2021 г.

Мы в соц сетях:



Мәжілісте ойын бизнесі мәселелеріне арналған заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

Мәжілісте ойын бизнесі мәселелеріне арналған заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заң жобасы Қазақстан Республикасының ойын бизнесі саласындағы қолданыстағы заңнамасының нормаларындағы олқылықтарды жою, сондай-ақ заңнамалық шектеулерді айналып өтуге мүмкіндік беретін ережелерді алып тастау жолымен жетілдіру мақсатында әзірленді. Құжат букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың қызметін реттеу мен бақылауды жетілдіруге, құмар ойындар мен бәс тігуге тартылатын және тәуелді азаматтардың санын қысқартуға бағытталған.

«Заң жобасының жұмысына мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері және министрлікте құрылған жұмыс тобы аясындағы қоғамдық ұйымдардан сарапшылар қатысты. «Ойын бизнесі туралы» заңда: құмар ойындар мен бәс тігуге қатысудан өзін-өзі шектеу тетігі енгізіледі.

Уәкілетті мемлекеттік органдарды букмекерлік кеңселер мен ойыншылардың арасындағы ақша операциялары туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ бәс тігуге қатысудан шектеу тетігін іске асыру үшін ставкаларды есепке алу орталығын құру көзделеді», - деді Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.

Бұл ретте ставкаларды есепке алу орталығында букмекерлік кеңсеге қолма-қол немесе электрондық төлем жүйелері арқылы түсетін барлық төлемдер ескерілуі тиіс.

Букмекерлік кеңселер мен тотализаторларға түсетін барлық төлемдердің бірыңғай есебі көлеңкелі айналымды болдырмауға, салықтардың жиналуын арттыруға, бақылауды жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, Қазақстанда букмекерлік кеңселер тек спорттық оқиғаларға ставкалар қабылдауға міндеттеледі.

«Оқиғаның нәтижесіндегі ашықтықты және ойыншылардың құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында букмекерлік кеңселерге тек спорттық оқиғаларға ставкалар қабылдау міндетін белгілеу ұсынылады», - деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, Парламент Мәжілісінде заң жобасы жұмыс тобының 12 отырысында талқыланды, онда депутаттар 150-ден астам түзетулер енгізіп, оның мазмұнын жақсартты.

«Заң жобасын қабылдау заңнамадағы олқылықтарды жоюға, құмар ойындар мен бәс тігуге қатысушылардың құқықтарының кепілдігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ бюджетке түсетін түсімдерді арттыруға мүмкіндік береді», - деп нақтылады министр.
Просмотров материала: 364

Поделиться материалом


21:13 Жекеменшік үйде бес адам өлі табылды. Төртеуі бала... 1 660 Просмотров

13:01 Рабочего прижало вагоном в Павлодаре... 372 Просмотров

12:56 СҚО-да жасөспірім 10 жасар баланы зорлады деген күдікке... 482 Просмотров

12:50 Коронавирус: Атырауская область вернулась в «желтую» зону... 338 Просмотров

12:40 Ақмола облысында мектеп асханаларының жұмысына рұқсат... 414 Просмотров

12:34 Фейковое постановление Генпрокуратуры распространяют... 365 Просмотров

12:21 Қазақстанда отбасыларды әлеуметтік қолдау: 2021 жылға... 415 Просмотров

12:20 Женщина вовлекала несовершеннолетних в занятие проституцией... 328 Просмотров

12:12 "583 400 теңгеге дейін айыппұл". Бас прокуратура... 424 Просмотров

12:10 У прилетевшего из Египта казахстанца выявили коронавирус... 308 Просмотров

11:57 Работник шиномонтажки угнал автомобиль клиентки в... 296 Просмотров

11:50 Ақмолалық полицейлер 6 жасар қыздың қырғалығына тәнті болды... 366 Просмотров

11:38 В Акмолинской области ослабили карантин... 293 Просмотров

11:30 Коронавирус: Атырау облысы қайта «сары» аймаққа өтті... 394 Просмотров

11:16 Премьера на IVI: блокбастер «Огонь»... 332 Просмотров

11:05 «Если партнер хорош, то все будет офигенно» - Ирина... 282 Просмотров

11:03 Жамбыл облысында қызметтік ит 38 жастағы әйелдің сарайынан... 220 Просмотров

10:58 10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары –... 183 Просмотров

10:54 60-летний мужчина насмерть замерз в степи в Карагандинской... 182 Просмотров

10:44 ДТП со смертельным исходом произошло возле торгового центра... 246 Просмотров

10:41 Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды... 182 Просмотров

10:34 "Қыстауға оралмады" Қарағанды облысында ер адам үсіп өлді... 334 Просмотров

10:33 10 человек умерли от коронавируса за сутки в Казахстане... 157 Просмотров

10:25 Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай кімдерге... 216 Просмотров

10:12 До 212 018 выросло число заболевших коронавирусом в... 167 Просмотров

10:11 10 адам коронавирустан көз жұмды... 186 Просмотров

18:10 Бекшин алматылықтарға үндеу тастады: Жағдай мәз емес...... 442 Просмотров

17:55 Баспана бағасы қай кезде түсетіні айтылды... 454 Просмотров

17:55 Таможенника оштрафовали за взятки на посту "Нур жолы"... 396 Просмотров

17:45 Будут ли алименты облагаться налогами в Казахстане... 404 Просмотров

17:44 БҚО-да полиция қызметкерлері келіншекті автокөлікте... 422 Просмотров

17:35 Задержан вице-министр культуры и спорта РК... 383 Просмотров

17:30 Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды... 432 Просмотров

17:20 Лжесотрудники Антикора требовали миллионные взятки у... 395 Просмотров

17:15 Мемлекеттік бағдарламамен салынатын үйдің бағасы... 442 Просмотров

17:05 Жеті шенеунік қол астындағылардың қылмысы үшін қызметінен... 408 Просмотров

17:03 Сколько чиновников освободили от должностей за коррупцию... 335 Просмотров

16:52 ДТП на трассе Уральск-Атырау: о состоянии пострадавших... 344 Просмотров

16:50 СҚО-да мектептер 1 наурыздан бастап аралас сабақ беру... 406 Просмотров

16:40 22 грузовые цистерны сошли с рельсов в Актюбинской области... 367 Просмотров





Опрос


«    Февраль 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728